1.Газдың молярлық көлемі арқылы; 2.Газдың салыстырмалы тығыздығы арқылы. 3.Клапейрон-Менделеев теңдеуі бойынша. Осы барлық көрсетілген тәсілдердің негізі Авогадро заңы болатынын әрқашан есте ұстау керек. Тәсілдердің бір-бірінен тәжірибе әдістемесі бойынша ғана айырмашылығы бар.
Авогадро заңы бойынша әртүрлі газдардың тең көлемінде температура мен қысымның бірдей жағдайында молекулалардың саны бірдей болады. Авогадро заңынан газтәрізді жағдайдағы кез-келген заттың 1 молі (молярлық көлем деп аталатын) бірдей көлем алатындығы шығады. Қалыпты жағдайда (Р(101342 Па, Т(273 К) газдың молярлық көлемі 22,4 л-ге тең.
Есептеудің әрбір тәсілінің логикасын қысқаша қарастырайық.