Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 46 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 49


Магистратура мен докторантураның білім бағдарламаларында оқитындардың құқықтары мен міндеттері



бет5/18
Дата15.03.2020
өлшемі0,8 Mb.
#60187
түріПравила
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

8. Магистратура мен докторантураның білім бағдарламаларында оқитындардың құқықтары мен міндеттері
153. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ магистратурасы мен докторантурасында оқитындар Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы» Заңдарымен, ҚР БҒМ нормативтік актілерімен, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Жарғысы және Ішкі тәртіп ережелерімен айқындалған құқықтар мен міндеттерге ие.

154. Магистранттар мен докторанттар жеке жұмыс жоспарында қаралған барлық жұмыс түрлерін дер кезінде сапалы орындауға міндетті.

155. Магистранттар мен докторанттар міндетті:

– жеке жоспарларында қаралған әр жұмыс сатысының соңында барлық қажетті жазбаша материалдарды дер кезінде ұсынып отыруға;

– өзінің ғылыми жетекшілері/кеңесшілерімен алған ескертпелер мен кері байланыстарды жазып алып отыруға;

– есеп берудің бекітілген мерзімдерін қадағалауға (атқарылған ғылыми-зерттеу/сынамалық-зерттеу жұмыстары туралы, көшпелі ғылыми тағылымдамалар туралы және т.с.с.);

– тегі, мекенжайы мен байланыс мәліметтері өзгергені туралы университеттің тиісті әкімшілік бөлімшелеріне дер кезінде хабарлауға;

– туындаған проблемаларды ғылыми жетекшілермен, кеңесшілер және эдвайзерлермен дер кезінде талқылауға, оларды шешуге бастама жасауға;

– магистерлік/докторлықй диссертацияны белгіленген мерзімде аяқтауға.

156. Мамандарды мақсатты даярлау аясында мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға қабылданған магистранттар мен докторанттар мақсатты даярлау туралы үшжақты келісімшартты дер кезінде жасап, оның шарттарын орындауға міндетті.

157. Магистранттар мен докторанттар ғылыми жетекшілер, кеңесшілер іздеуге және басқа ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге ықпал етуді бітіртуші кафедра меңгерушісінен сұрауға құқылы.

158. Магистрантпен/докторантпен және оның ғылыми жетекшісі/кеңес беру комиссиясының мүшелері арасында таласты мәселелер туындаған кезде магистрант/докторант ректордың бұйрығымен құрылған қоғамдық комиссияға жүгінуге құқылы. Қоғамдық комиссияның ұсынысы негізінде университеттің Ғылыми кеңесі тиісті шешім қабылдайды.

159. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ магистранттары мен докторанттарының осы Ережелерде қаралмаған басқа да құқықтары мен міндеттері ҚР нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру

қағидалары
1. Жалпы ережелер
Осы Ереже университеттің оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

Университетте оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыс ғылым мен білімді интеграциялау, оқу және тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстың міндеттері:


  • - білім беру бағдарламаларын іске асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;

- білім беру үдерісін қолданыстағы технологияларын, әдістерін, құралдары мен нысандарын әзірлеу, енгізу және жетілдіру;

- педагогтың шығармашылық ойлауын дамыту, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету;

- педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік мүмкіндігін жетілдіру болып табылады.

Оқу-әдістемелік жұмысқа тиісті құрылымдық бөлімшелер басшылық жасайды.


2. Оқу-әдістемелік жұмыстың мазмұны
Оқу-әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:

  1. - нормативті-құқықтық актілерін, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру классификаторын және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;

  2. - оқу үдерісіне қазіргі заманғы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік, дидактикалық материалдарды, және оқытудың автоматтандырылған жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін, ақпараттық кітапханалық жүйелерін енгізу;

- оқу жұмыс бағдарламаларын әзірлеу, типтік оқу бағдарламасының жобаларын дайындауға қатысу;

- оқулықтар, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік кешендер, оқу-әдістемелік, оның ішінде электрондық тасымалдағыш құралдарын әзірлеу;

