Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 46 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 49



бет17/18
Дата15.03.2020
өлшемі0,8 Mb.
#60187
түріПравила
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


Білім бағдарламасын әзірлеу үшін бітіртуші кафедрада бітіруші курстарды оқытатын жетекші оқытушылар мен тәжірибелі мамандар қатарынан жұмыстық топ құрылады.

Нормативтік құжаттар негізінде жұмыстық топ білім бағдарламасының бастапқы нұсқасын әзірлеп, оны кафедра мәжілісінде қарайды. Кафедра мәжілісінің шешімімен осы жоба Даярлық бағыттары бойынша академиялық кеңеске талдауға және келісуге жіберіледі. Содан соң білім бағдарламасы жұмыс берушілермен келісуден өтеді (таныстырылым, дөңгелек үстелдер, семинарлар және т.с.с. арқлы).

Келісілген білім бағдарламасы университеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қаралып, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректорымен екі данада бекітіледі. Бір данасы оқу үдерісін жоспарлау және академиялық ұтқырлық бөліміне (жоо кейінгі білім бөлімі), екіншісі – бітіртуші кафедраға беріледі.

5. Білім бағдарламасының құрылымы
Білім бағдарламасының құрылымы келесі компоненттерді қамтиды:

Титуль беті

1. Білім бағдарламасының төлқұжаты

1.1 Біліктіліктер мен лауазымдар тізбесі

1.2 Білім бағдарламасын бітірушінің біліктілік сипаттамасы

2 Мамандық бойынша білім бағдарламасының мақсаты мен міндеттері

3 Мамандық бойынша бітірушінің құзыреттері

4 Мамандық бойынша білім бағдарламасының мазмұны

4.1 Типтік оқу жоспары

4.2 Модульдер сипаттамасы

4.3 Білім бағдарламасымен қалыптастырылатын жалпы құзыреттер

4.4 Білім бағдарламасының модульдері бойынша игерілген кредиттер көлемін көрсететін жиынтық кесте


Білім бағдарламасының Титуль беті 1 Қосымшаға сәйкес рәсімделеді .

1. Білім бағдарламасының Төлқұжаты біліктіліктер мен лауазымдар тізбесін және білім бағдарламасын бітірушінің біліктілік сипаттамасын айқындайды.

Біліктіліктер мен лауазымдар тізбесінде берілетін дәреже туралы (бакалавр, магистр, PhD доктор) ақпараттар мен білім бағдарламасын бітіруші атқара алатын қызметтердің атауы болады.



Білім бағдарламасын бітірушінің біліктілік сипаттамаларын анықтауда мыналар туралы ақпаратты беру қажет:

- кәсіби қызмет саласы;

- кәсіби қызмет объектілері;

- кәсіби қызмет нысандары;

- кәсіби қызмет түрлері;

- кәсіби қызметтің атқарымдары.



2. Мамандық бойынша білім бағдарламасының мақсаты мен міндеттері

Бағдарламаның мақсаты жоо оқытушылары мен білім алушыларына, сондай-ақ жоо-дан тыс негізгі мүдделі тараптарға түсінікті болуы тиіс. Мысалы, техникалық бағыттар мен мамандықтар бойынша ББ үшін бұлар, ең алдымен экономиканың шынайы секторының жұмыс берушілері, инженерлік мамандықтар мен техника және технологияларды жасау, жобалау, шығару және қолданумен шұғылданатын қолданбалы ғылым өкілдері.

МЖБС-да, ТОБ-да берілген мамандықтар бойынша білім бағдарламаларының негізгі міндеттері кәсіби стандарттар мен жұмыс берушілердің талаптары негізінде нақтыланады және толықтырылады.

3. Мамандық бойынша бітірушінің құзыреттері

Бұл бөлімде мамандық бойынша бітірушінің білім бағдарламасын игеру нәтижесінде қалыптасатын құзыреттерін сипаттау қажет.



4. Білім бағдарламасының мазмұны қамтиды:

- типтік оқу жоспарын

- модульдер сипаттамасын (2 Қосымшаға сәйкес)

- білім бағдарламасымен қалыптасатын жалпы құзыреттер

- білім бағдарламасының модульдері бойынша игерілген кредиттер көлемін көрсететін жиынтық кесте (3 Қосымша)




6. Білім бағдарламасының сараптамасы
Білім бағдарламасының сапасын жетілдіру және қамтамасыз ету мақсаттарында әзірленген бағдарламаларға еңбек рыногының сұраныстарына сәйкестігіне, білім технологияларын пайдалануына, оның ішінде студенттердің жетістіктерін бағалау әдістемесін қоса алғанда, сондай-ақ осы бағдарламаның өзектілігін ескере отырып, жұмыс берушілердің қатысуымен сыни талдау және сараптама жүргізіледі.

Сараптамаға тартылады:



  • жұмыс берушілердің өкілдері, өйткені нақ солар бағдарламаны игерудің жарияланған нәтижелері кәсіби стандарттардың талаптарына және оларда түзілген маманға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін өзгелерден бұрын жақсы бағалай алады;

  • білім алушылардың (студенттер, магистранттар, докторанттар) немесе бітірушілердің өкілдері, өйткені олар білім беру қызметтерін тікелей тұтынушылардың пікірлерін көрсетеді;

  • білім бағдарламаларын әзірлеп, іске асыруға қатысатын оқытушы-профессор құрамы, өйткені нақ солар оның дидактикалық дұрыстығын бағалай алады.

Білім бағдарламаларын сараптаған кезде ББ қойған мақсаттар мен міндеттердің орындалуы, ББ құрудың толықтығы мен қисындылығы, сондай-ақ оқыту нәтижелеріне жету бағаланады.

Сараптама қорытындылары бойынша тиісті ұсынымдар беріледі:

- білім бағдарламасы бекітілсін /мақұлдансын;

- әлде де тиянақтау жүргізілсін.



Приложение 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

the ministry of education and science of republic of kazakhstan
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

КЫЗЫЛОРДИНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ КОРКЫТ АТА

KYZYLORDA STATE UNIVERSITI AFTER KORKYT ATA


«Келісілді»

Жұмыс беруші әріптес мекеме, басшысының қолы, мөрі ___________________

________ , _________________ 201_ ж.





«Бекітемін»

Оқу ісі жөніндегі проректор-

бірінші проректор ____________ А.Т.Жүнісов

Мәжіліс хаттама № ____ , _____ 201_ ж.



«Келісілді»

Академиялық кеңесінің төрағасы

___________________



Мәжіліс хаттама № ____ , _____ 201_ ж.


БАКАЛАВРИАТ/МАГИСТРАТУРА/ДОКТОРАНТУРА
5В010200 – БАСТАУЫШ ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ МАМАНДЫҒЫ

БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА ПО

СПЕЦИАЛЬНОСТИ 5В010200 – ПЕДАГОГИКА И МЕТОДИКА НАЧАЛЬНОГО ОБУЧЕНИЯ
EDUCATIONAL PROGRAM

SPECIALITY 5В010200-PEDAGOGIC AND METODIDS OF PRIMARI EDUCATION
ҚЫЗЫЛОРДА 201_
Білім беру бағдарламасы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде даярланған

Образовательная программа разработана Кызылординским государственным университетом имени Коркыт ата

Educational program is developed by Kyzylorda State University after Korkyt Ata
2.Дайындағандар:

Разработчики:

Developers: 


Аты-жөні

Фамилия, имя, отчество

англ

Ғылыми дәрежесі

Ученая степень

англ

Ғылыми атағы

Ученое звание

англ

Қызметі

Должность

англ































































Обратная сторона 2-ой стр.
Білім беру бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 13 қыркүйектегі № 373 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білімнің педагогикалық мамандықтары бойынша кәсіби стандарттары», ҰБШ, негізінде әзірленген

Қашан, кіммен әзірленген құжат (кәсіби стандарт)

Образовательная программа разработана на основании НРК, «Профессиональных стандартов по педагогическим специальностям технического и профессионального образования, утвержденных приказом и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 сентября 2013 года № 373

Когда и кем утвержденный документ (профессиональный стандарт)

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің ҒӘК мәжілісінде қаралған және мақұлданған (хаттама № __ , __ 201_ ж.)


Рассмотрен и утвержден НМС КГУ имени Коркыт Ата (Протокол № __ , ___ 201_г.)

Приложение 2


Наименование модуля/

Модуль атауы



Содержание модуля/Модуль бойынша қалыптасатын құзыреттіліктер

көлемі

семестр

Структура модуля/Модульдің құрылымы

kz

ECTS

Пән циклі, МК/ТК, номері, коды

Наименование дисциплины, практики и т.д./Пән атауы, кәсіби практика, т.б.

Содержание дисциплины/Пән бойынша қалыптасатын құзыреттіліктер

Кол-во кредитов/Кредит саны

ECTS

Вид контроля/Бақылау түрі

кафедра

1. Арнайы пәндерді оқыту негіздері
















1.



















2.



















3.



















4.



















5.
















2. Пропедевтикалық
















1.



















2.



















3.
















3. Производственная практика




































Приложение 3


Курс обучения/ Оқыту курсы

Семестр

Количество осваиваемых модулей/ Меңгерілетін модульдер саны

Количество изучаемых дисциплин/ Оқытылатын пәндер саны

Количество кредитов/

KZ кредиттер саны



Всего часов/ Барлық сағаты

ECTS

Количество/ Саны

ОК/ МК

ВК/ ТК

Теоретитческое обучение/ Теориялық оқыту

Учебная практика/ Оқу практикасы

Производственная практика/ Өндірістік практика

Итоговая аттестация/ Аттестация қорытындысы

Всего/ Барлығы







Экзамен/Емтихан

Зачет/сынақ

1

1

4

7

-

18

-







18

810

29

7

1

2

4

8

-

20

-







20

900

32

8

1

2

3

3

3

4

18










18

810

29

7

1

4

2

1

6

19

2







22

900

33

7

1

3

5

2

2

4

18

-







18

810

30

6

1

6

2

1

5

18




2




19

765

28

6

1

4

7

1

-

6

18




-




18

810

29

6

1

8
















4

3

7




11







Барлығы

18

22

25

129

2

6

3

140

5805

221

47

7


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлар құрамын аттестаттаудың ережесі
1. Қолдану саласы
1.1 Осы ереже Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлар құрамын аттестаттау тәртібін белгілейді.
2. Нормативтік сілтемелер
2.1 Осы ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқытушы-профессор құрамын аттестаттау туралы ережеге (01.09.2014 ж. бекітілген) сәйкес жасалған.
3. Белгілеулер мен терминдер

