Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009


Кешенді қосылыстардың тотығу-тотықсыздануы



бет111/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

5.Кешенді қосылыстардың тотығу-тотықсыздануы



Керекті құрал-жабдықтар мен реактивтер: калий (ІІ) гексацианоферратының, калий (ІІІ) гексацианоферратының ерітінділері, темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісі, сутек пероксиді, калий гидроксиді, темір (ІІ) сульфатының кристалдары, хлор суы.

а) 2-3 мл хлор суына 2-3 тамшы K4(Fe(CN)6( ерітіндісін құйыңдар. Реакцияға түспей қалған хлор ұшып кеткенше ерітіндіні қайнатыңдар. Хлор түгел ұшып кеткеннен кейін ерітіндіге FeSO4 кристалын (немесе Мор тұзын) қосыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
б) 1-2 мл K3(Fe(CN)6( ерітіндісіне бірнеше тамшы темір (ІІІ) хлоридін тамызыңдар. Ерітіндінің түсін байқап, 1-2 мл сутек пероксидін және калий гидроксидін қосыңдар. Ерітіндінің түсінің өзгеруін бақылаңдар. Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Бірінші және екінші кешенді қосылыстың гибридтену түрі мен электрондық құрылымын ВБ әдісі тұрғысынан түсіндіріңдер. Кешенді қосылыстың электрондық құрылымы негізінде олардың тұрақтылығының әртүрлілігін түсіндіріңдер. Олар кешендердің қай түріне (жұптасқан спинді немесе бос спинді) жатады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет