Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: көмір кесектері, күкірт ұнтағы, мырыш түйірлері, күкірт қышқылы (конц), “қорғасын қағазы” (қорғасын ацетаты сіңірілген қағаз), күкірт қышқылы (1:1), қант ұнтағы, натрий сульфаты, темір купоросы (FeSO4L4H2O), гипс (CaSO4L2H2O), глаубер тұзы (Na2SO4L10H2O), натрий тиосульфаты, хлор суы.
|
1. Күкірт қышқылының қасиеттері (тартқыш шкафта жасалатын жұмыс).
а) Екі сынауыққа 2 мл концентрлі күкірт қышқылын құйыңдар да, біреуіне кішкене ғана күкірт кесегін, екіншісіне көмір салып, абайлап қыздырыңдар. Не бақалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Сынауыққа мырыш кесегін салып, оған 2 мл концентрлі күкірт қышқылын құйып, қыздырыңдар. Ерітінді неліктен лайланады? Сынауықтың аузына қорғасын ацетаты сіңірілген сүзгі қағазын ұстаңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
в) Концентрациясы 1:1 болатын 2-3 мл күкірт қышқылын дайындаңдар да, оған шыны таяқшаны батырып алып, ақ параққа жазу жазып көріңдер. Қағазды жанарғы жалынына ұстап кептіріп, не байқалатынына назар аударыңдар.
г) Сынауыққа 1-2 г қант ұнтағын салып қоймалжың болғанша су құйыңдар да, тұрғыға орнатып, 2-3 мл концентрлі күкірт қышқылын құйыңдар. Ерітіндіні шыны таяқшамен араластырып, газ онша бөлінбесе, жаймен қыздырыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Соңғы тәжірибелер күкірт қышқылының қандай қасиеттерін көрсетеді?
Достарыңызбен бөлісу: |