Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009


Қорғасын (ІІ) және (ІV) оттекті қосылыстарын алу, олардың қасиеттері



бет190/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

2. Қорғасын (ІІ) және (ІV) оттекті қосылыстарын алу, олардың қасиеттері.
1.Қорғасын (ІІ) нитраты ерітіндісіне ақ тұнба түскенше натрий хлориді ерітіндісін құйыңдар. Алынған тұнбаны екі сынауыққа бөліңдер. Бір бөлігіне 2 М азот қышқылын құйып, екіншісіне 2 М сілті ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Қорғасын гидроксиді диссоциациясының сызбанұсқасын, қорғасын гидроксидінің қышқылда және сілтіде еру реакция теңдеулерін жазыңдар. Қорғасын гидроксидін еріту үшін неліктен тұз немесе күкірт қышқылын қолдануға болмайды?
2.Үш сынауық алып, олардың әрқайсысына қорғасын (ІІ) оксидін, қорғасын (ІV) оксидін, үшіншісіне жоса салыңдар да, әр сынауыққа 3-5 мл концентрлі тұз қышқылын құйыңдар. Сынауықты араластырып, қыздырыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Осы реакцияда қорғасын (ІІ) оксиді және жоса қандай қасиеттер көрсетеді?
3.PbO2 аздаған мөлшерін кәрлен табақшаға құйыңдар да, оған калий гидроксидін қосып қыздырыңдар. Қорғасын (ІV) оксидінің біртіндеп еруін бақылаңдар.
4. Қорғасын ацетатына калий йодидінің ерітіндісін құйып, қандай өзгеріс болатынын байқаңдар.
Тұнбаның жартысын стақанға құйып, оған 10-15 мл сірке қышқылды ортада су құйып қыздырыңдар. Алынған ерітіндінің түсі қандай? Байқалған құбылысты түсіндіріңдер.
5. Қорғасын ацетатының сулы ерітіндісіне аммоний сульфидін қосып, қорғасын сульфидін алыңдар. Тұнбаны бөліп алып оған 2 М азот қышқылын қосыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет