Денсаулыққа қауіпті! Қорғасын қосылыстары-улы!
Қорғасынның барлық қосылыстары улы. Сондықтан тәжірибе жасағанда абайлаңдар және жұмыс жасап болған соң қолдарыңды сабынмен жуыңдар.
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер:. сынауықтар, қорғасын, қорғасын (ІІ) нитраты, қорғасын (ІV) оксиді, жоса, сірке қышқылы, 2 М тұз, күкірт, азот қышқылдары, натрий гидроксиді (40%), 0,1 М калий йодиді, 0,5 М қорғасын ацетаты, натрий сульфиді.
|
1. Қорғасынның қышқылдарға әсері.
Үш сынауыққа қорғасын түйірін салып, әрқайсысына 5-8 тамшы 2 М тұз, күкірт, азот қышқылдарын құйыңдар да, сынауықтарды спирт шамымен қыздырыңдар. Барлық сынауықта реакция жүре ме? Қандай газ бөлінеді? Ерітінділерді суытқаннан кейін әр сынауыққа 2-3 тамшы калий йодидін құйыңдар. Осы тәжірибенің негізінде қорғасын қандай қышқылда ерімейтіндігі туралы қорытынды жасаңдар. Реакция теңдеуін жазып, қорғасынның қышқылдарға әртүрлі әсерін түсіндіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |