Гірлерді тек арретирленген таразыға қою немесе алу керек.Гірді қойып, арретирін босатып, таразының тіліне қарайды. Егер тепе-теңдік жоқ болса келесі гірді қояды және осылайша тепе-теңдік орнағанша жалғастыра береді. Таразы тілінің шкаладан оң және сол жаққа бірдей қашықтықта тербелуі немесе тепе-теңдік күйге келуі өлшеудің аяқталғанын көрсетеді.
Массасын (қойылған гірлердің массасының қосындысын) бөлек жазылған гірлердің массасы арқылы есептейді Технохимиялық таразымен өлшегенде мынадай ережелерді есте сақтау керек: 1.Таразының тостағанына ыстық, ылғал және лас заттарды қоюға болмайды. Сұйық заттармен жұмыс істегенде сұйықтың таразыға және гірлерге төгілмеуін қадағалау керек. Қышқылдарды өлшеу аса ұқыптылықты қажет етеді.
2.Өлшейтін затты тікелей таразының тостағанына қоймау керек. Қатты затты өлшегенде сағат шынысына, шынышақшаға, химиялық стаканға немесе қағаз парағына қойып өлшеу керек. Сұйық заттарды стақанға немесе шынышақшаға құйып өлшер алдында ыдыстың салмағын білу керек.
3.Таразының сол жағына өлшейтін затты, ал оң жағына гірлерін қояды. Өлшенетін зат пен гірлер тостағанның ортасына қойылуы керек.
4.Гірлерді қорапшасынан шымшуырмен алып және сол алған орнына салу керек. Оларды жоғалтып немесе кірлетіп алмау үшін үстелдің үстінде қалдыруға болмайды.
5.Өлшеу кезінде гірлерді басқа қораптан алуға болмайды. Егер затты теңестіруге қандай да бір гір жетпей қалса, онда өлшеудің дұрыс реті сақталмағаны.
6.Бір лабораториялық жұмыстағы әр түрлі заттарды бірінен соң бірін өлшегенде бір таразымен және бір қораптағы гірлермен өлшеген жөн.
7.Өлшеп болған соң таразыда ештеңе қалдыруға болмайды. Жұмыс істеп болған соң таразы мен гірлерді тексеріп, таразыны арретиріне келтіріп қою керек.
Бір тостағанды таразы-гірлерді қолданбай-ақ тез өлшеуге арналған. Олар салмағы 200 г-ға дейінгі затты өлшеуге есептелген.
Тез өлшеуге арналған таразылардың конструкциясы оның тостағанын бекітілген түрде затты салуға мүмкіндік бермейді (себебі арретир жоқ), сондықтан мұндай таразыларды қолданғанда аса үлкен ұқыптылық қажет. Өлшеу үшін таразы қорабының артқы панельінде орналасқан тумблердің көмегімен таразыға жарық бергішті қосады, одан кейін таразының оң жағында орналасқан тұтқаны қолданып, нөлге келтіреді. Тұтқа әдетте таразы қорабының түсінен өзгешеленетін түске боялады. Міндетті түрде шыны немесе кәрлен ыдысқа салынған өлшейтін затты таразының тостағанына абайлап қойып, жарық түсірілген шкалада пайда болған көрсетулерді жазып алады. Шкаладағы сан граммды көрсетеді, шкаланың бір бөлігі 0,1 г сәйкес келеді. Таразы қанағаттанарлық дәлдікпен 0-5 г шегінде жұмыс істейтініне көз жеткізу үшін шкаланы гірлердің көмегімен калибрлеп алу керек.