3. Ерітіндінің рН-ын әмбебап индикатор көмегімен анықтау. рН-тың жуық мәнін анықтау үшін әмбебап индикаторларды қолдану қолайлы. Олар рН мәнінің кең аймағында ерітіндінің түсін өзгеретін бірнеше индикаторлар қоспасынан тұрады. Әмбебап индикаторы сіңірілген және кептірілген қағаз әмбебап индикатор қағазы деп аталады. Әмбебап индикаторлар ерітінді түрінде де қолданылады.
Жұмыстың орындалуы: 0,1 М тұз қышқылы, сірке қышқылы, натрий гидроксиді, аммиак ерітінділерінің, сонымен бірге судың рН анықтаңдар. Нәтижелерді 6 кестеге толтырыңдар.
Кесте 6. Кейбір ерітінділердің рН мәндері
Тексерілетін ерітінді
|
Әмбебап индикатордың түсі
|
рН
|
Тұз қышқылы
|
|
|
Сірке қышқылы
|
|
|
Натрий гидроксиді
|
|
|
Аммиак ерітіндісі
|
|
|
Су құбырының суы
|
|
|
Осы электролиттердің диссоциялану реакция теңдеуін жазыңдар.
Әмбебап индикаторлардың ортаның рН мәніне байланысты өзгеруінің түсі 7 кестеде берілген.
Кесте 7. рН мәніне байланысты индикаторлардың түсі
рН
|
Түсі
|
рН
|
Түсі
|
1
|
Құлпынай түсті
|
6
|
Жасыл-сары
|
2
|
Күлгін-сары
|
7
|
Сары-жасыл
|
3
|
Қызыл-сары
|
8
|
Жасыл
|
4
|
Сарғыш-қызғылт
|
9
|
Көкшіл-жасыл
|
5
|
Сары
|
10
|
Сұрғылт-көк
|
№ 29 жұмыс. Тұздар гидролизі
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: Бюхнер құйғысы, сынауықтар, 0,1 М NaCl, Na2SO4, MgSO4, AlCl3, CH3COONa ерітінділері; 0,5 М AlCl3, CH3COONa, MgCl2, ерітінділері; 0,5 М SbCl3, SnCl2 ерітінділері, 0,1 М Na2CO3, NaHCO3, NaH2PO4, Na2HPO4, Na3PO4 ерітінділері; 0,5 М ZnSO4, FeCl3 ерітінділері, 2 М HCl ерітіндісі; индикаторлар: әмбебап индикатор қағазы; бейтарап лакмус ерітіндісі немесе лакмус қағазы; фенолфталеин ерітіндісі.
|
“Тұз-су” жүйесінде еру процесі мен электролиттік диссоциациядан басқа, химиялық реакция болуы мүмкін. Бұл туралы газ бөлуінен, аз диссоциацияланатын немесе қиын еритін қосылыстар түзілуінен және рН ортаның өзгеруінен білуге болады. Тұз молекулаларының сумен химиялық әрекеттесу нәтижесінде түзілетін аз диссоциацияланатын қосылыстарды және судың ионды туындысының араласуын гидролиз деп аталады. Гидролиз процесінің болу жағдайы мен тереңдігі қышқыл мен негіздің күшімен анықталады немесе негізді тұздар түзіледі. Көп зарядты гидролизденетін иондары бар тұздар гидролизі сатыланып жүреді және нәтижесінде қышқыл және негіз тұздар түзіледі. Гидролиздің сандық мәні гидролиз дәрежесімен (Һ) және гидролиз тұрақтысымен (Kr) сипатталады. Гидролиз дәрежесі гидролизденген тұз молекулары санының жалпы тұз молекулалар санына қатынасымен анықталады. Егер ерітіндінің концентрациясы аз болса гидролиз дәрежесі соншалық көп болады және ерітіндіні қыздырғанда тез өседі.
1.Әртүрлі тұздар ерітінділеріндегі реакция ортасын индикатор көмегімен анықтау.
Жұмыстың орындалуы: 5 сынауыққа 2-3 мл-ден 0,1М натрий хлориді, натрий сульфаты, магний сульфаты, алюминий хлориді және натрий ацетаты және лакмус ерітіндісінің бірнеше тамшыларын қосыңдар. Шыны таяқшаның көмегімен ерітінділерді араластырыңдар (таяқшаларды бір ерітіндіден екінші ерітіндіге дистилденген сумен шайғаннан кейін ғана салыңдар).
Әрбір тұздың ерітіндісіндегі реакцияның ортасы туралы қорытындыны лакмус түсінің өзгеруі бойынша жасаңдар. Зерттелген тұздардың қайсысы гидролизге ұшырайды? Көрсетілген тұздардың гидролиз реакциясының молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар. Сатылы гидролиз жағдайында реакция теңдеуін тек бірінші саты үшін ғана жазыңдар. Тұздардың ерітінділеріндегі реакцияның ортасы туралы
а) күшті негіз және күшті қышқылдан;
ә) күшті негіз және әлсіз қышқылдан;
б) әлсіз негіз және күшті қышқылдан;
г) әлсіз негіз және әлсіз қышқылдан түзілгендерден ортақ қорытынды жасаңдар. Көрсетілген тұздардың типі үшін гидролиз константасын жазыңдар.
2. Гидролиз кезінде негіздік және қышқылдық тұздардың түзілуі
а) Алюминий ацетатының гидролизі.
Сынауыққа 7-8 тамшы алюминий хлориді ерітіндісін және осындай мөлшерде натрий ацетаты ерітіндісін құйыңдар. Сынауықты тұрғыға бекітіп және оны қайнағанға дейін қыздырылған сулы жылытқышқа орналастырыңдар. Алюминийдің негіздік тұзының Al(OH)2CH3COO тұнбасы түзілгенін бақылаңдар. Алюминий ацетаты түзілуінің молекулалық реакция теңдеуін және оның гидролизінің иондық теңдеуін жазыңдар. Түзілген негізгі тұздың тұнбасы гидролиздің қай сатысының өнімі болып табылады? Қандай тұздардың гидролизінде негізгі тұздар түзілуі мүмкін?
б) Натрий сульфитінің гидролизі.
Сынауыққа 3-5 мл су құйыңдар, оған натрий сульфитінің кристалын салыңдар және шыны таяқшамен араластырыңдар. Түзілген ерітіндінің екі тамшысын индикатор қағазына тамызып, рН мәнін анықтаңдар. Анықталған рН мәні ерітіндіде қандай иондардың бар екенін көрсетеді? Бұл иондар қандай процесстің нәтижесінде пайда болды?
Иістің байқалмағандығынан натрий сульфиті толық гидролизге ұшырамағанын көруге болады. Гидролиздің бірінші сатысының өнімі қандай тұз болып табылады?
Натрий сульфиті гидролизінің молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңдар. Қандай тұздардың гидролизі кезінде қышқыл тұздар түзіледі?
в) Темір (ІІІ) карбонатының гидролизі.
Химиялық стакақанға 10 мл 2 М FeCl3 ерітіндісін құйыңдар да, 10 мл 2 М натрий карбонаты ерітіндісін қосып, қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Бюхнер құтысында тұнбаны сүзіңдер және артық Na2CO3 жою үшін ыстық сумен жақсылап шайыңдар. Одан кейін тұнбаны сынауыққа ауыстырып 2-3 мл HCl ерітіндісін қосыңдар. CO2 газының бөлінуі байқалады ма? Не себепті FeCl3 ерітіндісіне Na2CO3 ерітіндісімен әсер еткенде темір (ІІІ) карбонаты түзілмейді? Реакция теңдеуін жазыңдар.
3. Тұздардың толық (қайтымсыз) гидролизінің мысалы
Екі сынауыққа 6-8 тамшыдан алюминий хлориді ерітіндісін құйыңдар. Бірінші сынауыққа көлемі сондай аммоний сульфиді ерітіндісін, ал келесісіне - натрий карбонаты ерітіндісін құйыңдар. Бірінші сынауықтан (иісі арқылы) күкіртсутек бөлінгенін, екіншісінен көміртек диоксидінің көпіршіктері түзілгенін байқаңдар.
Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар. Екі жағдайда да тұнбаға не түседі? Неге алюминий сульфиді және карбонаты түзілмейді?
Достарыңызбен бөлісу: |