2. Темір (ІІІ) тұздарының қасиеттері. Әмбебап индикатор көмегімен темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісінің рН-ын анықтаңдар. Осы тұздың гидролизінің реакциясын жазыңдар. Темір (ІІ) сульфаты немесе темір (ІІІ) сульфаты тұздарының қайсысы ерітінділерде жақсы гидролизденеді?
Темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне натрий карбонаты ерітіндісін қосыңдар. Түзілген тұнбаның құрамы қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісіне аммоний сульфидінің ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Темір (ІІІ) хлориді ерітіндісіне калий гексацианоферрат (ІІ) ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Бұл реакциялар не үшін қолданылады?
Темір (ІІІ) хлориді натрий сульфиді және калий иодидімен қалай әрекеттеседі? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Натрий ферратын қалай алуға болады?