Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 46 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 49



бет3/18
Дата15.03.2020
өлшемі0,8 Mb.
#60187
түріПравила
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Магистратура және докторантура туралы ереже


  1. Қолдану саласы

Осы ереже Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі магистрлер (ғылыми-педагогикалық және салалық бағыттағы) мен докторлар (PhD докторантура мен бейіндік докторантураның білім бағдарламалары) даярлау бойынша жоо кейінгі білім бағдарламасын жүзеге асырудың міндетті талаптары мен тәртібін белгілейді.

Осы ереже Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің барлық құрылымдық бөлімшелерінде қолдануға міндетті болып табылады.
2.Нормативтік сілтемелер
Осы Ереже мыналарға сәйкес әзірленді:

- ҚР 27.07.2007ж. «Білім туралы»Заңына, 09.04.2016 ж. №501-V өзгертулері және толықтыруларымен;

- ҚР Үкіметінің 23.08.2012 жылғы №1080 қаулысымен бекітілген, 13.05.2016ж. №292 өзгертулері және толықтыруларымен Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына;

- ҚР Білім және ғылым министрінің 18.03.2008 жылғы №125 бұйрығымен бекітілген, 13.05.2016ж. №318 өзгертулері және толықтыруларымен Жоғары оқу орындарында оқитындардың сабақ үлгеріміне ағымды бақылау, аралық және қорытынды бақылау жүргізудің типтік ережелеріне;

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурызда №126 бұйрығымен бекітілген, 21.01.2016ж. №56 өзгертулері және толықтыруларымен Диссертациялық кеңес туралы ережесіне;

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілген, 30.05.2013ж. №214 өзгертулері және толықтыруларымен Ғылыми дәрежелерді беру ережелеріне.



ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 31 маусымдағы №391 бұйрығымен бекітілген, «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті дәлелдейтін құжаттар тізіміне».
3.Анықтамалар, терминдер мен қысқартулар
Осы Ережеде келесідей негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

докторантура – жоо кейінгі білім, оның білім бағдарламасы ғылыми, педагогикалық және (немесе) кәсіби қызмет үшін мамандар даярлап, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін беруге бағытталған;

докторлық диссертация – докторанттың ғылыми жұмысы, өз бетінше зерттеу жүргізуді білдіреді, онда теориялық ережелер әзірленген, олардың жиынтығын жаңа ғылыми жетістік деп, немесе ғылыми проблема шешілді деп, не болмаса ел экономикасын дамытуға елеулі үлес қосатын ғылыми негізделген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер баяндалды деп бағалауға болады;

кредиттік оқыту технологиясы – білім технологиясы, білім траекториясын дараландыруға, таңдамалық негізінде өзін өзі білімдендіру деңгейін арттыруға және игерілген оқу материалының көлемін кредиттер түрінде есептеуге бағытталған;

магистратура – жоо кейінгі білім, оның білім бағдарламасы тиісті мамандық бойынша «магистр» дәрежесін беру арқылы мамандар даярлауға бағытталған;

магистрлік диссертация – ғылыми-педагогикалық магистратура магистрантының бітіру жұмысы, өз бетінше ғылыми зерттеу жүргізуді білдіреді, таңдап алынған мамандық саласында ғылымның заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген, өзекті проблемалардың теориялық және/немесе практикалық әзірленімін білдіреді;

магистрлік жоба - бейінді магистратура магистрантының бітіруші біліктілік жұмысы, өз бетінше ғылыми зерттеу жүргізуді білдіреді, таңдап алынған мамандықтың өзекті проблемасының қолданбалы міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін теориялық және/немесе сынамалық нәтижелерді қамтиды;

транскрипт (Transcript) – тиісті оқу кезеңі ішінде өтілген пәндердің бағалары мен кредиттерін білімді баллдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша көрсеткен тізім бар құжат;

пререквизиттер (Prerequisite) – пәндер тізбесі, оқылатын пәнді игеруге қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтиды;

оқу процесін Тіркеуші офис – білім алушының оқудағы барлық жетістіктерінің тарихын тіркеумен айналысатын және білімді бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды және оның академиялық рейтингін есептеуді қамтамасыз ететін бөлімше;

сабақ үлгерімінің орташа баллы (GradePointAverage - GPA) - білім алушының оқудағы жетістіктерінің орташа өлшемді бағасы, таңдап алынған бағдарлама бойынша бір оқу жылына пәндер бойынша аралық аттестаттау бағасы баллдарының аралық аттестаттау пәндері бойынша жалпы кредиттер санына сандық эквиваленті мен кредиттерінің көбейтінділерінің қосындысы ретінде айқындалады;

Осы Ережеде келесі қысқартулар қолданылады:



Қорқыт Ата атындағы ҚМУ – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті;

ҚР БҒМ БҒСБК – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім мен ғылым саласындағы бақылау комитеті.

МАК – Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы.

4.Жалпы ережелер
1.ЖОО кейінгі білімнің мақсаты елдің даму болашағын ескере отырып, рухани-өнегелік қасиеттері биік, қоғамның прогрессивті ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын өз бетінше пайымдап, қамтамасыз ете білетін, бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандар даярлау болып табылады.

2. ЖОО кейінгі білімнің білім бағдарламаларын қамтамасыз ететін негізгі ұйымдық бірлік факультеттің бітіртуші кафедрасы болып табылады. Университет деңгейінде магистратура мен докторантураның білім беру процесін үйлестіріп отыруды және жүзеге асырылуын бақылап отыруды Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жоо кейінгі білім бөлімі жүргізеді.

3. Магистратура мен докторантураның білім бағдарламаларын жүзеге асыруды ғылыми зертетулер тақырыптарын ескере отырып, бітіртуші кафедра жүргізеді.

4. Магистратура мен докторантураға қабылдау ЖОО кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдарында оқуға қабылдаудың типтік ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

5. Магистрлер, PhD философия докторлары, салалық докторларды даярлау мемлекеттік білім тапсырысы аясында, сондай-ақ университет пен білім беру қызметіне тапсырыс берушінің арасында жасалатын ақылы оқу келісімшарты негізінде жүргізіледі.
5. Магистратура мен докторантураның білім бағдарламаларының құрылымы мен мазмұны
6.ЖОО кейінгі білімнің білім бағдарламаларын Дублиндік дескрипторлармен және Еуропалық біліктілік шеңберімен келісілген және кәсіби стандарттарға, Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес бітіртуші кафедра әзірлейді.

7. ЖОО кейінгі білімнің білім бағдарламалары екі бағыт бойынша жасалады: ғылыми-педагогикалық және бейіндік.

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы білім бағдарламасының мақсаты жоғары, жоо кейінгі білім жүйесі мен ғылым саласына, құқыққорғау қызметі жүйесіне тереңдетілген ғылыми-педагогикалық даярлыққа ие ғылыми және педагогикалық мамандар даярлау болып табылады.

Бейіндік бағыт экономика салалары, медицина, құқық, білім, өнер, қызметтер көрсету және бизнес, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік, құқыққорғау қызметі саласы үшін тереңдетілген кәсіби даярлыққа ие басқарушылық мамандар даярлау бойынша білім бағдарламаларын іске асырады. 

8. Магистратура мен докторантураның мамандықтары бойынша білім бағдарламаларын әзірлеп, жүзеге асыруды бітіртуші кафедра жүргізеді, ол білім беру процесінің жоо кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына және білім беру қызметін лицензиялауда қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес болуына жауапкершілік арқалайды.

9. Докторантураның кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын бітіртуші кафедра қамтамасыз етуі тиіс:

– даярлау мамандығына сәйкес келетін шетелдік ғалымдармен келісімдердің болуын;

– ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге ұйымдармен және кәсіпорындармен келісімдердің болуын;

– аккредиттелген шетелдік жоғары оқу орындарымен және(немесе) докторантура бағдарламасын іске асыратын ғылыми ұйымдармен ғылыми алмасу туралы келісімшарттардың болуын;

– практикалар базасы болып белгіленген ұйымдармен келісімшарттардың болуын;

- шетелдік тағылымдамаға арналған келісімшарттардың болуын.

10. ЖОО кейінгі білім бағдарламасының мазмұны қамтиды:

–теориялық оқу курсын;

– ғылыми-зерттеу/сынамалық-зерттеу жұмыстарының, оның ішінде диссертация орындау бағдарламасын;

– практиканы (педагогикалық, зерттеушілік, өндірістік);

– аралық және қорытынды аттестаттауды.

11. ЖОО кейінгі білімнің білім бағдарламасы модульдік оқыту қағидасы бойынша құрылымданады.

Әрбір білім бағдарламасы үшін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету топтамасы жасалып, ол мыналарды қамтиды:

– модульдік жұмыстық оқу жоспары;

–элективті пәндер каталогы;

– мамандықтар мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендері.

12. ЖОО кейінгі білімнің білім бағдарламасының ғылыми компоненті ғылыми-зерттеу жұмысынан (ғылыми-педагогикалық бағыттағы білім бағдарламалары үшін) немесе сынамалық-зерттеу жұмысынан (бейіндік білім бағдарламалары үшін), ғылыми/әдістемелік жарияланымдар дайындау және магистр, философия докторы (PhD), салалық доктор дәрежесіне ізденуге арналған диссертация орындаудан қалыптасады.

13. Магистранттар мен докторанттардың диссертациялық зерттеулерінің тақырыптары мен ғылыми жетекшілерін/ғылыми кеңесшілерін университеттің Ғылыми Кеңесі қарап, оқудың алғашқы екі айы ішінде ректордың бұйрығымен бекітіледі. Бітіртуші кафедра диссертациялық зерттеулердің тақырыптарының жалпы тізбесін анықтап, жыл сайын оны жаңартып отырады.

14. Магистратура/докторантураның білім алушысының ғылыми-зерттеу жұмысы тиісті:



- диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблематикасына сәйкес келуге;

- өзекті болуға, ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңызы болуына;

- ғылым мен практиканың заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуге;

- компьютерлік технологияларды қолданып, мәліметтерді өңдеу мен интерпретациялаудың заманауи әдістеріне сүйенуге;

- ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін пайдаланып орындалуға;

- қорғалатын негізгі ережелер бойынша ғылыми-зерттеушілік (әдістемелік, практикалық) бөлімдері болуға.

15. Магистратура/докторантураның білім алушысының сынамалық-зерттеушілік жұмысы тиісті:

диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблематикасына сәйкес болуға;

- өзекті болуға, ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңызы болуына;

ғылымның, техника мен өндірістің заманауи жетістіктеріне негізделуге және кешенді, функцияаралық сипаттағы басқарушылық міндеттерді өз бетінше шешуді, нақты практикалық ұсынымдарды қамтуға;

– озық ақпараттық технологияларды қолданып орындалуға;

– қорғауға шығарыллатын диссертацияның негізгі ережелері бойынша сынамалық-зерттеушілік (әдістемелік, практикалық) бөлімдері болуға. содержать экспериментально-исследовательские (методические, практические) разделы по основным положениям диссертации, выносимым на защиту.

16. ЖОО кейінгі білімнің білім бағдарламасында білім алушының зерттеушілік жұмыстарының нәтижелері ғылыми білім алушымен басылымдарда жариялануы және ғылыми конференцияларда баяндалуы тиіс. Магистратураның/докторантураның білім алушысының ғылыми-зерттеушілік/ сынамалық-зерттеушілік жұмысының қорытынды нәтижесі магистр, философия докторы (PhD), салалық доктор дәрежесіне ізденуге арналған диссертация болып табылады.

17. Магистр, философия докторы (PhD) дәрежесіне, салалық доктор дәрежесіне ізденуге арналған диссертация (магистрлік/докторлық диссертация (магистрлік жоба) – бітірушілік жұмыс, ол жаңа ғылыми нәтижелері бар ғылыми зерттеуді өз бетінше жүргізуді білдіреді. Магистрлік және докторлық диссертациялардың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар нормативтік құжаттармен айқындалады.

18. ЖОО кейінгі білімнің білім бағдарламаларында білім алушылардың практикасы ғылыми-зерттеушілік, педагогикалық және кәсіби қызметін қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

19. ЖОО кейінгі білімнің білім бағдарламаларында білім алушылардың аралық және қорытынды аттестаттауы білім алушылардың білім бағдарламаларының оқу және ғылыми компонентінің көлемі мен деңгейін, қажетті икемділіктер, дағдылар мен құзыреттіліктердің қалыптасу деңгейін, сондай-ақ білім бағдарламаларын бітірушілердің магистр, философия докторы (PhD) дәрежесіне, салалық доктор дәрежесіне ізденушілерге қойлатын талаптарға сәйкестігін бағалау мақсатында өткізіледі.

20. ЖОО кейінгі білімнің білім бағдарламаларында білім алушылардың оқудағы жетістіктерін аралық аттестаттау шегінде бағалау Жоғары оқу орындарында білім алушылардың сабақ үлгеріміне ағымды бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің типтік ережелерімен айқындалатын бақылау мен аттестаттаудың түрлі формаларын пайдаланып жүргізіледі.

21. Магистратура мен докторантураның білім бағдарламаларында оқитындардың қорытынды аттестаттауы мамандықтардың академиялық күнтізбесі мен оқу жоспарларында көзделген мерзімдерде кешенді емтихан және диссертация қорғау түрінде жүргізіледі.

22. Мамандық бойынша кешенді емтихан – білім алушының оқудағы жетістіктерін мемлекеттік бақылау түрі, оның алған білімі, икемділіктері мен дағдылары мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған.

23. Магистрлік және докторлық диссертацияларды қорғау – ізденушінің жүргізген ғылыми/сынамалық зерттеулері магистрант пен докторанттың бітіру жұмысына қойылатын талаптарға сәйкестігін мемлекеттік бақылау түрі. Диссертациялық жұмыс ізденушінің зерттеу саласындағы терең білімінің, теориялық пайымдау дағдылары қалыптасқандығының, ғылыми болжам қалыптастырып, ақпараттар жинау қабілетінің дәлелі қызметін атқаруы тиіс. Ізденушінің зерттеушілік қызметін бағалау бірқатар объективті критерийлер жиынтығы бойынша жүргізіледі: ғылыми эрудиция, кәсібилік, ғылыми жұмыстардың теориялық және қолданбалы маңыздылығы.

24. Магистрлерді даярлау бойынша білім процесі аяқталғандығының негізгі критерийі магистрантпен мыналардың игерілуі болып табылады:

- ғылыми және педагогикалық даярлықта (МЖБС) – кемінде 59 кредит, оның ішінде кемінде 42 кредит теоиялық оқудан, кемінде 6 кредит практикадан, кемінде 7 кредит ғылыми-зерттеу жұмысынан;

- бейіндік дайындықта – кемінде 28 кредит (1 жыл оқу мерзімінде) және кемінде 48 кредит (1,5 жыл оқу мерзімінде), олардың ішінде сәйкесінше кемінде 18 және 36 кредит теориялық оқудан, кемінде 2 және 4 кредит практикадан, кемінде 4 кредит сынамалық-зерттеу жұмысынан.

25. Философия докторларын (PhD) даярлау бойынша білім процесінің аяқталғандығының негізгі критерийі докторантпен кемінде 75 кредит игеруі болып табылады, оның ішінде кемінде 15 кредит теориялық оқудан, және кемінде 5 кредит практикадан, кемінде 50 кредит ДҒЗЖ (ДСЗЖ), оның ішінде докторлық диссертация орындау бар.

26. ЖОО кейінгі білімнің білім бағдарламаларын игерудің нормативтік ұзақтығы:

Магистратура:

ғылыми-педагогикалық даярлық бағыты – 2 жыл;

бейіндік бағыттағы даярлық 1-1,5 құрайды.

Докторантураның білім бағдарламасын игерудің нормативтік ұзақтығы 3 жыл құрайды.


6. Магистратура мен докторантурада білім процесін ұйымдастыру

6.1. Білім бағдарламаларын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

27. Магистратура мен докторантурада білім процесін ұйымдастыру жоо кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес келуі тиіс.

28. Оқу жылы 2 оқу семестрінен және 1 жазғы семестрден тұрады.

29. Магистрант пен докторанттың апталық орташа жүктемесі 57 сағаттан аспауы тиіс, бұл ретте аудиториялық оқу сабақтарының бір байланыстық сағаты өзіндік жұмыстың 2 сағатымен ілесе жүреді.

30. Жоо кейінгі білімнің бағдарламалары бойынша оқу сабақтары заманауи білім технологияларын қолданып, көбіне белсенді шығармашылық түрде (кейс-стади, іскерлік ойындар, тренингтер, диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар және т.б.) өткізілуі тиіс.

31. Бітіртуші кафедра жоо кейінгі білімнің оқу процесін әдістемелік қамтамасыз етуге жауапкершілік арқалайды. Магистратура мен докторантураның әрбір мамандығы үшін бітіртуші кафедра әзірлейді:

- мамандық бойынша жұмыстық оқу жоспары;

– элективті пәндер каталогы;

– мамандықтар мен пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер;

– практикаларды өткізуге арналған материалдар: практикалардың жоспарлары мен бағдарламалары, есептік құжатамалар үлгілері;

–ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстар жүргізуге арналған материалдар.

32. Бітіртуші кафедра жоо кейінгі білімнің оқу процесіне ең біліктілігі жоғары оқытушылар мен ғалымдарды тартады, сондай-ақ мамандар даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында магистрлер мен докторанттарды даярлаудың тиісті бағыттары бойынша жетекші ғылыми, ғылыми-білімдік, өндірістік және ғылыми-өндірістік орталықтармен ынтымақтастық туралы келісімдер жасауды ұйымдастырады. Бітіртуші кафедралар магистратура мен докторантураның білім бағдарламаларын практика базаларымен қамтамасыз етеді және білім алушылардың ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыруға жағдай туғызады.

33. Жоо кейінгі білімнің оқыту бағдарламалары анықтамалық-көрсеткіштермен қамтамасыз етіледі, онда университеттің жоо кейінгі білім саласындағы академиялық саясаты, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері, сабақ үлгерімін бағалау әдістемесі, мемлекеттік аттестаттауға қойылатын талаптар көрсетіледі.

6.2. Магистранттар мен докторанттардың ғылыми жетекшілерін/ғылыми кеңесшілерін тағайындау

34.Білім алушылармен жоо кейінгі білімнің білім бағдарламасын игеруі жеке жұмыс жоспарына сәйке ғылыми жетекшінің/ғылыми кеңесшінің жетекшілігімен жүргізіледі.

35. Магистратураның (магистранттың) білім бағдарламасында білім алушының ғылыми жетекшісі ғылым докторлары мен кандидаттары, философия докторы (PhD) немесе тиісті саланың кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар, ғылымның аталған саласында (магистранттың оқитын мамандығы бойынша) ғылыми зерттеулермен белсенді шұғылданатын білікті мамандар қатарынан тағайындалады.

36 . Докторанттарға ғылым докторлары мен кандидаттары, философия докторы (PhD) қатарынан тағайындалатын, кемінде 2 адамнан тұратын кеңес беру комиссиясы ғылыми жетекшілік жасайды, оның бірі – шетелдік жоо ғалымы болады.

Ғылымның аталған саласында (мамандық бейіні бойынша) ғылыми зерттеулермен белсенді шұғылданатын және ғылыми жетекшілік ету тәжірибесі бар тұлғалар ғылыми кеңесшілер бола алады

Докторанттың шетелдік кеңесшісі міндетті:

- тиісті мамандықтар бойынша философия докторы (PhD) немесе нақты ғылым саласында салалық доктор дәрежесі болуы;

- білімнің осы саласында белсенді жұмыс істеуі және PhD докторанттарға ғылыми жетекшілік ету тәжірибесі болуы;

- Қорқыт Ата атындағы ҚМУ әріптесі болып табылатын және докторантураның аккредиттелген білім бағдарламасын іске асырушы шетелдік жоо немесе ғылыми орталықтың атынан болуы.

37. Қажет болған жағдайда білім алушыға сабақтас ғылым салаларынан кеңесшілер тағайындала алады.

38. Магистранттардың/докторанттардың ғылыми жетекшісі/кеңесшісі оқуға қабылданғаннан кейін екі ай ішінде Ғылыми Кеңестің шешімі арқылы университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.

39. Сабақтас ғылым салалары бойынша кеңесшілер тағайындау білім алушының магистратура/докторантураның білім бағдарламаларын игеруінің кез-келген кезеңінде жүргізіле алады.

40. Білім алушылардың ғылыми жетекшілерінің/ғылыми кеңесшілерінің кандидатураларын университеттің Ғылыми Кеңесінің қарауына дер кезіне ұсынуға магистрант пен докторант даярлықтан өтіп жатқан бітіртуші кафедраның меңгерушісі жауапкершілік арқалайды.

41. Магистранттың/докторанттың ғылыми жетекшісі/кеңесшісін ауыстыру, сабақтас ғылым салалары бойынша кеңесшілер тағайындау және т.б. туралы шешім бітіртуші кафедраның ұсынысы арқылы университеттің Ғылыми Кеңесімен қабылданады.

42.Кеңес беру комиссиясының құрамындағы докторанттың ғылыми кеңесшілері кемінде жылына бір рет докторанттың академиялық дайындығына баға береді, қажет болған жағдайда оның жеке жұмыс жоспарына түзетулер жасайды және тиісті ақпаратты бітіртуші кафедраның, факультет деканының және жоо кейінгі білім бөлімінің назарына жеткізеді.
6.3. Магистранттар мен докторанттардың жеке жұмыс жоспарларын бекіту
43.Магистратураның/докторантураның білім бағдарламаларына оқитындар оқудың алғашқы 2 айында жеке жұмыс жоспарларын әзірлеп, бекітеді, ол келесі бөлімдерден тұрады:

– жеке жұмыс жоспары;

–ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыс (тақырыбы, зерттеу бағыты, есептілік мерзімідері мен түрлері);

– практика (бғдарлама, базасы, есептілік мерзімідері мен түрлері);

– диссертация тақырыбы, негіздемесімен және құрылымымен;

– диссертацияны орындау жоспары;

– ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалар жоспары, оның ішінде шетелдік.

44. Білім алушының жеке оқу жоспары (ЖОЖ) білім бағдарламасының оқу компонентін игеруге негіз қызметін атқарады. Жеке оқу жоспарында магистранттың/докторанттың жеке білім траекториясы көрініс табады. Қажет болған жағдайда ЖОЖ жыл сайын нақтыланады.

45. Білім алушының ЖОЖ-на енгізілетін кредиттердің максималды саны сәйкесінше ағымды семестр мен оқу жылына арналған жұмыстық оқу жоспарымен (ЖОЖ) белгіленген кредиттер санына сәйкес болуы тиіс.

46. Жеке оқу жоспарын білім алушы ғылыми жетекшісінің/кеңесшісінің жетекшілігімен жасайды, кафедра меңгерушісімен, факультет деканымен, жоо кейінгі білім басшысымен келісіліп, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректормен бекітіледі. Бекітілгеннен кейін бір данасы білім алушы қалады, екіншісі кафедраға беріледі.

47. Білім алушылар жеке оқу жоспарын жасауға және білім бағдарламасының жұмыстық оқу жоспарының талаптарына сәйкес оқыту курсын толық игеруге жауапкершілік арқалайды.

48. Білім алушылар білім бағдарламасының жұмыстық оқу жоспарының аясында және өзінің ғылыми жетекшісінің/ғылыми кеңесшілерінің келісімі арқылы теориялық оқытудың келесі семестрі басталғанға дейін, элективті пәндерге жазу жүргізу кезеңінде ЖОЖ өзгертуге құқылы.

49. Білім алушылармен қосымша оқуға қажеттілігін қанағаттандыру, академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықтарын жою мақсатында ұзақтығы 6 апта жазғы семестр ішінде оқу пәндерін игеруге, басқа жоо-да оқу пәндерін оқып, кредиттер игеруге, оларды Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-де міндетті түрде қайта есептеу арқылы, үлгерімінің орташа балын жоғарылатуға (GPA) рұқсат етіледі
6.4. Магистратура мен докторантурада оқу процесін ұйымдастыру
50. Магистратура мен докторантураның білім бағдарламалары бойынша оқу тек күндізгі түрде жүреді. Магистратура/докторантурадағы оқу жылы академиялық кезеңдерден тұрады (семестрлерден), оның ішінде теориялық оқу және ғылыми-зерттеушілік (сынамалық-зерттеушілік) жұмыстар, бақылау кезеңдері – аралық /қорытынды бақылау, қорытынды аттестаттау, және практикалар мен каникулдар кезеңдері. Бір академиялық кезеңнің ұзақтығы 15 апта құрайды. Академиялық және бақылау кезеңдерін, практикалар мен каникулдар кезеңдерін, сондай-ақ оқу жылы аясындағы ұйымдастырушылық шаралардың кезеңдерін ұйымдастыру мерзімдері магистратура мен докторантураның академиялық күнтізбесінде көрсетіледі. Аралық аттестаттау/қорытынды аттестаттау ұзақтығы кемінде 2 апта құрайды. Оқу жылындағы каникулдың ұзақтығы кемінде 7 апта құрайды.

51. Магистратураның/докторантураның академиялық күнтізбесін университеттің жоо кейінгі білім бөлімі жасап, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры бекітеді.

52. Магистратураның/докторантураның білім бағдарламасын игеру білім алушының аудиториялық (байланыстық) және аудиториядан тыс (өз бетінше) жұмыстары түрінде жүргізіледі. Білім алушының теориялық оқыту бойынша аудиториялық жұмысының әр сағаты өз бетінше жұмыстың 2 сағатымен ілесе жүреді.

53. Магистратурада/докторантурада білім алушының аудиториялық жұмысының академиялық және бақылау кезеңдері, сондай-ақ практика кезеңі аясындағы мерзімдері, өту орны мен ұзақтығы оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректормен бекітілетін кестелермен реттеледі. Оқу сабақтарының, педагогикалық практикалардың, аралық және қорытынды аттестаттау кестелерін дайындауды деканаттың әдіскерлері жүргізеді, олар кестелерді жоо кейінгі білім бөліміне сараптамаға ұсынуға және магистратура/докторантура білім бағдарламаларында оқитындар мен оқытушы-профессор құрамын тиісті кезең басталғанға дейін 2 апта бұрын кешіктірмей хабарлауға жауапкершілік арқалайды. Кестелердің дер кезінде бекітілуіне декан орынбасары жауапкершілік арқалайды.

54. Білім алушының оқытушы жетекшілігімен өз бетінше жұмысы білім алушының аудиториядан тыс жұмыс түрі болып табылады, ол бөлек кесте бойынша оқытушымен байланыс жасау арқылы орындалып, оқу сабақтарының жалпы кестесіне енбейді.

55. Магистратурада/докторантурада білім алушы теориялық оқу курсы бойынша оқу сабақтарына қатысуға пәндерге жазылғаннан кейін жіберіледі.

56. 1-ші семестр пәндеріне жазылуға қол жеткізуге негіз болып табылады:

– біліми алушылар қатарына қабылдау туралы бұйрық;

– семестрге жасалған төлем (ақылы оқу кезінде).

Келесі оқу семестрлерінің пәндеріне жазылуға қол жеткізуге, сондай-ақ пәндерді қайтадан оқуға негіз болып табылады:

– талап етілетін пәндер-пререквизиттерді игеру;

– семестрге жасалған төлем (ақылы оқу кезінде).

Тіркеу жүргізу мерзімдері академиялық күнтізбеде көрсетіледі. Білім алушымен пәндерді қайталап өту тек ақылы түрде ғана жүргізіледі.

57. Білім алушыларды оқу сабақтарына қатысуға дер кезінде жазуға эдвайзерлер мен Тіркеуші офис қызметкерлері жауапкершілік арқалайды. Білім алушыларды пәндерге тіркеу ағымды академиялық кезеңге оқу сабақтарының кестесін жасауға негіз болып табылады.

58. 1-ші оқу жылындағы білім алушыларды 1-ші семестрдің оқу сабақтарына қатысуға тіркеу семестр басталғанға дейін жүргізіледі.

59. Магистратура/докторантурада білім алушыларды екінші және келесі оқу семестрлеріне тіркеу жеке оқу жоспары негізінде жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет