Сабақтың тақырыбы: Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Заттың сұйық күйден қатты күйге, қатты күйден сұйыққа өту процесін қайталау. Оқушыларды өз ойын ғылыми тұрғыда түсіндіруге үйрету.
Мақсаты:
Теориялық білімдерін есептер шығару арқылы тереңдету.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Интерактивті тақта, электронды оқулық.
Сабақ түрі: практикалық сабақ.
Әдіс-тәсілдер: сыни тұрғыда ойлау, ойын элементтері арқылы түсіндір
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру.Топқа бөлу (2 топ)
Оқушылардың білім-білік дағдыларының қалыптасуын тексеру. Тест, ойын арқылы.
3.Қорытындылау, оқушы білімін бағалау.
4. Үйге тапсырма.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
“Бізді қоршаған айналамызға заттың агрегат күйлері жиі кездеседі.”
Тест тапсырмасы.
Энергияның сақталу заңы
а) энергия жоғалады ә) энергия жоқтан пайда болады
б) энергия жоғалмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір денеден екіншісіне беріледі.
Заттың меншікті жылу сыйымдылығы....
а) денені қыздыруға берілген жылу мөлшері.
ә) денені қыздыру үшін берілген және салқындағанда бөлінетін жылу мөлшері.
б) жылу алмасуда бөлінетін энергия
Жылу берілудің түрлері.
а) жылу өткізгіштік ә) жылу өткізгіштік сәуле шығару, конвекция б) конвекция
4. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері
а) жылу берілу ә) жұмыс істеу арқылы б) жылу берілу, жұмыс істеу
5. Қандай денелерде конвекция жүрмейді.
а) сұйық заттарда ә) қатты денелерде б) газдарда
Тест жауаптары
Есептер шығару.
3 кг мұзды суға айналдыруға қанша жылу қажет?
100 кг болатты балқытуға қанша жылу қажет?
2 кг темір балқытуға 540кДж энергия қажет. Меншікті балқу жылуын есепте.
4. 10 кг күмісті балқытуға 870 кДж энергия кетеді. Меншікті балқу жылуын есепте.
5. 300С -тағы 15 кг қорғасынды балқытуға кететін жылу мөлшерін есепте
Сабақты қорытындылау.
Сонымен біз заттың агрегаттың күйлерін қарастырдық, қорытынды тестке жауап берейік:
Балқу температурасы:
а) заттың балқитын температурасы б) кез-келген температура
с) жылу бөлінетін температура
2. МКТ тұрғысынан балқу процесі кезінде:
а) ішкі энергия өзгермейді б) өзгереді с) энергия айналу болмайды.
3. t= 300С қорғасын қай күйде:
а) сұйық б) газ с) қатты
4. Alмен Cu қайсысын ыдыс етіп, 2-н балқытар едің?
а) Al- ыдыс б) Cu – ыдыс с) екеуі де ыдыс
Қорытынды тест жауаптары: 1 – А 2 – Б 3 – С 4 – А
Оқушы білімін бағалау.
Үйге тапсырма:ҚАЙТАЛАУ
Скидки от 50 до 90%.
|
Космический экшн высшей пробы от Bigpoint.
|
Играю самую лучшую онлайн игру. РЕГИСТРИРУЙСЯ И ПОЛУЧИ ПРИЗ.
|
Добавить объявление
|
Ұқсас ашық сабақтар:
|