(топ болып жасалатын тәжірибе)
Абайлаңдар! Қауіпті!
Жұмысты жартылай жабылған тартқыш шкафта жүргізу қажет. Сынаппен жүргізілетін барлық тәжірибелерді қабырғалары биік астаушада жасау керек.
Қажетті құралдар мен реактивтер: сынап, натрий металының кішкене кесегі, сүзгі қағазы, пышақ немесе басқа бір өткір зат, 100 мл стакан, дистилденген су, 2 М натрий хлоридінің ерітіндісі.
|
Құрғақ кәрлен келіге аздап сынап салыңдар да, қысқышпен (оқытушының қатысында) керосиннен натрий металының кесегін алып, оны сүзгіш қағазға орап, керосиннен құрғатыңдар. Пышақтың өткір ұшымен натрий сыртындағы оксид қабықшасынан тазартып, кішкене кесегін кесіп алыңдар да, құрғақ сынаппен бірге келіде ысқылап араластырыңдар. Сынап көптеген металдарды өз ішінде еріте алады, ол ерітіндіні амальгама дейді. Осы тәжірибеде алынған амальгама қоймалжың болғанша ақырын келсаппен ысқылаңдар. Болып жатқан өзгерістерді бақылаңдар. Амальгама қоюланғанша натрий кесектерін салып, көбірек үгітіңдер. Амальгаманың азғана мөлшерін стакандағы суға салып көріңдер де, байқалған өзгерістерді түсіндіріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Алынған амальгаманың бір бөлігін кең сынауыққа ауыстырып, үстіне 5 мл аммоний хлоридінің қаныққан ерітіндісін қосыңдар. Бақылаған құбылысты сипаттаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Алынған натрий амальгамасын келесі тәжірибелерді жасауға қолданыңдар.
№ 87 жұмыс. Сілтілік металдар оксидтері, гидроксидтері
Абайлаңдар! Денсаулыққа зиянды!
Тәжірибені тартқыш шкафта жүргізу қажет!
Достарыңызбен бөлісу: |