- білім саласын ақпараттандыру және озық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен тарату іс-шараларын жүргізу;

- дидактикалық-әдістемелік, оқу материалдық оқыту құралдарын әзірлеу және енгізу;

- оқытудың жаңа технологиялары бойынша оқу-әдістемелік құжаттар әзірлеу және енгізу;

- мәндес мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын бірыңғайландыру жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

- оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын сараптау;

- оқу-әдістемелік жұмыстың ұйымдастырылуының білім алушылардың ағымды үлгеріміне ықпалы;

- пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін (ПОӘК) әзірлеу;

- тестілік тапсырмалары мен білім алушылардың білімін бағалау түрлерін дайындау және талдау;

- оқу үдерісін оқу әдебиеті мен әдістемелік нұсқаулықтармен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізу;

- білім алушылардың өзіндік жұмысын әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;

- оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың сапасына талдау жүргізу;

- білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейіне, оқыту сапасына талдау жасау;

- оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша семинарларды, конференцияларды, кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;

- білім алушылардың контингентін, олардың бейінін, дайындық деңгейін және мүмкіндіктерін ескере отырып, жыл сайын қалыптастыру жұмысты әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;

- даярлаудың қолда бар және болашағы бар бағыттары бойынша мамандарға қажеттілікті болжау үшін деректер базасын құру мақсатында маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру;

- университет түлектерін жұмыспен қамтамасыз етуді және оқуын жалғастыруды әдістемелік қамтамасыз ету (мамандарға сұранысты зерттеу, түлектерге сауалнама жүргізу, өндіріс пен байланыс жүргізу, түлектердің орналасу қартасын құру, түлектердің ярмаркасын ұйымдастыру);

- оқытудың барлық деңгейлеріне мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін оқыту бойынша нұсқаулар дайындау.


3. Құрылымдық бөлімшелердегі

оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру тәртібі
Оқу-әдістемелік жұмыс университеттің факультеттері мен кафедраларды жүзеге асырылады.

Факультеттер мен кафедралар осы Ереже негізінде оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асырады.

Құрылымдық бөлімшелер мынадай оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асырады:

кафедралардың, факультеттердің оқу-әдістемелік жұмысына басшылық жасау;

-оқу-әдістемелік жұмыс бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды сараптау және оларға ғылыми-әдістемелік кеңестің қарауы үшін ұсынымдар беру;

- оқу-әдістемелік жұмыстың жай-күйін талдау және оларды жетілдіру жөніндегі ұсынымдамаларды пысықтау;

- оқу-әдістемелік өнімдердің жариялануына және таралуына талдау және ұсынымдама жасау.

Университеттің оқу-әдістемелік жұмысына оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректор тікелей басшылық жасайды.

Ұжымдық әдістемелік жұмыстың нысаны тәжірибелі мектептер, нұсқаулық-әдістемелік мәжілістер, семинарлар, дәрістер және конференциялар болып табылады.

Оқу-әдістемелік құжаттама университеттің тиісті құрылымдық бөлімшелерінде әзірленеді, кафедрада, академиялық кеңестерінде талқыланып, оң шешімге ие болған соң, университет ректорымен бекітіледі.

Университет кафедралары үлгілік оқу жоспарлары мен негізгі оқу бағдарламалары.

Университет кафедралары үлгілік оқу жоспарларына және білім беру бағдарламаларының негізгі оқу жоспарына сәйкес жұмыс оқу жоспарларын дайындайды, олар кафедрада, әдістемелік бюро мен факультеттің ғылыми кеңесімен қаралып, оң қорытындыны алғаннан кейін, университет ректорымен бекітіледі.

Пәндердің оқу-әдістемелік кешендері үлгілік және негізгі оқу бағдарламасына, пәндер каталогына сәйкес оқытушылармен әзірленеді және кафедраның әдістемелік кеңесінде, бағыт бойынша академиялық кеңесінде қаралып, факультет деканымен бекітіледі.

Әдістемелік нұсқаулықтар профессор-оқытушыларымен дайындалады. Кафедраның, факультеттің әдістемелік бюроның, университеттің ғылыми-әдістемелік кеңесімен бекітіледі.

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру іс-шаралар кешенінен және ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысты қамтиды:

- оқу үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету (силлабус, бақылау-өлшемдік материалдар, СӨЖ және т.б.);

- білім алушылардың дәрісханалық және дәрісханадан тыс жұмысын жетілдіру;

- университеттің оқу жұмысының барлық түрлерін, нысандарын, әдістерін жақсарту.

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы әр оқытушымен жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады, кафедра меңгерушімен факультет деканымен үйлестіріледі және бақылау жүргізіледі.

Факультет деңгейіндегі оқу-әдістемелік жұмыс, оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша нормативті және оны әдістемелік қамтамасыз ететін құжаттарға сүйене отырып, бағыт бойынша академиялық кеңесімен үйлестіріледі.




ҚЫСҚАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ

      1. 1 Жалпы ереже



    • 1. Ереже қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша университетте оқу үдерісін ұйымдастырудың талаптарын айқындайды.



    • 2. Жоғары кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға мемлекеттік лицензия берілген бакалавриат мамандықтарында күндізгі оқу нысанында мамандар даярлау жүзеге асырылған жағдайда ғана, осы мамандықтар бойынша қысқартылған білім беру бағдарламасымен мамандар даярланады.

    • 3. Университетте қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша жоғары кәсіби білім беру техникалық және кәсіптік білімі немесе жоғары кәсіби білімі бар тұлғалар үшін күндізгі, сырттай оқу нысандарында дәстүрлі және қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып жүзеге асырылады.



    • 4. Оқу мерзімі техникалық және кәсіптік білім негізінде 3 жыл, жоғары кәсіби білім негізінде 2 жыл.



  1. Қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды

ұйымдастыру тәртібі

5. Қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қабылданған білім алушылар үшін кредиттер саны мен білім беру бағдарламасының қажетті көлемін жоғары оқу орны білім туралы құжат иегерінің алдыңғы білім деңгейінің бейінін, негізгі және кәсіби құзыреттерін ескере отырып дербес анықтайды.

6. Қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру күндізгі оқу нысанындағы 4 жылдық оқу мерзімін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Жоғары кәсіби білім негізінде қысқартылған білім бағдарламасы бойынша мамандар даярлаудың жұмыстық оқу жоспары базалық және бейімдеуші пәндер циклдерінен құралады.

8. Техникалық және кәсіптік білім негізінде қысқартылған білім бағдарламасы бойынша мамандар даярлаудың жұмыс оқу жоспары жалпы білім беретін пәндер циклінің міндетті компонентіндегі «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінен (немесе «Қазақстан тарихы» пәні), базалық және бейімдеуші пәндер циклдерінен құралады.

9. Оқу мерзімдері 3 және 2 жыл болатын қысқартылған білім беру бағдарламаларының жұмыс оқу жоспарлары бойынша теориялық оқуға сәйкесінше кемінде 96 және 64 кредит беріледі.

10. Қысқартылған білім бағдарламасы бойынша білім алушы оқу нысанына қарамастан бір академиялық кезеңде кемінде 18 кредит игеруі керек.

11. Оқытудың қосымша түрлерін есепке алғанда білім алушылардың дәрісханалық сабақтарының көлемі аптасына 36 сағаттан, ал білім алушының өзіндік жұмысын есепке алғанда ең жоғары шекті еңбек сыйымдылығы аптасына 57 сағаттан аспайды.
12. Апталық оқу жүктемесіне дәріс, семинар (практикалық), зертханалық сабақтар, оқытушының қатысуымен өзіндік жұмысты орындауға берілетін сағаттар кіреді.

13. Университетте қысқартылған білім беру бағдарламасымен күндізгі, сырттай оқу нысандарында оқитын студенттер бірыңғай кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша пәндерді бірдей көлемде оқиды. Пәндерді оқытудың тақырыптық жоспарларында өзгешеліктер болады, ол оқудың нысандары үшін оқытушылардың студенттермен байланысты жұмыстарының түрлі көлемінде көрініс табады. Бұл ретте сырттай оқитын студенттерге оқу материалдарының 80%-ға дейінгі  көлемін өз бетінше игеруіне рұқсат етіледі.


Бұл кезде дәрісханалық сабақтардың саны азаяды. Сырттай оқу нысанындағы еңбек сыйымдылықтың жетпеген көлемі білім алушының өзіндік жұмысы есебінен толықтырылады. Яғни, сырттай оқу нысанындағы жалпы еңбек сыйымдылығын анықтайтын пән бойынша дәрісханалық сағаттар мен білім алушының өзіндік жұмыстары сағаттарының қосындысы күндізгі оқу нысанындағы осы пәннің сағат санына тең болуы керек.

14. Қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыруда пәндердің жұмыс оқу бағдарламалары (силлабустар) күндізгі толық оқу нысанындағы жұмыс оқу бағдарламаларына (силлабустарға) сәйкес келуі керек. Айырмашылықтар тек оқу материалының дәрісханалық сабақтары мен білім алушылардың өзіндік жұмыстары арасындағы қатынасқа байланысты болады.

15. Қысқартылған білім беру бағдарламасымен дәстүрлі оқыту технологиясымен ұйымдастырылатын сырттай оқу нысанындағы оқу-емтихан сессиясы мамандықтардың ерекшелігін ескере отырып оқу жылында кемінде 2 рет өткізіледі. Бір оқу-емтихан сессияның мерзімі 3-4 аптадан тұрады.

16. Күндізгі, сырттай оқу нысандарында қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде қысқартылған білім беру бағдарламасымен оқу үдерісін, емтихан сессиясын ұйымдастыру оқу жылында жалпы ұзақтығы 36 аптаны құрайтын 2 академиялық кезеңге толық жоспарланады.

17. Қысқартылған білім беру бағдарламасымен оқитын студенттерге оқу сабақтарын өткізу төмендегідей ұйымдастырылады:

- дәстүрлі оқу үдерісі ұйымдастырылатын күндізгі оқу нысанындағы студенттер үшін сағат 8.00-ден 18.30-ға дейін;

- дәстүрлі оқу үдерісі ұйымдастырылатын сырттай оқу нысанындағы студенттер үшін бос дәрісханаға байланысты сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін;

- қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде оқу үдерісі ұйымдастырылатын күндізгі, сырттай оқу нысанындағы студенттер үшін чат-сабақтар, форумдар сағат 17.00-ден 22.00-ге дейін.

18. Дәстүрлі оқу үдерісі ұйымдастырылатын сырттай оқу нысанындағы студенттер мен қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде оқу үдерісі ұйымдастырылатын күндізгі, сырттай оқу нысанындағы студенттердің оқытушы қатысуымен өткізілетін өзіндік жұмыстары сабақ кестесіне қойылмайды.

19. Қысқартылған білім беру бағдарламасымен оқитын студенттерге оқытушы ағымдық және аралық бақылауды жүргізеді. Сонымен қатар студенттің оқудағы жетістіктері, орындаған тапсырмалары 100 балдық көрсеткішпен бағаланады.

20. Пән бойынша қорытынды бағалауды ағымдық, аралық бақылау және емтихан бағасы құрайды. Емтихан бағасы аталған оқу пәні бойынша білімді қорытынды бағалаудың кемінде 30 пайызын құрайды.

21. Қысқартылған білім беру бағдарламасымен оқитын сырттай оқу нысаны студенттерінің пән бойынша емтиханға жіберілуі күндізгі оқу нысаны студенттерінің емтиханға жіберілу тәртібі секілді жүзеге асырылады.



22. Емтиханға келген студенттің қолында міндетті түрде сынақ кітапшасы болуы тиіс. Сынақ кітапшасы болмаған студент емтиханға жіберілмейді. Студенттің емтиханнан алған бағасы емтихан қабылдаушы оқытушы тарапынан сол мезетте сынақ кітапшасына түсірілуі тиіс.

