20. ҚАЛАЙЫ. ҚОРҒАСЫН
№ 70 жұмыс. ҚАЛАЙЫ
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер:. қалайы, тұз қышқылы (d=1,19 г/см3), күкірт қышқылы (d=1,84 г/см3), азот қышқылы (d=1,4 г/см3), 0,1 М темір (ІІІ) хлориді, калий гексацианоферраты (ІІІ), қалайы (ІІ) хлориді ерітінділері, 2 М натрий гидроксиді, 0,5 н висмут нитраты, 0,5 н қалайы (ІІ) хлориді.
|
1. Қалайының қышқылдармен әрекеттесуі.
Үш сынауыққа қалайы түйірін салып, біріншісіне 2-4 тамшы концентрлі тұз қышқылын (d=1,19 г/см3), екіншісіне сондай мөлшерде күкірт қышқылын (d=1,84 г/см3), үшіншісіне азот қышқылын (d=1,4 г/см3) қосыңдар. Осы қышқылдармен қалайы суық кезде қалай әрекеттеседі? Әр сынауықты қыздырып, қыздырған кезде осы қышқылдармен қалайының қалай әрекеттесетінін түсіндіріңдер.
- концентрлі тұз қышқылымен қалайы әрекеттескенде екі валентті қалайы қосылысы алынатынын;
- концентрлі күкірт қышқылымен қалайы әрекеттескенде төрт валенттіге дейін тотығатынын;
- концентрлі азот қышқылымен күрделі құрамды xSnO2LyH2O (-қалайы қышқылы түзілетінін ескере отырып, тотығу-тотықсыздану реакцияларын жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |