Тапсырма: Оқытушының нұсқауымен бір зат алып, берілген температурада қайтакристалдауды жүргізіңдер. Жұмыс жоспарын жасаңдар. Негізгі өнімнің шығымын және қоспа мөлшерін есептеңдер.
№ 6 жұмыс. Бірден булану
Көптеген заттар қыздырған кезде балқымай-ақ бірден буланады. Осындай заттардың буларын салқындатқанда олар газтәрізді жағдайдан сұйық фазаға өтпей бірден қатты фазаға ауысады. Осылайша, бірден булану екі сатыдан тұрады, біреуі-қатты заттың булануы, екіншісі-түзілген будың қатты затқа конденсациялануы. Тазалау үшін бірден булану тек негізгі өнім бірден буланатын болса, ал қоспалар буланбайтын болса ғана ыңғайлы. Кристалдауға қарағанда бірден буланудың артықшылығы, бірден булану нәтижесінде әдетте таза өнім тез алынады және бірден булануды заттардың өте аз мөлшерімен де оңай жүргізуге болады.
Бірден булануды 18-суретте көрсетілген аспапта жүзеге асырады. Құты немесе кәрлен ыдысты құм жылытқысында қыздырған жөн. Стаканды қыздырғанда оның бетін дөңгелек түпті салқын сумен толтырылған құтымен жабады. Стақанды абайлап қыздырады.
Буланған кристалдарды шыны қалақшамен шынышақшаға немесе сағат шынысына салып, өлшейді. Бірден буландыруды диаметрі ыдыс диаметрінен біршама кіші болатын құйғының кең жағымен жа -
18-сурет. Бірден булану
былған кәрлен ыдыста жүргізуге болады.
Құйғының жіңішке созылған жағының ұшын мақтамен жабады, ал айдалған зат кері ыдысқа түспес үшін оның бетін бірнеше тесік жасалған сүзгі қағазымен жабады.
Бірден булануға ұшырайтын зат ұсақ ұнтақталған болуы керек.