23. Қысқартылған білім беру бағдарламасымен дәстүрлі оқу үдерісі ұйымдастырылатын сырттай оқу нысанының және қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде оқу үдерісі ұйымдастырылатын күндізгі, сырттай оқу нысандарының студенттері оқу үдерісінің кестесінде бекітілген мерзім бойынша оқу-емтихан сессиясына қатыспаған жағдайда оған жолдама арқылы емтихан тапсыруына жол берілмейді. Пәндерден академиялық қарыздарын жою қосымша жазғы семестрде ақылы негізде ұйымдастырылады.

24. Сырттай оқу нысанында емтихандар ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде өткізіледі. Ауызша түрде бір күнде екі немесе одан көп емтихан тапсыруға рұқсат етілмейді. Тест нысаны кезінде бейіні сәйкес келетін екі немесе одан да көп пәндерден емтиханды кешенді түрде тапсыруға рұқсат етіледі.

25. Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісі ұйымдастырылатын күндізгі, сырттай оқу нысандарының студенттеріне пәндер бойынша емтихан тапсыру негізінен тестілеу түрінде өткізіледі.

26. Күндізгі, сырттай оқу нысандарында қысқартылған білім беру бағдарламасымен оқитын студенттерді емтихан қабылдау мазмұны күндізгі оқу нысанындағы студенттерден емтихан қабылдау мазмұнына сәйкес ұйымдастырылады.



27. Дәстүрлі оқыту технологиясы негізінде оқу үдерісі ұйымдастырылатын сырттай оқу нысанының студенттеріне емтихан сессиясын ойдағыдай аяқтаған жағдайда келесі емтихан сессиясына шақыру-анықтамасы беріледі.

28. Шақыру-анықтамаларын алғаннан кейін студенттер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек Кодексінің 98-бабының 1 тармағына сәйкес жұмыс жасайтын мекеме басшылығынан оқу демалысын алып, оқу-емтихан сессиясына қатысуы тиіс.

29. Шақыру-анықтамаларын беру мен сырттай оқу нысаны студенттерінің емтихан сессиясына қатысуы университетте қатаң есепке алынады.

30. Ақылы негізде оқитын, оқу ақысын мерзімінде төлемеген студент төрт апта ішінде оқу ақысын төлеген жағдайда қайта қабылдану мүмкіндігімен оқудан шығарылады.

31. Қысқартылған білім беру бағдарламасымен дәстүрлі оқу үдерісі ұйымдастырылатын сырттай оқу нысанының және қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде оқу үдерісі ұйымдастырылатын күндізгі, сырттай оқу нысандарының студенттері мамандықтың үлгілік оқу жоспарының талабына сәйкес кәсіптік практикаға жіберіледі. Кәсіптік практика жоғары білімнің міндетті кешендік оқу бағдарламасы болып табылады. Ол оқу, педагогикалық, өндірістік және диплом алдындағы болып бөлінеді. Кәсіби пратиканың барлық түрлерінің жалпы көлемінің құрылуы 6 кредитті құрайды. Студент оқитын мамандығы бойынша жұмыс істеп жатқан жағдайда жұмыс орнынан анықтама ұсыну арқылы кәсіптік практикадан босатылады.



32. Жұмыс және жеке оқу жоспары мен жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес оқу үдерісін толық аяқтаған студенттер қорытынды аттестаттауға жіберіледі.

33. Бітіруші курстың студенті жұмыс және жеке оқу жоспары талаптарын және жұмыс оқу бағдарламасын орындамаса жазғы қосымша семестрге қалдырылмастан оқу курсына қайта қалдырылады.

34. Қысқартылған білім беру бағдарламасымен мамандар даярлау жүргізілетін техника және технология, ауылшаруашылығы, қызмет көрсету бағытындағы мамандықтар бойынша қорытынды аттестаттау кезінде студент дипломдық жұмыс (жоба) орындайды және бекітілген пәннен мемлекеттік емтихан тапсырады. Ал, білім, гуманитарлық, құқық, экономика және бизнес бағытындағы мамандықтар бойынша қорытынды аттестаттау кезінде студент дипломдық жұмыс (жоба) орнына екі пәннен мемлекеттік емтихан тапсырады.

35. Екі мемлекеттік емтихан пәндерінің тізбесі бітіртуші кафедраның берген хаттамасына сәйкес университет ректорының арнайы бұйрығымен бекітіледі.

36. Техника және технология, ауылшаруашылығы, қызмет көрсету бағытындағы мамандықтар студенттеріне мынадай жағдайда дипломдық жұмыстың (жобаның) орнына екі мемлекеттік емтихан тапсыруға рұқсат етіледі:



1) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың негізінде стационарда ұзақ емделуде (бір айдан артық);

2) бала тууы туралы куәлігінің негізінде 3 жасқа дейінгі балалары бар;

3) ата-аналарының денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасының негізінде ауру ата-анасын күтуші;

4) мүгедек туралы медициналық анықтаманың негізінде мүмкіндігі шектеулі мүгедек.

Бұл жағдайда білім алушы жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады және тиісті құжаттарды ұсынады.

37. Қорытынды аттестаттаудан өтпеген тұлғалар бір жыл өткеннен кейін, қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі аптадан кешікпей, ЖОО басшысының атына қайта қорытынды аттестаттауға жіберуге рұқсат беру туралы өтініш жазады.

38. Оқу үдерісінің аяқталуының негізгі өлшемі болып студенттердің үлгілік оқу жоспарының талаптарына сәйкес келетін оқытудың теориялық курсы мен кәсіби практикалардың қажетті көлемін меңгеруі саналады.


ПРАВИЛА ОРГАНИЗАЦИИ ОБУЧЕНИЯ С ПРИМЕНЕНИЕМ



ДИСТАНЦИОННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ТЕХНОЛОГИЙ


    1. Общие положения




  1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Приказом Министра образования и науки РК от 20 марта 2015 года №137 «Об утверждении Правил организации учебного процесса по дистанционным образовательным технологиям» (с изменением приказа министра образования и науки РК №343 от 30 мая 2016 года) и устанавливают общие требования к организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий в КГУ имени Коркыт Ата.

В настоящих Правилах используются следующие термины и определения:



1) ТВ-технология – технологии, базирующиеся на использовании эфирных, кабельных

  1. спутниковых систем телевидения;




    1. сетевая технология – технология, включающая обеспечение учебно-методическими материалами, формы интерактивного взаимодействия обучающихся с преподавателем и друг




  1. другом, а также администрирование учебного процесса на основе использования сети Интернет;




    1. кейсовая технология – технология, основанная на комплектовании наборов (кейсов) учебно-методических материалов на бумажных, электронных и прочих носителях и рассылке их обучающимся для самостоятельного изучения;




    1. Интернет-ресурс организации образования, реализующей дистанционные образовательные технологии – Интернет-ресурс, содержащий административно-академическую информацию для участников образовательного процесса;




    1. информационно-образовательный портал – системно-организованная взаимосвязанная совокупность информационных ресурсов и сервисов Интернет, содержащая административно-академическую учебно-методическую информацию, позволяющая организовать образовательный процесс по ДОТ;




    1. контент – информационное наполнение учебных материалов (тексты, графика, мультимедиа и иное информационно значимое наполнение);




    1. мультимедиа – комплекс аппаратных и программных средств, позволяющих пользователю работать в диалоговом режиме с разнородными данными (графикой, текстом, звуком, видео);

  1. информационная технология дистанционного обучения – технология создания, пе-редачи и хранения учебных материалов на электронных носителях, инфо-телекоммуникационные технологии организации и сопровождения учебного процесса;




  1. информационно-образовательные ресурсы (далее ИОР)– формализованные идеи и знания образовательного характера, различные данные, методы и средства их накопления, хранения и обмена между источниками и потребителями информации;



  1. ДОТ - дистанционная образовательная технология – это не форма обучения, а технология применяемая для очной и заочной формы обучения;



  1. Эдвайзер–лицо, помогающее обучающимся осваивать изучаемую с преподавателем дисциплину.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет