Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009



бет44/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

Тапсырма: Оқытушының нұсқауы бойынша Бюхнер құйғысын және шыны Шотта құйғысын қолданып, құрылғы жинаңдар. Су ағынды сорғының жұмыс істеу принципімен танысыңдар.

4 жұмыс. Ыстықтай сүзу


Тұтқыр сұйықтарды, қаныққан және аса қаныққан ерітін-







ділерді сүзгенде ыстықтай сүзу қолданылады. Температура артқанда сүзу жылдамдығы жоғарылайды. Егер қаныққан ерітіндіні қарапайым әдіспен сүзетін болсақ, онда еріген зат кристалданады, тесіктер кристалдармен бітеліп қалады да мұндай ерітінділерді сүзуді су (а) немесе электр (б) жылытқышпен ыстықтай сүзуге арналған құйғының көмегімен қыздыру арқылы жүргізген дұрыс. Сулы жылытқышпен (17 а сурет) ыстықтай сүзуге арналған құй-

17-сурет. Ыстықтай сүзу

ғы қос қабырғалы металдық құйғыдан және суды қыздыруға арналған бүйір өсіндіден тұрады.

Құйғының жоғарғы жағында су құю және бу шығуы үшін екі тетігі болады.Ыстықтай сүзетін құйғыға қысқа саңылаулы шыны құйғы орнатылады да, оған көбінесе қатпарлы қағаз сүзгі салынады.
Электр жылытқышты құйғыны да қолдануға болады (17 б сурет). Қажетті температураға дейін қыздырылған ерітіндіні таяқшаның бойымен аз мөлшерде құйғы қабырғасына құяды. Қабылдағышта сүзілген зат кристалданады. Түзілген кристалдарды суытқаннан кейін Бюхнер құйғысында (вакуум астында) құрамындағы ерітіндіден бөліп, құрғатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет