Қажетті құралдар мен реактивтер: 0,5 М никель (ІІ), темір (ІІ) және (ІІІ), кобальт (ІІ) тұздарының ерітінділері, 40% және 2 М натрий гидроксиді, сұйытылған және концентрлі тұз қышқылының ерітінділері, бром суы.
|
1. Элементтердің (ІІ) гидроксидтері. Жаңадан дайындалған темір (ІІ) сульфаты, кобальт (ІІ), никель (ІІ) тұздарының ерітінділері құйылған сынауықтарға сілті ерітінділерін құя отырып, темір, кобальт және никель гидроксидтерінің тұнбаларын алыңдар.
Тұнбалардың түстері қандай? Ауада қалай өзгереді? Ауадағы оттекпен темір (ІІ), кобальт (ІІ) және никель (ІІ) гидроксидтерінің әртүрлі қатынастарын қалай түсіндіруге болады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Элементтердің (ІІ) гидроксидтерінің сұйытылған тұз қышқылына және сілті ерітіндісінің артық мөлшеріне қатынасын анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Темір (ІІ), кобальт (ІІ) және никель (ІІ) гидроксидтерінің қасиеттері қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |