Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: қышқылдық-негіздік индикаторлар жиынтығы (метилвиолет, метилоранж, паранитрофенол, фенолфталеин, сары ализарин, индигокармин), CH3COOH, CH3COONa, NH4OH 2 М ерітінділері, CH3COONH4 кристалдары, HCl, CH3COOH, NaOH, NH4OH 0,1 М ертінділері.
Кейбір заттар ортаның pН-на байланысты өз түсін өзгертеді, сондықтан олардың көмегімен ерітіндінің жуық мәнін анықтауға болады. Мұндай реагенттердің аты қышқылдық-негіздік индикаторлар деп аталады және олар әлсіз органикалық қышқылдар немесе негіздер болып келеді, олардың түсі диссоциацияланбаған күйдегі ионының түсінен өзгеше болады.
Ерітіндінің рН-ы өзгергенде әрбір индикатор өзінің түсін рН мәнінің сәйкес интервалында белгілі бір түске өзгертеді, бұл осы индикатордың ауысу ауданы деп аталады. 5 кестеде осы жұмыста қолданылатын индикаторлардың ауысу ауданы берілген.
Кесте 5. Кейбір индикаторлардың түсінің өзгеру аймағы
Индикаторды аталуы
|
рН-ты ауысу ауданы
|
Индикатордың түсі
|
Қышқылдық формада
|
Ауысу аймағында
|
Негіздік формада
|
Метилвиолет
|
1-3
|
көгілдір
|
күлгін
|
қызыл- күлгін
|
Метилоранж
|
3-4,4
|
алқызыл
|
қызыл-сары
|
сары
|
Паранитрофенол
|
5-7
|
түссіз
|
ашық-сары
|
сары
|
Фенолфталиен
|
8-10
|
түссіз
|
алқызыл
|
таңқурай
|
Сары ализарин
|
10-12
|
сары
|
қою сары
|
қызыл-сары
|
Индигокармин
|
12-14
|
көгілдір
|
жасыл
|
сары
|
Қышқылдық немесе негіздік ортада болғанына байланыссыз рН ауысу ауданынан төменгі шектегі ертінділердегі индикатор формасының ауысу ауданы оның қышқылдық формасы деп аталады, ал рН-мәні ауысу ауданынан жоғары шекте болса, онда сілтілік формасы деп аталады. Ауысу ауданының ішінде жатқан рН-мәндерінде ертіндінің түсі аралас болады, рН ортаға байланысты қышқылдық немесе сілтілік формаға жақын.
Достарыңызбен бөлісу: |