3.1 Осы ережеде келесі негізгі терминдер мен белгілеулер қолданылды:



оқытушы-профессорлар құрамын аттестаттау – педагогикалық қызметкерлердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізілетін іс;

біліктілік санаты – нормативтік өлшемдерге сәйкес келетін және қызметкерлерге белгілі бір күрделі деңгейдегі кәсіби міндеттерді шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін біліктілік деңгейі;

студенттер арасында жүргізілетін тәуелсіз сауалнама – жоғары білімді педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау сатыларының бірі.
4. Негізгі ережелер
4.1 Аттестаттаудың негізгі қағидалары:

- аттестатталатын кафедралардың оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігіне жан-жақты көзқарасты қамтамасыз ететін ашықтық;

- ішкі және сыртқы бағалаулардың жүйелілігі мен тұтастығы болып табылады.

4.2 Аттестаттау кем дегенде үш жылда бір рет өткізіледі.

4.3 Кафедралардың оқытушы-профессорлар құрамын аттестаттауды университет ректорының бұйрығымен құрылған аттестациялық комиссия жүргізеді.

4.4 Кафедралардың штаттағы оқытушы-профессорлар құрамы еңбек шартында және қызметтік нұсқаулықта көрсетілген міндеттері бойынша аттестаттаудан өтеді;

4.5 Еңбек өтілі 1 жылға толмаған оқытушылар аттестаттаудан өткізілмейді.
5. Аттестациялық комиссия құрамы
5.1 Аттестациялық комиссия құрамына төрағасы университет ректоры болатын комиссия мүшелері және хатшы кіреді.

5.2 Аттестациялық комиссия мүшелерінің саны тақ болуы тиіс.  Университеттің аттестациялық комиссиясының дербес құрамы мен өкілеттік мерзімі университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.

5.3 Аттестациялық комиссия мүшесі болып табылатын аттестатталушы өз кандидатурасын қарау кезінде дауыс беруге қатыспайды.
6. Аттестаттауды өткізу тәртібі
6.1 Оқытушы-профессорлар құрамын аттестаттау педагогикалық қызметкерлердің біліктілік сипаттамаларын сараптау арқылы жүргізіледі.

6. 2 Аттестаттауға дейін:

Университет профессор-оқытушылар құрамын аттестаттау екі кезеңнен тұратын болады.

1) Кафедра профессор-оқытушылары мамандықтың базалық пәндері бойынша бір пән, таңдау компоненті бойынша бір пәннен тест түрінде емтихан тапсырады.

2) Оқытушы-профессорлар құрамымен нормативтік құқықтық құжаттар бойынша сұхбат жүргізу.

6.3 Кафедралардың оқытушы-профессорлар құрамы аттестаттау комиссиясының қарауына келесі құжаттар ұсынады:

1) біліктілік санатын растауға немесе беруге арналған ОПҚ өтініші (1 қосымша);

2) жарияланған оқу, ғылыми-әдістемелік еңбектері мен өнертабыстар тізімі (соңғы 3 жыл);

3) ғылыми немесе академиялық дәрежелері, ғылыми, спорттық атақтары туралы диплом көшірмесі;

4) біліктілікті арттыру курсынан өткендігін растайтын құжат көшірмесі (соңғы 3 жыл);

5) оқытушы-профессорлар құрамынан мамандықтың базалық пәндері бойынша қабылданған емтихан-тест нәтижесі;

6) өткізген ашық сабақтары мен тәрбие және спорттық іс-шараларының хаттамалары (соңғы оқу жылы);

7) оқыту сапасы туралы тәуелсіз сауалнама нәтижелері жөніндегі анықтама (соңғы оқу жылы);

8) оқытушының жетекшілік жасау нәтижесінде студенттердің білім мен ғылымдағы жетістіктерін растайтын құжаттар көшірмесі (соңғы үш оқу жылындағы олимпиадалар, ғылыми жобалар, конкурстар, конференциялар мен басқа да жарыстардың жеңімпаздары);

9) Факультет деканы мен кафедра меңгерушісінің мінездемесі.
6.4 Аттестациялық комиссия құжаттарды талдап, аттестатталатын оқытушылардың тізімін қалыптастырады.

6.5 Аттестаттау уақытын аттестаттациялық комиссия белгілейді және қорытындысын шығарады.

6.6 Аттестациялық комиссияның қорытындысы негізінде оқытушыға біліктілік санаттарын беру немесе растау туралы бұйрық ағымдағы оқу жылының 10 маусымына дейін шығарылады және ол келесі оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.

6.7 Аттестаттаудан өте алмаған оқытушы-профессорға 3 ай мерзімінен кейін қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Қайта тапсырудан өтпеген жағдайда ҚР Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес келісім-шарт жұмыс беруші тарапынан бір жақты бұзылады.


7. Аттестаттау қорытындылары бойынша атқарылатын шаралар
7.1 Аттестациялық комиссия шешімі хаттамамен және аттестациялық парақтағы тиісті жазбалармен ресімделеді (2 қосымша).

7. 2 Хаттама мен аттестациялық параққа төраға, хатшы және дауыс беруге қатысқан аттестациялық комиссия мүшелері қол қояды.

7.3 Әрбір оқытушы бойынша аттестациялық комиссия келесі шешімдердің бірін шығарады:

1) лауазым талаптарына сай келеді;

2) лауазым талаптарына сай келмейді.

7.4 Егер санатын (лауазымын) жоғарылатуға өтініш берген оқытушы-профессорға қатысты аттестаттау қорытындысында «лауазым талаптарына сай келмейді» деген шешім қабылданған болса, оның біліктілік санаты жоғарылатылмайды.

7.5 Санатын (лауазымын) жоғарылату немесе төмендету және соған сәйкес жалақы тағайындау аттестациялық комиссияның шешімі негізінде ректордың бұйрығымен ресімделеді.

1-қосымша

_________________________________________________________________

(аттестациялық комиссия атауы)

________________________________________________________________

_________________________________________________________________

(педагог қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты)

_________________________________________________________________

(лауазымы, жұмыс орны)

 

ӨТІНІШ

 

Мені 20_ жылы ____________________________________кафедрасы бойынша



____________________________________________________лауазымына аттестаттаудан өткізуді сұраймын.

Аттестаттау үшін (қайтадан аттестаттау, мерзімінен бұрын аттестаттау) келесі жұмыс нәтижелерін негіздеме ретінде ұсынамын:




  1. Білімі:_________________________________________________________________________________________________________________________

  

  1. Еңбек өтілі:_______________________________________________________

 

Алған (берілген) жылын көрсете отырып наградалары, ғылыми және академиялық дәрежесі, ғылыми, спорттық атағы__________________________


___________________________________________________________________
Оқытушы-профессорлар құрамын аттестаттау ережесімен таныстым
20___ж. «_____» ____________________

(қолы)

2-қосымша

_________________________________________________________________

(министрліктің немесе ведомствоның атауы)

_________________________________________________________________

(білім беру ұйымының атауы)

 

АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫ

 _________________________________________________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты - санаты көрсетілген лауазымы)

_________________________________________________________________

1.Туған күні мен жылы ________________________________

2.Білімі ____________________________________________________________

3.Еңбек өтілі ______________________________________________

4.Біліктілігін көтеру туралы мәлімет_______________________________

__________________________________________________________________



________________________________________________________________

5. Мамандықтың базалық пәндері бойынша қабылданған емтихан-тест нәтижесі 


Тестілеуден өткен күні

Бағалау шкаласы

95-100

90-94

85-89

80-84

75-79

70-74

65-69

60-64

50-59

0-49

 Бағасы

А

А-

В+

В

В-

С+

С

С-

Д

F

1-ші пән бойынша бағасы































2-ші пән бойынша бағасы































Барлығы































 

6. Сұхбаттасу нәтижесі:

__________________________________________________________

(Қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)

7. Студенттер арасында жүргізілетін тәуелсіз сауалнама нәтижесі:

_____________________________________________________________________________________________________________________________________


8. Наградалары, ғылыми және академиялық дәрежесі, ғылыми және спорттық атағы_____________________________________________________

9. Жұмысы туралы қорытынды пікір (аттестаттау аралығындағы педагог қызметкердің кәсіби қызметі туралы қысқаша ақпарат)

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

10. Аттестациялық комиссияның шешімі:
1)______________________________ лауазым талаптарына сәйкес келеді;
2)_____________________________лауазым талаптарына сәйкес келмейді.
Аттестациялық комиссия төрағасы

_________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

Аттестациялық комиссия төрағасының орынбасары

_________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

Комиссия мүшелері

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

________________________________________________________________


Хатшы __________________________________________________________
«__»_________20__жыл

Аттестациялық комиссия шешімімен таныстым:

_________________________________________________________________

(аттестатталушы педагог қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, қолы)


«__»_________20__жыл
 Мөрдің орны
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің

білім алушыларын жатақханаға орналастыру және жатақхананың ішкі тәртібін қамтамасыз ету, жатақханадан шығару туралы ереже

1. Жалпы ережелер
1. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің білім алушыларын жатақханаға орналастыру және жатақхананың ішкі тәртібін қамтамасыз ету, жатақханадан шығару туралы ереже (бұдан әрі - ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 47-бабының 9-тармағын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі №189 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын негізге ала отырып әзірленген.

2. Бұл ереже университеттің білім алушыларын (докторанттарын, магистранттарын, студенттерін) өтініштеріне сәйкес жатақханаға орналастыру және жатақханадан шығару тәртібін белгілейді және тұрғындардың жатақхананың ішкі тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді.

3. Ережеде көрсетілген талаптарды жатақхана әкімшілігі (білім алушыларға қызмет көрсетуші университет қызметкерлері) мен білім алушылар орындауға міндетті.

4. Жатақхана әкімшілігіне (білім алушыларға қызмет көрсетуші университет қызметкерлеріне) осы салаға жауапты проректор, факультет деканы, декан орынбасары, кафедра меңгерушісі, профессор-оқытушылар, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы мен қызметкерлері, комендант жатады.


2. Жатақханаға орналастыру тәртібі
5. Білім алушыларды жатақханаға орналастыру жұмыстарын жалпы қадағалау оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректорға жүктеледі.

6. Білім алушы жатақханадан орын алу үшін өзі оқитын факультет деканатына «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес үлгідегі университет ректорының атына жазылған өтінішті (1-қосымша), жеке куәлік көшірмесін тапсырады. Білім алушының өтінішті тапсыру кезіндегі күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут.

7. Өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнінен аспауы қажет. Өтініштерді қарау кезіндегі жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

8.Факультет деканы жатақханадан орын беру жөнінде шешім қабылдағаннан кейін оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор мен факультет деканының қолы қойылған жатақханаға орналастыру жөніндегі жолдаманы (2-қосымша) дайындайды.

9. Жатақханадан орын берілгендігі туралы мәлімет 3-қосымшаға сәйкес факультеттегі тіркеу кітапшасында тіркеледі.

10. Білім алушы өтінішті қарау мәселелері бойынша жауапты қызметкерлердің шешімдері, әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін университет ректорына шағымдана алады және шағымды жазбаша түрде береді. Білім алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

11. Білім алушының өтініші қаралып, оған жатақханаға орналасу жөнінде жолдама берілгеннен кейін білім алушы медициналық тексеруден өтіп, жатақхана комендантына өтінішті, жеке куәлік көшірмесін, жолдаманы, медициналық тексеруден өткені туралы анықтаманы тапсыруы қажет.

12. Тиісті құжаттар тапсырылғаннан кейін білім алушыны жатақханаға орналастыруды комендант жүзеге асырады. Бөлме/төсек-орынды жалға алу туралы білім алушы мен университет әкімшілігі арасында келісімшарт жасалады. Келісімшартта бөлменің нөмірі, жатақханада қалу мерзімі мен ақы көлемі көрсетіледі. Келісімшарт 2 данада дайындалады, біріншісі білім алушыда, екіншісі комендантта сақталады.

13. Жатақханаға орналасу кезінде комендант білім алушыны осы ережемен таныстыруы тиіс.

14. Білім алушылар жатақханаға орналасқаннан кейін әрбір жаңа оқу жылында 10 қыркүйекке дейін университеттің қауіпсіздікті сақтау бойынша жауапты қызметкері білім алушыларға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізуі тиіс.

15. Жатақханадағы орындар алғашқы кезекте жетім балалар, мүгедектер мен ҚР заңнамаларында анықталған өзге де жеңілдіктерге ие тұлғаларға беріледі. Жатақханада орын жетіспеген жағдайда алғашқы кезекте орын алу құқығына ие азаматтардың қатарында жоғары баллы бар (қабылдау емтихандары мен емтихандық сессия қорытындысы бойынша) білім алушылар де кіреді. Оқудағы үлгерімі бірдей білім алушылардың арасында мамандығы бойынша жоғары бағаға ие болғаны алдыңғы кезекке шығады.

16. Жатақханада тұрушыларды тіркеу ҚР заңнамасына сәйкес ішкі істер органдары белгілеген тәртіп бойынша жүргізіледі. Жатақханаға орналасқан білім алушы үш күннен кешіктермей жатақхананың құжатшы қызметкеріне барып тіркеуден өтуі қажет. Тіркеу жұмыстарын факультет деканы қадағалайды және құжатшы қызметкер мен комендант жауапты болады.



3. Жатақхана әкімшілігінің міндеттері
17. Жатақхананың материалдық базасының, тұрмыстық-шаруашылық заттарының сақталуына, жатақханада тұрушылардың тұрмыстық қажеттіліктерін (ас дайындау, жуыну бөлмелерінің, дәретханалардың қалыпты жұмысын) қамтамасыз етуге жатақхана әкімшілігі жауапты.

18. Жатақхана әкімшілігі міндетті:



  • жатақханада қызмет көрсетуші жұмысшыларды белгіленген тәртіп бойынша жасақтауға;

  • еңбекті қорғау ережелері мен санитарлық талаптарға сәйкес барлық бөлмелерді қажетті жылу және жарықпен қамтамасыз етуге;

  • жатақхана аумағында күзет қойып, рұқсатнамалық режимінің орындалуын қадағалауға;

  • тұрғындардың жатақханада өз бетімен тазалық жұмыстарын жүргізуіне қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етуге;

  • жатақхананың жиһаздары мен мүліктерінің, қондырғыларының үздіксіз жұмыс жасап тұруын қамтамасыз етуге, істен шыққан жағдайда жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

  • жатақхана тұрғындарына арналған коммуналдық-тұрмыстық қызметтердің, өз бетімен сабаққа дайындалатын бөлмелердің, мәдени іс-шаралардың белгілі бір тәртіппен жүргізілуін ретке келтіріп, сондай-ақ оның орындалуын бақылауға;

  • тұрғындар үшін қызмет көрсету, еңбек, тұрмыс пен демалыс шарттарын жақсарту мәселелерінде өзін-өзі басқаруды дамыту үшін жатақхана кеңесіне көмек беруге;

  • жатақхана тұрғындарының баспаналық-тұрмыстық жағдайларды жақсарту туралы ұсыныстары мен ескертулерін ескеруге;

  • жатақхана мен оның бөлмелерін жүйелі түрде аралап көруге, сонымен қатар ондағы санитарлық-техникалық және өзге де қондырғыларды алдын-ала тексеруден өткізіп тұруға;

  • жатақхананы, ондағы тұрмыстық қондырғыларды қысқы жылыту мерзіміне алдын-ала дайындауға.

  • жатақхана тұрғыны ауырып қалған жағдайда жедел медициналық көмек көрсету, қажет болса ауруханаға жатқызу шараларын қабылдауға.



4. Жатақхананы басқаратын қоғамдық ұйымдар
19. Жаңа оқу жылының басында жатақхана тұрғындарының жалпы жиналысында жатақханадағы тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету, қоғамдық-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында жатақхана кеңесі сайланады. Кеңес құрамына жатақхананың студенттік кеңес төрағасы, әрбір подьезд, қабат бойынша жауапты жетекші (староста), тазалық, мәдени-спорт секторларының жетекшілері кіреді.

20. Жатақхана кеңесінің өкілдері университеттің Жастар комитетінің құрамына кіреді.



21. Жатақхана кеңесі:

  • қабаттар мен подьездер бойынша сайланған жетекшілердің қызметтерін реттейді;

  • жатақханадағы өзін-өзі басқару жұмыстарын ұйымдастырады;

  • тұрғындарды жатақхана мен оның төңірегінде қоғамдық пайдалы жұмыстарды (бөлмелерде тазалау мен жөндеу жұмыстарын жүргізу, жиһаздарды жөндеу) атқаруға өз еріктерімен қатысуға жұмылдырады;

  • жатақхана әкімшілігіне тұрғындарға берілген материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауға көмектеседі.

  • тұрғындардың мүддесін қорғайды;

  • мәдени іс-шараларды ұйымдастырады;

    • жатақхана әкімшілігімен бірлесіп тұрғындардың бөлмелерді, ондағы жиһаздарды қабылдап алу шараларын өз құзыреті аясында ұйымдастырады.

22. Жатақхана кеңесімен төмендегідей мәселелер міндетті түрде келісілуі керек:

  • тұрғындарды әкімшілік бастамасымен бір бөлмеден екінші бөлмеге ауыстырғанда;

  • тұрғындарға қолданатын алғыс білдіру және жауапқа тарту шараларын жүзеге асырғанда;

  • жатақханада сабақтан тыс іс-шаралар өткізгенде.

23. Университет әкімшілігі жатақхана кеңесінің мүшелерін жемісті еңбегі үшін материалдық және моралдық жағынан қолдауды жүзеге асырады.

5. Жатақханада тұратын білім алушылардың құқықтары мен міндеттері
24. Жатақханада тұратын білім алушылар құқылы:

    • тұрмыстық, оқу, мәдени-қоғамдық және спорттық сауықтыруға арналған бөлмелерді, жатақхана жабдықтары мен мүліктерін пайдалануға;

    • жатақхананың өзін-өзі басқару қызметіне сайлануына немесе сайлауға, олардың жұмысына қатысуға;

    • жатақхана кеңесі арқылы жатақхананың тұрмыстық қамтамасыз етілуі, тәрбие жұмыстары мен бос уақыттың ұйымдастырылуы, тұрғын орындарды, жеке жұмыстарға арналған бөлмелерді құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және безендіру сұрақтарын талқылауға қатысуға.

25. Жатақханада тұрушылар міндетті:

  • жатақханада тұру үшін төлемақыны жылына екі рет жасауға, оқу жылы басталғанға дейін жатақхана әкімшілігіне төлеу туралы түбіртек көшірмесін тапсыруға;

  • жатақхананың бөлмелеріне, құрал-жабдықтарына және мүлкіне ұқыптылықпен қарауға, ҚР заңнамасына сәйкес өзіне жеке қолданысқа берілген мүлікке материалдық жауапкершілікті алуға;

  • жоғалған немесе бүлінген мүлік пен құрал-жабдықтардың құнын төлеуге, университетке келтірілген басқа да залалдардың ақысын өтуге;

  • тұратын бөлменің жөндеу жұмыстарына қатысуға;

  • университет қызметкерін бөлменің техникалық жағдайын, ондағы санитарлық-техникалық жабдықтарды тексеру және басқа да жұмыстарды атқару үшін бөлмеге кіргізуге;

  • бөлмеде, оның ішіндегі жабдықтарда ақаулар тапса тез арада олардың алдын алу шараларын қолданып, міндетті түрде жағдайды жатақхана әкімшілігіне жеткізуге;

  • бөлменің тиісті санитарлық-техникалық тазалығын қадағалау, бекітілген кесте бойынша тұрғын орындарында және жалпы қолданыстағы жерлерде, қызметкерлердің орындарында және тұратын бөлмелерінде тазалық жұмыстарын жүргізуге.

  • санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды сақтауға;

  • электр қуатын және суды, жылуды үнемдеп пайдалануға;

  • рұқсат етілген тұрмыстық электр құрылғыларын пайдалану бойынша нұсқауларды сақтауға;

  • сағат 23:00-ден 6:00-ге дейін жатақханада тыныштық сақтауға;

  • әрбір қабат пен подьездердің жетекшілерінің, жатақхана кеңесінің және жатақхана әкімшілігінің тапсырмалары мен талаптарын орындауға;

  • жатақханада өткізілетін жиналыстарға, тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарына белсене қатысуға;

  • кезекшілік кестесі бойынша кезекшілікті уақытылы атқаруға;

  • күзетшіге рұқсат қағазын көрсетуге;

  • жатақханаға жазғы және көктемгі маусым аралығында сағат 23.00-ден, қысқы мезгілде 22.00-ден кейін кешігіп келмеуге және осы уақыттан кейін жатақхананың басқа тұрғындарының бөлмесіне кірмеуге;

  • хабарлама тақтасындағы ақпаратпен күнделікті танысуға;

  • тұрғын орынды жалға алу туралы келісімшартқа сәйкес жатақханадан шығарылған кезде (сонымен қатар демалысқа кеткенде) бөлмені және өзіне бекітілген барлық төсек жабдықтарын комендантқа тапсыруға;

  • жатақхананың рұқсатнамалық тәртібін орындауға, бөлмесінің қосымша кілтін жатақхананың әкімшілік өкіліне тапсыруға.

26. Жатақханада тұрушыларға тыйым салынады:

  • жатақхана әкімшілігінің рұқсатынсыз қосымша электр жылыту құралдарды орнатуға;

  • бөгде адамға өз рұқсаттамасын беруге және оны жатақханада қонуға қалдыруға;

  • жатақханада ішімдік ішуге және/немесе мас, есірткі қолданған күйде келуге;

  • дәрігердің белгілеуінсіз есірткі заттарын немесе психотропты дәрілерді қабылдауға, есірткі және психотропты дәрілерді сақтауға, таратуға;

  • белгіленген арнайы орыннан басқа жатақхана аймағында темекі шегуге;

  • жатақхана территориясына қару, соның ішінде пневматикалық, зақымдаушы және суық қару, жарылғыш, химиялық заттарды әкелуге, сақтауға және қолдануға;

  • «Діни іс-әрекеттер мен діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңымен тыйым салынған діни жиналыстар мен іс-шаралар ұйымдастыруға;

  • бір бөлмеден екінші бөлмеге өз бетімен ауысуға;

  • өз бетімен бір бөлмеден екінші бөлмеге мүлік ауыстыруға;

  • электрөткізгіштерді қайта жасауға және жөндеуге;

  • тұрғын бөлмелері мен жалпы қолданыстағы жерлерде қосымша электржылытқыш құралдырын орнатуға;

  • радиоқабылдағышты, үнжазбаны, теледидарды бөлмеден тыс естілетін дауыс қаттылығында қосуға;

  • бөлме есігіне және ортақ қолданыстағы, арнайы орындардан басқа, жерлерге хабарландырулар, кестелер, суреттердің көшірмесін және т.б жабыстыруға;

  • тұрғын бөлмелердің есігіне өздігінен құлып орнатуға немесе есікте орнатылған құлыптарды ауыстыруға;

  • өз бетімен жиһазды қайта құруға немесе орынын ауыстыруға, қоршаулар жасауға;

  • жануарлар ұстауға;

  • өз бетімен би кештерін және басқа да көпшілік қатысатын іс-шаралар ұйымдастыруға;

  • терезеден қоқыс және т.б. заттар тастауға;

  • шатырға көтерілуге, терезе алды тақтайында тұруға және отыруға;

  • 23:00 - 6:00 аралығындағы түнгі уақытта тамақ істейтін тұрмыстық бөлмелерді қолдануға.



