Қажетті құралдар және реактивтер: натрий вольфраматының қаныққан ерітіндісі, концентрлі тұз қышқылы, 5% натрий вольфраматы, кептіргіш шкаф, муфель пеші, 10% қышқыл және натрий гидроксиді, 5% аммоний вольфраматы.
|
1. Вольфрам (VІ) оксидінің алынуы және олардың қасиеттері. Қаныққан жылы натрий вольфраматының ерітіндісін тамшылатып қайнап тұрған концентрлі тұз қышқылының екі еселенген немесе үш еселенген көлеміне қосыңдар. Содан кейін қоспаны 1 сағатқа қайнап тұрған су жылытқысына қойыңдар. Сұйықты құйып алып, тұнбаны 5% Nа2WО4 ерітіндісімен декантация әдісімен шайыңдар. Тұнбаны 1200С кептіріп, 6000С қыздырыңдар. Вольфрам (VІ) оксидінің алыну реакциясының теңдеуін жазыңдар. Алынған тұнбаның суға және 10% қышқыл мен натрий гидроксиді ерітіндісіне әсерін анықтаңдар. Вольфрам (VІ) оксидінің сілтілерде еру реакциясының теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |