2. Мыстың алынуы. Мыс (ІІ) оксиді мен көмірдің бірдей мөлшерін (барлығы 2 г-ға жуық болуы керек) жақсылап араластырып, құрғақ сынауыққа салыңдар да 15 минуттай қызарғанша қатты қыздырыңдар. Сынауықты суытып, оның ішіндегісін қағазға төгіп, алынған ұнтақтың түсі бойынша мыстың түзілгеніне көз жеткізіңдер.
Реакция теңдеуін жазыңдар, оның жүру мүмкіндігін есептеу арқылы дәлелдеңдер.
3. Металдардың электр тогымен тотықсыздануы (электролиз). U-тәрізді түтікті 10% ZnSO4 ерітіндісімен толтырып, оған көмір электродтарын салып, тізбектегі кернеуі 10-12 В болатын тұрақты электр тогінің көзімен қосыңдар. Мырыштың жылтыр кристалдарының түзілуі байқалғаннан кейін электролизді тоқтатыңдар. Анодта және катодта болатын реакция теңдеулерін жазыңдар. Мырыш кристалдарын қышқылда ерітіңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
№68 жұмыс. Металдардың химиялық қасиеттері
Достарыңызбен бөлісу: |