2. Алюминий тұздарының гидролизі. 3-5 мл алюминий хлориді ерітіндісін индикатормен (лакмус, метилоранж) тексеріңдер. Осы тұздың гидролизінің теңдеуін жазып, алюминий гидроксидінің күші туралы қорытынды жасаңдар. Ерітіндінің бір бөлігін кәрлен табақшада құрғағанша буландырыңдар. Тұнбаны ерітіп, неліктен барлық тұнбаның толық ерімегендігін түсіндіріңдер.
№ 77 жұмыс. Алюминий қосылыстарының қасиеттері. Алюминий гидроксидін алу
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: алюмин-калийлі ашудастар, күкірт, сүзгі, метилен көгі немесе ализарин, тұрғы, қақпақты отбақыраш, алюминий үгінділері, 10% аммиак ерітіндісі, 2 М тұз қышқылы, күйдіргіш натр, аммоний гидроксиді, алюминий сульфаты, аммоний сульфиді ерітінділері.
|
0,5 г алюмин-калийлі ашудасты өлшеп алып, 10 мл суық суда ерітіңдер. Алынған ерітіндіні 60-800С температураға дейін қыздырып, артық мөлшерде алынған 10% аммиак ерітіндісіне құйыңдар. Не байқалады? Түзілген тұнбаның құрамы қандай? Декантация әдісі бойынша, тұнбаны ыстық сумен бірнеше рет жуып, сүзіңдер. Алюминий гидроксидінің тұнбасына тұз қышқылының, күйдіргіш натрдың, аммоний гидроксидінің артық мөлшерімен әсер етіңдер. Реакция теңдеулерін жазып, электролиттік диссоциация теориясы тұрғысынан түсініктеме беріңдер.
Тұнбасы бар сүзгі арқылы метилен көгі немесе боялған ализарин ерітіндісін жіберіңдер. Не байқалады? Адсорбция дегеніміз не? Басқа қандай адсорбенттерді білесіңдер?
2 мл алюминий сульфаты ерітіндісіне 3 мл күкіртті аммоний ерітіндісін қосыңдар. Тұнбаны сүзіп, сумен жуыңдар да, тұнбаның құрамын анықтаңдар. Тұнбаның аммоний сульфаты емес екендігін қалай дәлелдеуге болады? Ерітіндіде алюминий сульфаты түзілуі мүмкін бе?
№ 78 жұмыс. Күкіртті алюлминий алу және оның қасиеттері
Достарыңызбен бөлісу: |