2. Кальций, стронций және барий сульфаттарының ерігіштіктерін салыстыру. Үш сынауыққа СаСІ2, SrCІ2және BaCІ2 тұздарының эквимолярлы сұйытылған ертінділерінен 1-2 мл құйыңдар да, олардың әрқайсысына аздаған CaSO4 қаныққан ерітіндісін қосыңдар. SrCІ2 және ВаСІ2 ерітінділері бар сынауықтарда тұнба түзілудің жылдамдықтарына көңіл бөліңдер. Тәжірибені CaSO4қаныққан ертіндісін SrSO4 қаныққан ертіндісіне алмастырып қайталаңдар. Қай жағдайда тұнба түзіледі? CaSO4, SrSO4, ВaSO4 ерігіштіктерінің айырмашылығы жайында қорытынды жасаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
3.Гипстің ”бірігуі”.”Гипстің бірігуі” қасиетін зерттеу үшін 10 г CaSO4L2Н2О кәрлен табақшаға салып, оны 150-1600С құмды жылытқышта “қақталған гипс” түзілгенше 10 минут қыздырыңдар. Көшірме алу үшін түбіне тиын салынған және вазилин жағылған арнайы форманы дайындаңдар. “Қақталған гипсті” суығанан кейін қоюланғанша түзілгенше су қосып араластырып, дайындалған форманы толтырыңдар. 10-15 минуттан кейін қатқан көшірмені формадан шығарып алып, байқалған процестерді түсіндіріңдер. Егер кальций сульфатының кристаллогидратын температураны баяу арттыра отырып қыздырса, қандай өнімдер түзеледі? Реакция теңдеулерін жазыңдар.