2. Магнийдің сұйытылған қышқылдармен әрекеттесуі. Үш құрғақ сынауыққа магний ұнтағын (микроқалақшаның ұшымен) салыңдар да, әрқайсысына 3-5 тамшыдан тұз, күкірт, азот қышқылдарын қосыңдар. Қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Металдардың кернеу қатарында магний қандай орын алады?
3. Магнийдің көміртек диоксидімен әрекеттесуі. Магний жолағын (3-5 см) зімпара қағазымен тазалаңдар да, қысқыштен ұстай отырып спирт шамымен немесе жанарғы жалында жағыңдар. Оны алдын-ала Кипп аппаратынан алынған көміртек диоксидімен толтырылған көлемі 50 мл химиялық стаканға салыңдар. Магнийдің көміртек диоксидінде жанғанын байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |