Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009


Кешен түзушіні тұнбаға түсіргенде кешеннің бұзылуы



бет113/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

7. Кешен түзушіні тұнбаға түсіргенде кешеннің бұзылуы



Керекті құрал-жабдықтар мен реактивтер: Сынауықтар, су жылытқысы, мыс сульфатының, аммоний оксалатының, аммоний сульфидінің ерітінділері.

Мыс сульфатының ерітіндісі құйылған екі сынауықтың біреуіне аммоний оксалатын, екіншісіне аммоний сульфидін қосыңдар. Реакция теңдеуін жазып тұнбаның түсін байқаңдар. 4-5 тамшы 1 М CuSO4 ерітіндісіне бастапқыда түзілген мыстың негізгі тұзының тұнбасы ерігенше аммиак ерітіндісін қосып, мыстың кешенді қосылысын екі сынауықта алыңдар. Алынған кешенді қосылыстың түсін анықтаңдар. Мыстың координациялық саны 4-ке тең екендігін ескере отырып, мыс сульфатының аммиакпен әрекеттесуінің теңдеуін жазыңдар.
Алынған мыс тұзының кешенді ерітіндісіне аммоний оксалаты мен аммоний сульфиді ерітінділерінің әсерін анықтаңдар. Қандай реактивтің әсерінен тұнба түзіледі? Ерітіндіде қандай ионның болуы кешенді тұздың тұнбаға түсуін көрсетеді. Тұнба түзілген сынауыққа тағы да сол реактивтің 6-7 тамшысын қосып, коагуляцияны тездету үшін сынауықты су жылытқысына қойыңдар. Ерітіндіде мыс кешенінің түсі сақтала ма?
Байқалған құбылыстарды сипаттаңдар. Жасалған реакциялардың теңдеулерін, мыс тұзы кешенінің электролиттік диссоциация теңдеуін және оның кешенді ионын жазыңдар. Аммоний сульфидін қосу кешенді ионның диссоциациясына қалайша әсер етеді? Анықтамада берілген мәліметтер бойынша мыс тұздарының сәйкес ерігіштік көбейтінділерін салыстырып, кешенді қосылыстан олардың біреуінің тұнбаға түспейтіндігі неліктен екендігін түсіндіріңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет