Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009



бет39/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

Технохимиялық таразы - 0,01 г дейінгі салмақтағы заттың массасын анықтайды. Оларды көбіне анализге қолданады. Бұл таразыларда 0,0001-0,0002 г-ға дейінгі қателікпен өлшеуге болады. (Студенттер аналитикалық таразымен жұмыс істеумен аналитикалық химия курсында танысады). Әр таразының типіне тән гірлері болады. Технохимиялық немесе аналитикалық таразылар бір және екі тостағанды болады.
Технохимиялық екі тостағанды таразынының тағанын үстел бетіне көлденең орналастыру керек. Керек жағдайда таразының бұрандасын бұрау арқылы тостағаншасын тепе-теңдік күйге келтіруге болады.
Технохимиялық таразының жұмыс істемей тұрған жағдайында оның тостағандарын ұстап тұратын арретир деген құрылғысы бар, оны бұрағанда таразының призмасының жүктемесі босайды. Таразыны жұмыс істейтін күйге келтіру үшін арретирін түсіру қажет. Бұл үшін айналдырғанда арретир төмен түсіп таразының тостағандары күйентенің призмасына тірелетін үзеңгіге ілінетін маховик болады.
Өлшеуге кірісер алдында таразының дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу керек. Ол үшін арретирді төмен түсіріп, таразы тілінің оң және сол жаққа қарай тербеліп, істеп тұрғанын байқау керек. Таразы дұрыс істеп тұрған уақытта оның тілі оң және сол жаққа шкаланың ортаңғы бөлігінен бірдей қашықтықта тербеліп тұрады. Бұл таразы тостағанының тепе-теңдік күйде екенін көрсетеді. Егер бір жаққа қарай ауытқу көбірек болса, онда таразыны тепе-теңдік күйге келтіру керек. Тепе-теңдік жағдайға келген соң өлшеуге кірісуге болады. Өлшейтін затты сол жақ тостағанға, ал оң жағына шымшуырмен гірлерді ретімен ең үлкендерінен бастап қоямыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет