Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009


Егер құтыға концентрлі күкірт қышқылы құйылған болса, заттың балқу температурасын қорғаныш көзілдірік киіп анықтаған жөн



бет48/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз
Zadaniya s rech kMod1(18.02.13), 6035344306a28 3, альдегидтер мен кетондар, орг.хим. жктелу, 0005c324-0423cfa3, Сапарова Гулшат 308А кунделик 1 кун, Философия конспектілер, Филос 1 Тақырып, Адамзаттың асыл тәжі, 4,5,6,7, Аманқос Г. Арал теңізі, КТЖ АКТ 1 сынып, ТЖБ талдауы ІІ тоқсан, 1 А,Ә, Е кл. 05.05.Русский язык
Егер құтыға концентрлі күкірт қышқылы құйылған болса, заттың балқу температурасын қорғаныш көзілдірік киіп анықтаған жөн.
Заттың балқуының басталуы оның жұмсаруы және сұйық күйге ауысуы, ал соңы мөлдір сұйықтың түзілуі болып есептеледі. Балқудың алдында зат бастапқыда "жиырылады", капилляр қабырғасынан түседі, оның төменгі шетінде сұйық тамшысы пайда болады. Қыздыру кезінде капиллярдағы затты және сонымен бірге термометрдің көрсетуін бақылап отыру керек. 0,5-1,00 шегіндегі дәлдікпен анықталған балқу температурасы заттың тазалығының белгісі болып табылады.
Соңғы кездері балқу температурасын дәл және тез анықтауға мүмкіндік беретін - Кофлер әдісі қолданылады.
Тапсырма: Балқу температурасын анықтау үшін аспап жинаңдар (19-сурет). 2-3 капиллярды қайта кристалдау немесе бірден булану кезінде алынған өте ұсақталған затпен толтырыңдар. Балқу температурасын анықтап, алынған мәліметтерді анықтамалық мәліметтермен салыстырыңдар.

8 жұмыс. Сұйықтарды тазалау-айдау


Айдау – сұйық заттарды ұшпайтын қоспалардан бөлу процесі немесе әртүрлі қайнау температурасымен ұшқыш заттарды бөлу. Бұл сұйықты қайнауға дейін қыздырғанда және оның буларының тоңазытқышта конденсациялануымен жүзеге асады.
Сұйықтарды айдаудың үш тәсілі бар:
а) қалыпты қысымда (қарапайым және фракцияланған айдау);
б) төменгі қысымда (вакуумда айдау);
с) су буымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет