6. Өздігінен тотығу. Асбест торына калий перманаганатының біраз кристалын салып, құрғақ шыны таяқшаның көмегімен перманганат кристалына концентрлі күкірт қышқылы тамшысын құйыңдар (таяқшаны қағазбен сүртіңіздер). Дәл осылайша күкірт қышқылымен ылғалданған кристалға таяқша немесе тамшуырмен спирт тамшысын тамызыңдар. Реакция бірнеше сатыда жүреді:
1) перманганат пен күкірт қышқылы арасында алмасу реакциясы;
2) алынған марганец қышқылының ангидрид пен суға ыдырауы;
3) марганец ангидридінің марганец диоксиді мен оттекке ыдырауы.