Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009


Егер айдалатын сұйықтардың қайнау температурасы 80



бет50/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз
Zadaniya s rech kMod1(18.02.13), 6035344306a28 3, альдегидтер мен кетондар, орг.хим. жктелу, 0005c324-0423cfa3, Сапарова Гулшат 308А кунделик 1 кун, Философия конспектілер, Филос 1 Тақырып, Адамзаттың асыл тәжі, 4,5,6,7, Аманқос Г. Арал теңізі, КТЖ АКТ 1 сынып, ТЖБ талдауы ІІ тоқсан, 1 А,Ә, Е кл. 05.05.Русский язык
Егер айдалатын сұйықтардың қайнау температурасы 800С-дан жоғары болмаса (спирт, ацетон, эфир, бензол және басқалары), онда қыздыруды тек су жылытқысында жүргізеді.
Су құбырының суын тазалау (топ болып жасалатын тәжірибе). Айдауға арналған аспапты жинаңдар (20-сурет). Құтының жартысына дейін су құбырының суын құйыңдар. Суға оны органикалық заттардан тазалау үшін 3-4 тамшы калий перманганатының ерітіндісін және 4-5 тамшы күкірт қышқылын қосады. Құтының түбіне алдын-ала дайындалған шыны капиллярларды (не үшін?) салыңдар.
Құтыны термометр (6) орнатылған тығынмен нығыз жабу керек. Термометрдің сынап шаригі құтының бұрылған түтігінің деңгейінен аздап төмен түсірілген болуы керек. Құтының иілген түтігін тығын арқылы тоңазытқышпен (2) қосып оны су құбырының шүмегіне жалғау керек. Су ағыны төменнен жоғарыға түседі (неліктен?) Суға арналған қабылдағышты (3) шүмек (4) орнатылған тығынмен және натронды әкпен толтырылған (не үшін?) хлоркальцийлі түтікпен тығыз жауып, тоңазытқышқа қосу керек. Суды қайнағанша қыздырып, айдауды бақылау керек. Дистилляттың бірінші аз мөлшерін алып тастап (неліктен?) одан соң 1-3 мл жинап алу керек. Әрі қарай сағат шынысына алынған судың бірнеше тамшысын салып жанарғының үстінде буландыру керек. Буландыру нәтижесін салыстырыңдар. Тазартылған суда буландырғаннан кейін қалдық болмауы керек.

9 жұмыс. Газдарды тазалау


Газдарды қатты бөлшектерден тазалауды көбінесе газ әсер етпейтін жұтқыш колонкада, U-тәрізді немесе хлоркальцийлі түтікке орнатылған мақта қабаты, шыны талшық немесе басқа материал арқылы сүзу нәтижесінде жүргізеді. Газтәрізді қоспаларды бөлуді жұту арқылы немесе әртүрлі химиялық реагенттермен жүзеге асырады. Су буларынан газ оны концентрлі күкірт қышқылы, сусыз CaCl2 немесе CuSO4, Ca(OH)2, NaOH, P2O5, силикагель, магний перхлораты арқылы жіберу нәтижесінде тазалануы мүмкін. Қышқылдық газдар (CO2, SO2, HCl) сілті ерітінділерімен натронды әкпен жұтылуы мүмкін.
Суда жақсы еритін газдарды (HCl, NH3 және басқалары) су арқылы өткізіп, сонымен бірге тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар (KMnO4, пирогаллол) қолдана отырып бөлуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет