ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТ
Қызылорда 2016
МАЗМҰНЫ
1
|
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде бакалавриат бағдарламалары туралы ереже
|
4
|
2
|
Магистратура және докторантура туралы ереже
|
21
|
3
|
Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру
қағидалары
|
43
|
4
|
Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам
|
46
|
5
|
Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий
|
49
|
6
|
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенттерінің кәсіптік практикадан өту туралы ереже
|
55
|
7
|
Магистранттар мен докторанттардың кәсіби іс-тәжірибелерін ұйымдастыру Ережелері
|
62
|
8
|
Академиялық ұтқырлық туралы ереже
|
69
|
9
|
Эдвайзер туралы ЕРЕЖЕ
|
94
|
10
| Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
Ғылыми-әдістемелік кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
|
98
|
11
|
Факультеттің әдістемелік бюросын ұйымдастыру және қызметі туралы ЕРЕЖЕ
|
102
|
12
|
Пәннің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу және рәсімдеу ЕРЕЖЕСІ
|
106
|
13
|
Пәндердің негізгі оқу бағдарламаларын әзірлеудің және рәсімдеудің ЕРЕЖЕЛЕРІ
|
129
|
14
|
Ғылыми –зерттеу жұмыстары нәтижелерін оқу үдерісіне ендіру туралы ЕРЕЖЕ
|
133
|
15
|
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау ЕРЕЖЕЛЕРІ
|
137
|
16
|
Магистратурадағы курстық жұмыс туралы ереже
|
154
|
17
|
Магистрлік диссертация/магистрлік жоба туралы ереже
|
160
|
18
|
Электронды оқу құралдарын құру Ережесі
|
180
|
19
|
DIPLOMA SUPPLEMENT ЕУРОПАЛЫҚ үлгідегі дипломға қосымшаны жасау және беру туралы әдістемелік ұсыныстар
|
187
|
20
|
Оқу үлгірімдерін сырттай бағалау пәндерінен тест тапсырмалары кешенін даярлаудың ережелері ЕРЕЖЕЛЕРІ
|
201
|
21
|
Жас оқытушылар мектебі туралы ЕРЕЖЕ
|
206
|
22
|
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетiнде
білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық, midterm және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
|
208
|
23
|
Оқу сабақтарына мониторинг жүргізу тәртібі
|
224
|
24
|
Білім алушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру ЕРЕЖЕЛЕРІ
|
228
|
25
|
Білім бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға арналған әдістемелік ұсынымдар
|
233
|
26
|
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлар құрамын аттестаттаудың ережесі
|
243
|
27
|
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
білім алушыларын жатақханаға орналастыру және жатақхананың ішкі тәртібін қамтамасыз ету, жатақханадан шығару туралы ереже
|
249
|
28
|
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің білім беру қызметін жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі қоғамдық комиссия ЕРЕЖЕСІ
|
259
|
29
|
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдауды ұйымдастыру қағидалары
|
262
|
30
|
Оқыту сапасын бағалаудың әдістемелік ұсыныстары
|
267
|
31
|
Магистратура мен докторантурадағы қорытынды аттестаттау туралы ереже
|
276
|
32
|
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқытушысының кәсіби этика Кодексі
|
311
|
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде бакалавриат бағдарламалары туралы ереже
Осы Ереже университетте бакалавриат мамандықтарының білім беру бағдарламаларына, білім алушылардың даярлық деңгейіне, білім беру мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемелеріне қойылатын талаптарды айқындайды.
1 Жалпы ережелер
Университет бакалавриат мамандықтары бойынша жоғары білімді кадрлар даярлауда сүйенеді:
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.08.2012 ж №1080 қаулысымен бекітілген, ҚР Үкіметінің 13.05.2016 №292 қаулысымен өзгерістер енгізілген «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты»;
Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші;
Академиялық күнтізбе;
Мамандықтардың үлгілік оқу жоспарлары;
Студенттердің жеке оқу жоспарлары;
Мамандықтардың жұмыс оқу жоспарлары;
Пәндердің оқу бағдарламалары.
2. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша оқу бағдарламасын толық игерген, қорытынды аттестаттаудан өткен тұлғаларға «бакалавр» академиялық дәрежесін береді және қосымшасы (транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом тапсырылады.
Университет бітірушіге дипломға жалпыеуропалық қосымша (Diploma Supplement) береді.
3. Университет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар жіктеуішіне және бакалавриаттың тиісті мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиясына сәйкес студенттерге мынадай мамандықтар тобы бойынша жоғары білім береді:
1) «Білім» мамандықтар тобы бойынша – жоғары педагогикалық білім;
2) «Гуманитарлық ғылымдар» мамандықтар тобы бойынша – жоғары гуманитарлық білім;
3) «Құқық» мамандықтар тобы бойынша – жоғары заң білімі;
4) «Өнер» мамандықтар тобы бойынша – жоғары өнертану білімі;
5) «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтар тобы бойынша – жоғары әлеуметтік-гуманитарлық тиісінше жоғары экономикалық білім;
6) «Жаратылыстану ғылымдары» мамандықтар тобы бойынша – жоғары жаратылыстану ғылыми білімі;
7) «Техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша – жоғары техникалық білімі;
8) «Ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтар тобы бойынша – жоғары ауылшаруашылық білімі;
9) «Қызмет көрсету» мамандықтар тобы бойынша – қызмет көрсету саласындағы жоғары білім;
10) «Әскери іс және қауіпсіздік» мамандықтар тобы бойынша – әскери іс және қауіпсіздік саласындағы жоғары білім.
4. Білім алушылардың даярлық деңгейі бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер Дублин дескрипторларының негізінде анықталады және құзыреттілік арқылы көрінеді. Оқыту нәтижелері бағдарламаның барлық деңгейінде, сондай-ақ жеке пән модулінің деңгейінде сипатталады.
Бірінші деңгейдегі дескрипторлар:
1) зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, осы сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу;
2) осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу;
3) дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саладағы проблемаларды шешу;
4) әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажетті ақпарат жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру;
5) ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
2. Білім алушыларды даярлау деңгейіне қойылатын талаптар
5. Университет бітірушісінің негізгі кәсіби құзыреттері жалпы білімділікке, әлеуметтік-этикалық құзыреттерге, экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне, кәсіби құзыреттерге қойылатын талаптар негізінде қалыптасады.
6. Жалпы білім беретін пәндер циклі міндетті компонент пәндерінен тұрады және таңдау компоненттерін де қамтуы мүмкін. Базалық пәндер және бейіндеуші пәндер циклдері міндетті компонент және таңдау бойынша компонент пәндерін қамтиды.
7. Міндетті компонент пәндерінің тізбесі үлгілік оқу жоспарымен айқындалады. Міндетті компонент пәндерінің көлемін азайтуға жол берілмейді. Бұл ретте техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында жеделдетілген оқыту мерзімінде қысқартылған білім беру бағдарламалары үшін рұқсат беріледі.
8. Таңдау компоненті нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігі мен еңбек нарығының сұранысын, нақты жоғары оқу орнында қалыптасқан ғылыми мектепті, сондай-ақ білім алушының жеке қызығушылығын ескереді.
Таңдау компоненті пәндерінің тізбесін университет өзі анықтайды.
9. Үлгілік оқу жоспарындағы ЖБП циклінің көлемі жоспардағы пәндердің жалпы көлемінен кемінде 20 %-дан аспайды немесе 28 кредитті құрайды. Олардың 21 кредиті міндетті компонент пәндеріне тиесілі: Қазақстанның қазіргі заман тарихы, философия, қазақ (орыс) тілі, шетел тілі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні оқыту тіліне қарамастан барлық мамандықта ағылшын тілінде оқытылады.
Таңдау компоненті үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінен кемінде 7 кредитті құрайды. Мамандықтарға байланысты университет пәндерді өз бетінше қоса алады және пәндер бойынша интеграцияланған бағдарламалар әзірлей алады.
ЖБП циклінің таңдау компонентіндегі пәндер білім алушылардың бойында ұлттық бірегейлік құзыреттіліктерін қалыптастыруға және «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын, жалпы мәдени дүниетанымды, қоғамдық қатынастарда әлеуметтенуді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникативтік, креативті және инновациялық дағдыларды дамытуға бағытталады.
10. Үлгілік оқу жоспарындағы БП циклінің көлемі пәндердің жалпы көлемінің 55 %-ын немесе 69 кредитті құрайды, оның ішінде 20 кредит міндетті компонент пәндеріне және 49 кредит таңдау компоненті пәндеріне беріледі.
Бұл ретте таңдау компоненті кафедралардың, жұмыс берушілердің және білім алушылардың ұсыныстары бойынша қалыптастырылады.
11. БП цикліндегі міндетті компонентке әрбіреуі кемінде 2 кредит көлемінде «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» және «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәндері енгізіледі.
Көрсетілген пәндер бірлесіп тілдік және тиісті мамандық бойынша бейінді кафедраларға жүктеледі.
12. Бейіндеуші пәндер цикліндегі пәндер көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 25%-ын немесе 32 кредитті құрайды, оның ішінде 5 кредит міндетті компонент пәндеріне және 27 кредит таңдау компоненті пәндеріне беріледі.
13. Оқытудың қосымша түрлері міндетті компоненттен және таңдау компонентінен тұрады. Міндетті компоненттің жалпы көлемі кемінде 14 кредитті құрайды және көлемі 8 кредит «Дене шынықтыру» пәнінен және кемінде 6 кредит кәсіби практикадан тұрады. Таңдау компонентінің көлемін білім алушылар мен жұмыс берушілердің ұсыныстары бойынша университет өз бетінше анықтайды.
Оқытудың қосымша түрлері есебінен міндетті компонент пәндерінің көлемін ұлғайтуға рұқсат беріледі.
14. Университетте бакалавриаттың білім беру бағдарламасының құрылымы 1-қосымшаға сәйкес келтірілген.
15. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу сабақтарын жүргізу тәсілдерін, студенттің өзіндік жұмысын, олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау нысандарын таңдау арқылы жүзеге асырылады.
16. Университет Үш тілде білім беру бағдарламасы бойынша білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды үш тілде: оқыту тілінде, екінші тілде және ағылшын тілінде жүзеге асырады.
Бұл ретте оқу пәндерінің 50 %-ы оқыту (қазақ немесе орыс) тілінде, 20 %-ын екінші тілде (сәйкесінше орыс немесе қазақ), 30 %-ын ағылшын тілінде оқытылады.
17. Университет дуальді оқыту элементтерін енгізген жағдайда білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды теориялық оқыту мен өндірістегі практикалық дайындықты үйлестіру негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте пәннің оқу материалының 40 %-ына дейін тікелей өндірісте (технологиялық процесс, шығармашылық қызмет процесі, қаржы-экономикалық процестер, психологиялық-педагогикалық процесс және т.б.) меңгерілуі тиіс.
3. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
18. Бакалавриат бойынша білім берудің басты мақсаты мамандық бойынша дербес жұмыс жасау үшін жоғары білімі бар мамандардың сапасына қойылатын заманауи талаптарға сай келетін білікті, бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауды қамтамасыз ету болып табылады.
19. Білім беру бағдарламаларындағы кәсіби құзыреттер жоғары білімнің әрбір мамандығы бойынша кәсіптік стандарттар негізінде жұмыс берушілердің талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұранысын ескере отырып әзірленеді.
Білім беру бағдарламаларының мазмұнында айқындалған негізгі құндылықтар:
1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) ашықтық.
20 Жалпы білімділікке қойылатын талаптар:
1) ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндері саласында базалық білімінің болуы;
2) заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды қолдана білуі;
3) күнделікті кәсіптік қызметке және магистратурада білім алуды жалғастыруға қажетті жаңа білімді меңгеру дағдысының болуы.
21. Әлеуметтік-этикалық құзыреттерге қойылатын талаптар:
1) қоғамдық пікірге, дәстүрге, салтқа, қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және өзінің кәсіптік қызметінде оларға сүйену;
2) іскерлік этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын игеру;
3) Қазақстан халқының дәстүрі мен мәдениетін білу;
4) әлемнің басқа халықтарының дәстүрі мен мәдениетіне толерантты болу;
5) Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамасының негіздерін білу;
6) ғылым және ғылыми ойлау туралы жалпы түсінігінің болуы;
7) қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу;
8) түрлі әлеуметтік жағдайларда саналы түрде дұрыс бағыт ұстана білу;
9) командада жұмыс істеуге қабілетті болу, өзінің көзқарасын әдеппен дәлелдей алу, жаңа шешімдер ұсына білу;
10) ортақ келісімге келе білу, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра білу;
11) кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу.
22. Экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне қойылатын талаптар:
1) экономикалық білім негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг, қаржы және т.с.с. жөнінде ғылыми түсінігінің болуы;
2) экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары мен әдістерін, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін білу және түсіну.
23. Өзгерістер мен белгісіздіктер серпінінің өсуі жағдайында әлеуметтік, экономикалық, кәсіби рөлдердің ауысуына, географиялық және әлеуметтік ұтқырлыққа байланысты дайындыққа қойылатын талаптар:
1) заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және әлемдік экономикадағы серпінді түрде өзгеріп отыратын құбылыстар мен процестерге бейімделе білу;
2) кәсіптік қызметке байланысты түрлі жағдайларда икемді және ұтқыр болу;
3) белгісіздіктер мен қауіп-қатер жағдайында экономикалық және ұйымдастыру сипатында шешімдер қабылдау дағдыларының болуы.
24. Университет бакалавриат мамандықтары шеңберінде Ұлттық біліктілік шеңберіне, кәсіптік стандарттарға сәйкес және Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шеңберімен келісілген әртүрлі білім беру бағдарламаларын әзірлейді.
Ең бастысы білім беру бағдарламалары оқытудың нәтижесіне бағдарланады.
25. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-өлшем құралдары: оқу жоспарлары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезеңдердің ұзақтығына, академиялық сабақ түрлеріне, оқу материалының көлеміне қойылатын талаптарға сәйкес айқындалады.
4. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру
26. Университетте білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарларының негізінде жүзеге асырылады.
Оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ), жеке (ЖОЖ) және жұмыстық (ОЖЖ) болып бөлінеді.
27. ҮОЖ-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәні мен оқу қызметінің түрі (практика, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты жазу және қорғау) нақты кредитпен айқындалады, ал оқу пәндерінің әр циклі бойынша таңдау компоненті кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.
28. Мамандар шығарушы кафедра ҮОЖ-ға қосымша жыл сайын таңдау компонентіндегі барлық пәндердің жүйеленген, аннотацияланған тізбесі болып табылатын элективті пәндер каталогын (ЭПК) әзірлейді. ЭПК-де әр оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіледі. ЭПК студенттерге элективті оқу пәндерін баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
ЭПК университетте мамандықтардың бейініне сәйкес құрылған академиялық кеңестерде жұмыс берушілердің қатысуымен қаралып, бекітілуге ұсынылады. ЭПК-ны факультет деканы бекітеді.
29. Мамандық бойынша ҮОЖ мен ЭПК негізінде студент эдвайзердің көмегімен ЖОЖ құрады. ЖОЖ әрбір студенттің жеке білім алу траекториясын айқындайды. Студент белгіленген мерзімде «Platonus» ақпараттық жүйесі бағдарламасына еркін және ашық түрде өзінің құпия сөзі арқылы элективті пәндерге және оқытушыға таңдау жасайды.
ЖОЖ-ға ҮОЖ-дан міндетті компонент пәндері және оқу қызметінің түрлері (практикалар, мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау) және ЭПК-дан таңдау компоненті пәндері кіреді.
Пәнді және дәріс беретін оқытушыны таңдағаннан кейін студенттің жеке оқу жоспары жасалады. Мамандықтың үлгілік оқу жоспары, білім алушының жеке жоспары негізінде мамандықтың жұмыс оқу жоспары түзіледі.
Оқу пәніне жазылған 2, 3, 4 курс студенттері 1 сәуірден 25-ші тамызға дейін жеке жұмыс жоспарына өзгерістер енгізу туралы қайта тапсырыс бере алады. Бұл жағдайда студент эдвайзердің кеңесімен факультет деканына белгіленген үлгіде өзгерістер көрсетілген жазбаша тапсырысын береді.
1 курсқа қабылданған білім алушылар сабақ басталғанға дейін эдвайзердің көмегімен мамандықтың үлгілік оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы бойынша академиялық күнтізбеге сәйкес бір апталық мерзімде таңдау пәндеріне жазылады.
30. Мамандықтың жұмыс оқу жоспарын университеттің Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ректор бекітеді.
Мамандықтың жұмыс оқу жоспарында оқу жылында оқытылатын пәндер тізбесі, оқытылу реті, оқу сабақтарының түрлері мен бақылау нысандары, сондай-ақ оқу қызметінің басқа да түрлері (практикалар, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау) айқындалады.
31. ЭПК, ЖОЖ және ОЖЖ-ның нысаны, құрылымы, әзірлеу және бекіту тәртібі 7.01-14 университеттің стандартына сәйкес дайындалады.
32. Барлық оқу пәндерінің мазмұны республикалық оқу әдістемелік бірлестіктерде бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары және оқу жұмыс бағдарламаларымен (Syllabus) айқындалады.
33. Syllabus оқу жоспарының барлық пәндері бойынша әзірленіп, академиялық кеңесте талқыланып, факультет деканы бекітеді. Бұл ретте міндетті компонент пәндері бойынша Syllabus әзірлеу үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. Таңдау пәндері бойынша Syllabus факультеттің ғылыми кеңесінде бекітілген оқу бағдарламасы негізінде жасалады.
34. Студенттердің оқу жетістіктерін бақылауды және олардың оқу пәндері немесе модульдер бойынша білімін бағалауды оқу процесінің межелік кезеңдерінде оқу процесін тіркеуші офисі ұйымдастырады. Студенттердің пәндер бойынша оқу жетістіктерін аралық бақылау 3 кезенен тұрады. 1,2 аралық бақылау және Midterm (академиялық кезеңнің ортасында жүргізілетін студенттердің оқу жетістіктерін бақылау түрі) түрінде ұйымдастырылады. Midterm кезінде бақылау түрі жазбаша-ауызша (жазбаша жауап парағына жазып, ауызша қорғау) болады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша бекітілген пәндерден бақылау тест түрінде белгіленеді, Midterm кезінде осы пәндерден бақылау түрі жазбаша-ауызша болып қабылданады.
35. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау пәннің оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақтарда оқытушы жүргізетін білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тексеруді қамтамасыз етеді.
36. Курстық, есептеу-графикалық және оқу жоспарында көзделген басқа да жұмыс түрлері емтихан сессиясы басталғанға дейін қорғалып, осы пәннен емтиханға жіберу қызметін атқаруы тиіс. Осы жұмыс түрлері бойынша бағалаулар пәннен емтиханға жіберу рейтингісін есептеу кезінде (яғни рейтингілік бақылау жүргізу кезінде) ескерілуі тиіс.
Егер оқу жоспарына сәйкес пән бойынша бақылау нысаны курстық жұмыс (жоба) болып қана айқындалса, онда курстық жұмысты (жобаны) қорғау бағасы жалпы пән бойынша жалпы қорытынды баға болып табылады.
37. Білім алушылардың әр пәннен оқу жетістіктерінің деңгейі емтиханға жіберу рейтингісінің бағасынан, емтихан бағасынан құралатын қорытынды бағамен айқындалады, олардың сомасы қорытынды бақылау бағасын қалыптастырады. Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы үлгерімді ағымдағы бақылау бағасы мен межелік бақылау бағасынан құралады. Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы пәннен қорытынды білім бағасының 60 %-ын құрайды.
38. Үлгерімді ағымдағы бақылау нәтижелерін есепке алуды оқытушы студенттердің жеке сабақ түрлерін орындау мен тапсыру шамасына қарай Syllabus мазмұнына сәйкес жүргізеді. Студенттердің күнделікті тапсырмаларды орындауы, сабаққа қатысуы мен үлгерімінің бағалануы ақпараттық жүйеде (Platonus, білім беру порталы) және оқытушының үлгерім журналында тіркеледі.
39. Сырттай оқыту нысандары және қашықтықтан оқыту технологиясымен оқитын студенттер емтиханға жіберу рейтингін барлық тиісті тапсырмаларды орындау шартымен белгіленген кесте бойынша емтихан сессиясы басталғанға дейін жинайды.
40. Ақылы негізде оқитын студенттерді сынақ-емтихан сессиясына жіберу келісім-шарт бойынша оқу ақысын төлеген жағдайда жіберіледі.
Қорытынды бақылау аралық аттестаттау кезеңінде жүргізіледі. Қорытынды бақылауды бағалау пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 40 %-ын құрайды.
Қорытынды бағалау білім алушы жіберу рейтингісімен қорытынды бақылаудан оң баға алған жағдайда ғана есептеледі.
41. Студентке емтиханға жіберу рейтингісінің қорытынды бақылау бағаларына апелляция жасауға құқығы беріледі. Осы мақсатта университет ректорының бұйрығымен біліктілігі апелляцияланушы пән бейініне сәйкес келетін оқытушылар құрамынан апелляциялық комиссия құрылады. Аппеляциялық комиссияның қаулысы қорытынды шешім болып есептеледі.
42. Кәсіптік практиканың көлемі 6-дан 20 кредит аралығында болуы тиіс.
Практиканын түрлері мамандықтардың типтік оқу жоспарларына сәйкес анықталады.
Кәсіптік практика қорытындылары бойынша студенттер тиісті кафедраға есеп тапсырады, оны жетекші мен кеңесші тексереді және кафедра меңгерушісі өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды. Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың белгіленген балдық-рейтингілік әріптік жүйесі сараланған сынақпен бағаланады.
Практика бойынша баға көрсетілген білімге сәйкес ұсынылған есепті қорғау қорытындыларына сәйкес қойылады.
Практика бойынша екі жетекші болған жағдайда өндірістегі жетекшінің үлес салмағы қорытынды бағалаудың 40%-ын, университеттің жетекшісінің үлесі 60 %-ды құрап, қорытынды баға қойылады.
43. Практикадан өтпеген, практика бағдарламаларын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір алған немесе есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер теориялық оқытумен қатар келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестр кезеңінде практикаға қайта жіберіледі.
44. Оқу процесін тіркеуші офисі білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын есепке алады, ол студенттердің белгіленген үлгідегі транскриптінде көрсетіледі.
Транскрипт білім алушыға білім алудың кез келген кезеңінде оның жазбаша өтініші негізінде беріледі.
45. Бітірушілердің білімін, іскерлігін, дағдысын және құзыреттерін бақылау оларды қорытынды аттестаттау кезінде жүзеге асырылады.
46. Университетті бітірушілердің қорытынды аттестаттауы академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу жоспарларында көзделген мерзімде өткізіледі.
47. Оқу жоспары мен бағдарламалардың барлық талаптарын толық орындаған білім алушылар қорытынды мемлекеттік аттестаттауға жіберіледі.
48. Қорытынды аттестаттау мамандық бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру және дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау түрінде немесе мамандық бойынша және қосымша екі бейіндеуші пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру түрінде жүзеге асырылады.
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау дипломдық жұмысты (жобаны) жазудан және қорғау рәсімінен тұрады. Бұл ретте дипломдық жұмыс (жоба) бітірушінің талдау және зерттеу қабілеттерін анықтау және бағалау мақсатын көздейді.
49. Университетте дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау бакалавриаттың техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылығы ғылымдары бағытындағы мамандықтар бойынша ғана жүзеге асырылады. Басқа мамандықтар тобы бойынша бітірушілер мамандық бойынша және қосымша екі бейіндеуші пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсырады.
50. Университет білім беру мазмұнын жоспарлауды, оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу тәсілін кредиттік оқыту технологиясы негізінде өз бетінше жүзеге асырады.
51. Оқу процесін жоспарлау кезінде мамандар шығарушы кафедра 2,3 қосымшаға сәйкес бакалавриаттың білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормаларын басшылыққа алады.
52. Білім беру бағдарламаларының құрылымы білім беру мазмұнын айқындайтын оқу жұмыстарының түрлерінен қалыптастырылады.
53. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы:
1) жалпы білім беретін, базалық және бейіндеуші пәндер циклдерін меңгеруден тұратын теориялық оқытуды;
2) оқытудың қосымша түрлері – кәсіптік практиканың түрлерін, дене шынықтыруды, әскери дайындықты және т.б.;
3) аралық және қорытынды аттестаттауды қамтиды.
Бұл ретте бакалавриаттың білім беру бағдарламалары модульді оқыту қағидаты бойынша құрылады.
54. Оқу жұмысының еңбекті қажетсінуін есепке алу оқытылатын материалдың көлемі бойынша жүзеге асырылады және оқытудың нақты нәтижелеріне қол жеткізуге қажетті студенттер мен оқытушылардың еңбек шығынының өлшем бірлігі болып табылатын кредиттермен өлшенеді.
Оқу жұмысының мынадай негізгі түрлері белгіленеді: дәрістер, практикалық (семинарлар), зертханалық, студиялық сабақтар, студенттің өзіндік жұмысы, курстық, есептік-графикалық жұмыстар(жобалар), кәсіптік практикалардың барлық түрлері, қорытынды аттестаттауға дайындық және одан өту.
55. Дәрістер мен семинарлар, практикалық, студиялық және зертханалық сабақтар арасындағы кредит көлемінің арақатынасын ЖОО үлгілік оқу жоспарына сәйкес анықтайды.
56. Оқу процесін кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру кезінде әр оқу пәнінің көлемі кредиттің бүтін санын құрауы тиіс. Бұл ретте пән, әдетте, кемінде 3 кредит көлемімен бағаланады.
Ерекше жағдайда пәнді 2 кредитпен бағалауға жол беріледі.
57. Дене шынықтыруды, тілдік пәндерді қоспағанда, әрбір оқу пәні қайталанбайтын бір атауға ие болуы тиіс.
58. Білім алушылар әрбір оқу пәнін бір академиялық кезеңде меңгеріп, оны аяқтаған соң емтихан нысанындағы қорытынды бақылауды тапсырады. Кәсіби практиканың барлық түрлері, курстық жұмыстар (жобалар) бойынша қорытынды бақылау білім алушылардың оқу жұмысының аталған түрлерін қорғау түрінде өткізіліп, белгіленген бағалар шкаласы бойынша бағаланады.
59. Оқу жоспарларының барлық нысандарында оқу жоспарындағы әрбір пәнге тиісті әріптік және сандық таңбалар түрінде кодтың берілуін қарастыратын пәндерді кодтаудың бірыңғай жүйесі қолданылады.
60. Бакалавриатта білімді меңгерудің нормативтік мерзімі 4 жылды, жоғары арнаулы білім беруде– 5 жылды құрайды.
61. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасын меңгерген және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға 4-қосымшаға сәйкес тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесі немесе біліктілік және қосымшасы (транскрипт) бар мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
4. Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
62. Студенттің оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы ішінде әрбір оқу пәні немесе оқу жұмысының түрі бойынша меңгеретін кредит санымен өлшенеді.
63. ОПҚ-ның оқу жүктемесін жоспарлау кредитпен немесе аудиториялық оқу сабақтарының кестесі бойынша немесе оқу жұмысының басқа түрлері үшін жеке бекітілген график бойынша оқытушының студентпен байланыс жұмысының уақытын білдіретін академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.
64. Аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. Студиялық, зертханалық, сондай-ақ дене шынықтыру сабақтары бұдан өзгеше, онда бір академиялық сағат тиісінше студиялық сабақтар үшін – 75 минутқа немесе зертханалық сабақтар мен дене тәрбиесі сабақтары үшін 100 минутқа тең.
Практиканың, студенттерді қорытынды аттестаттаудың барлық түрлері үшін бір академиялық сағат 50 минутқа тең.
65. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит:
1) семестр түріндегі академиялық кезең бойында студенттің аудиториялық жұмысының;
2) кәсіптік практика кезеңіндегі студенттің оқытушымен жұмысының;
3) студенттің дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау бойынша жұмысының;
4) студенттің мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындық пен оны тапсыру бойынша жұмысының 15 академиялық сағатына тең екенін ескеру қажет.
66. Студенттің оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу жұмыстарының түрлері үшін академиялық сағатпен ілесе жүретін оқу сағаттарының көлемдерімен (50 минуттық байланыс сағаттары) анықталады.
Студенттің аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары тиісті СӨЖ сағаттарының санымен толығады, осылайша бір кредитке студенттің семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір аптасындағы жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады.
Дәрістермен практикалық (семинар) сабақтар кезіндегі студенттің оқытушымен жұмысының байланыс сағаттары жиынтығында әр байланыс сағаты 2 сағат СӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
Дене шынықтыру сабақтары қосымша СӨЖ сағаттарымен қамтылмайды.
67. Практиканың әрбір академиялық сағаты (оқу практикасынан басқа) студенттің қосымша жұмысының тиісті оқу сағаттарымен толықтырылады: педагогикалық практика үшін – 1 сағат, өндірістік практика үшін – 4 сағат.
68. Қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау бойынша студенттің оқытушымен байланыс жұмысының немесе мемлекеттік емтиханға дайындық және оны тапсыру бойынша студенттің оқытушымен жұмысының бір сағаты (50 минут) болып табылады. Студентті қорытынды аттестаттаудың әрбір академиялық сағаты 6 сағаттық СӨЖ-бен қамтамасыз етіледі.
69. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңінен, практикалардан, тағылымдамалармен каникулдан тұрады. Соңғы курста оқу жылына қорытынды аттестаттау кезеңі қосылады.
70. Оқу жылының жалпы ұзақтығы 36 аптадан кем болмауы тиіс.
71. Университетте академиялық кезең ұзақтығы 15 апта болатын семестрден тұрады.
72. Әрбір академиялық кезең ұзақтығы 1 аптадан кем болмайтын студенттерді аралық аттестаттау кезеңімен аяқталады.
73. Аралық аттестаттау кезеңінде барлық оқытылған пәндер бойынша қорытынды бақылау жүргізіліп, ағымдағы үлгерім бағалары (ағымдағы және межелік бақылаулар нәтижелері бойынша орташа арифметикалық бағалар) ескеріле отырып, пәндер бойынша қорытынды бағалар шығарылады.
Пән бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 %-дан, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі 30 %-дан кем болмауы тиіс.
74. Бітіруші курсты қоспағанда, студенттерге оқу жылы ішінде кемінде екі рет жалпы ұзақтығы кемінде 7 аптаны құрайтын каникул беріледі. Оқу жылындағы 7 аптадан артық демалыс уақытын университет өздігінен қызметтің басқа түрлеріне қайта бөле алады.
75. Кәсіптік практика жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Ол оқу, педагогикалық, өндірістік, дипломалды және т.б. болып бөлінеді. Мамандықтың үлгілік оқу жоспарында көрсетілмеген жағдайда дипломалды практиканы демалыс есебінен жоспарлауға болады.
Практикалардың ұзақтығы студенттің практика кезіндегі 30 сағатқа тең апта бойғы (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) нормативті жұмысын есепке ала отырып, аптамен анықталады. Апта санын шығару үшін практиканың кредитпен есептелген көлемі тиісті практика түрінің оқу сағатымен есептелген еңбек қажетсінуіне көбейтіледі және студенттің апта бойғы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлінеді.
Практиканың 1 кредиті бойынша еңбек көлемі оқу практикасы үшін 15 сағатты (50 минуттан), педагогикалық практика үшін 30 сағатты (50 минуттан), өндірістік практика үшін 75 сағатты (50 минуттан) құрайды. 1 кредитке келетін практиканың ұзақтығы аптамен есептегенде оқу практикасы үшін 0,5 аптаны, педагогикалық практика үшін 1 аптаны, өндірістік практика, тағылымдамалар үшін 2,5 аптаны құрайды.
76. Студенттерді қорытынды аттестаттауды аптамен жоспарлау 54 сағатқа тең студенттің апта бойғы жұмысының нормативті уақытына (6 күндік жұмыс аптасы кезінде СӨЖ-ді қоса есептегенде күніне 9 сағат) қарай анықталады.
Қызмет түрлері бойынша апта сандары өзгеруі мүмкін, бірақ студенттің орташа апталық жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс («Дене шынықтыру» пәнін қоспағанда).
77. Қорытынды аттестаттаудың 1 кредиті 105 (15х7) сағатқа тең, яғни 2 апта. Олардың ішінде 15 сағаты студент пен оқытушының байланыстағы жұмысына, ал 90 сағаты СӨЖ-ге арналады.
Техника және технологиялар тобындағы мамандықтар бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалуға және оны тапсыруға 1 кредит, яғни 2 апта бөлінеді.
Дипломдық жұмысты (жобаны) жазуға және қорғауға 2 кредит, яғни тиісінше 4 апта бөлінеді. Бұл ретте 2 кредитке дипломдық жұмысты (жобаны) ресімдеу мен қорғау кіреді. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау процесінің өзі алдын ала кәсіптік практика барысында және теориялық оқытудың соңғы кезеңінде жүзеге асырылады.
78. Білім алушылардың (бітіруші курсты қоспағанда) қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, оқу жоспарларындағы академиялық қарызды немесе айырмашылықты жою үшін, жазғы демалыс уақытында игерген кредиттерін өз университетте міндетті түрде қайта тапсыра отырып басқа жоғары оқу орнында оқу пәндерін оқып-үйрену, үлгерімнің орташа балын (GPA) көтеру үшін, екі дипломды білім беру шеңберінде аралас мамандықты меңгеру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта жазғы семестр енгізіледі.
Бұл ретте академиялық қарызды немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою және қосымша оқу ақылы негізде жүзеге асырылады.
79. Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі өлшемшарты білім алушының теориялық оқу бойынша кемінде 129 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 6 кредитін игеруі болып табылады.
Жекелеген мамандықтардың ерекшеліктеріне қарай (жоғары арнаулы білім беру бағдарламаларын қоса алғанда) білім беру процесінің аяқталғандығының негізгі өлшемшарты ретінде студенттің «Өнер» тобы бойынша – теориялық оқудың 160-180 кредитіне дейін игеруі болып табылады.
Бұл ретте университет іске асырылатын білім беру бағдарламаларының ерекшеліктеріне қарай игеруге қажетті кредиттер көлемін арттыра алады.
Қорытынды аттестаттаудың жалпы көлемі (сағатпен) және дене шынықтыру сабақтары студенттің апталық жүктемесіне енбейді.
Достарыңызбен бөлісу: |