10. Еритін фосфаттардың гидролизі.
Үш сынауыққа 5 тамшыдан сәйкесінше NaH2PO4, Na2HPO4 және Na3PO4 концентрлі ертінділерін құйыңдар да, әрқайсысына 5 тамшы дистилденген су қосып лакмус қағазымен тексеріңдер. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Осыған ұқсас тәжірибені мета- және дифосфор қышқылдарының суда еритін тұздарымен қайталаңдар.
15. КҮШӘН, СҮРМЕ, ВИСМУТ
№ 56 жұмыс. Күшән топшасы элементтерін алу және
олардың қасиеттері
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: Вюрц құтысы, Кипп қондырғысы, сынауықтар, висмут нитратының қышқылданған ертіндісі, сүзгіге арналған қондырғы, тұз, күкірт және азот қышқылдары.
|
1. Висмут алу. Висмут нитратының қышқылданған (неліктен қышқылданған?) ерітіндісін мырышпен тотықсыздандыру арқылы висмут алыңдар да, оны сүзіп, сумен шайыңдар. Одан соң үш бөлікке бөліп, қышқылдарға (тұз, күкірт, азот) қатынасын зерттеңдер. Кернеу қатарында висмут қандай орын алады?
Жүретін реакциялардың теңдеулерін жазыңдар. Күшән мен сүрмені қалай алуға болады? Олар қандай қышқылдарда және қандай жағдайларда ериді?
Реакция теңдеулерін жазыңдар. Кернеу қатарында олар қандай орын алады?
Достарыңызбен бөлісу: |