4. Күкіртсутекпен тұнбаға түсіру. Сынауықтарға тұздардың ерітінділерін (3 пунктті қараңдар) құйып, әрқайсысына күкіртсутек қышқылын қосыңдар. Неліктен барлық ерітіндіде тұнба түзілмейтінін түсіндіріңдер. Ерігіштігі бойынша сульфидтер қалай жіктеледі?
№ 48 жұмыс. Күкірт (ІV) оксиді және оның қасиеттері
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: таразы, сынауықтар, натрий сульфиді, құм жылытқысы, мұз, газ шығатын екі түтігі бар сынауықтар, шырпы, мыс үгінділері, 70% H2SO4, натрий хлориді (қатты), хлор суы, бром суы, калий перманганаты, дихроматы және күкіртсутек ерітінділері.
|
Достарыңызбен бөлісу: |