6. Алғыс білдіру немесе ережені бұзғаны үшін шара қолдану
27. Жатақхананың тұрмыс-тіршілігінде белсенділік танытып, әлеуметтік маңызды бастамаларды өткізуге атсалысқан тұрғындарға, студентік кәсіподақ, университет әкімшілігі тарапынан алғыс жарияланады:

  • мақтау қағазымен, алғыс хатпен марапатталады;

  • материалдық құнды сыйлықпен марапатталады және т.б.

28. Ержені бұзған жағдайда жатақханада тұрушыларға университет бекіткен тәртіп бойынша әлеуметтік, әкімшілік ықпалдар, ҚР заңнамасына және университеттің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес тәртіптік және басқа да жазалар қолданылуы мүмкін.

29. Ережені бұзғаны үшін жатақханада тұрушыларға келесі тәртіптік жазалар қолданылады:



    • ескерту;

    • сөгіс;

    • жасалған келісімшартты біржақты тоқтату арқылы жатақханадан шығару.

30. Ережені бұзғаны үшін жатақхана тұрғыны жазбаша түсініктеме беруі керек. Одан бас тартқан жағдайда бұл туралы жатақхана кеңесінің үш өкілінің куәлігімен акт жасалады.

31. Тұрғынға тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданатыны туралы жатақхана әкімшілігінің шешімі 3 күн ішінде жүзеге асырылады (білім алушының ауыруы және демалыста болған кезін есептемегенде). Жатақхана тұрғыны шешіммен келіспеген, бас тартқан жағдайда жатақхана кеңесінің үш өкілімен оны растайтын акт жасалады.

32. Жатақхана мүлкіне нұқсан келтірген тұрғындар ҚР заңнамасына сәйкес мүліктік жауапкершілікке тартылады.

7. Жатақханадан шығару негіздемелері
33. Тұрғындар жатақханадан төмендегідей жағдайларда жатақхана әкімшілігі мен кеңесінің ұсынысы негізінде оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректордың/оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректордың өкімімен шығарылады:


  • жатақхананың ішкі тәртіп ережелерінде және бөлме/төсек-орынды жалға алу туралы келісімшартта қарастырылған міндеттерді орындамаса;

  • тұратын бөлмені тікелей мақсатта қолданбаса;

  • тұрғын жайды бүлдірсе немесе зиян келтірсе;

  • 2 ай бойы тұрғын үй ақысын төлемесе;

  • көршілердің құқы мен мүдделеріне үнемі зиянын тигізсе;

  • жатақханаға алкогольді ішімдік ішкен күйде немесе есірткі заттарының әсерінде келсе;

  • белгіленген арнайы орыннан басқа жатақхана аймағында темекі шексе;

  • жатақханада бір ай немесе одан да көп мерзімде дәлелсіз себептермен тұрмаса;

  • мекен-жай бойынша тіркелмесе;

  • есірткі заттарын немесе психотропты дәрілерді қабылдаса, есірткі және психотропты дәрілерді сақтап, таратса;

  • жатақханада жарылғыш, химиялық қауіпті заттарды және қаруды сақтаса.

34. Сонымен қатар, жатақханадан шығару білім алушының өз өтініші бойынша, оқу мерзімі аяқталғаннан кейін, ҚР заңнамасымен және университет актілерімен қарастырылған басқа да жағдайларда жүзеге асырылады.

35. Тұрғындарды университет жатақханасынан шығару ҚР азаматтары үшін өкім шыққаннан кейінгі үш күн ішінде, шетелдік азаматтар үшін шығу визасы алынған күннен кейінгі 7 күн ішінде жүргізіледі.

36. Университет тәртібін өрескел бұзғаны үшін жатақханадан шығарылған білім алушы қайта жатақханаға орналаса алмайды.

37. Жатақханада тұрушы шығарылу туралы өкімге қол қойғаннан кейін үші күн аралығында:



  • жатақхананың мүлкін комендантқа тапсыруы;

  • шығарылу кезінде тұрғын үй ақысы мен өзге де төлемдерді өтеуі;

  • бөлмені жеке заттарынан босатып беруі, бөлмені комендантқа таза күйінде өткізуі;

  • рұқсат қағаз бен бөлменің кілтін жатақхана комендантына өткізуі;

  • тіркеуден шығуы тиіс.

38. Оқуды бітірген білім алушы айналым парағына комендантқа қол қойдырып студенттік бөлімге өткізуі тиіс.

1-қосымша           


________________________________
________________________________
________________________________

________________________________

(ЖОО басшысының аты-жөні)

______________________________

(факультетінің)      
______________________________
(мамандығының)       
_____________________ студенті
(оқу тобының)

    _____________________________

(аты-жөні) 

ӨТІНІШ
Маған университет жатақханасынан бір орын беруіңізді сұраймын.
Келген жерім _____________________________________________________

_________________________________________________________________

      «____» ___________________ 20___ ж. _______________________
                                                  (қолы)

2-қосымша


Білім алушыларға жатақхана
берілгендігі туралы №_______ жолдама

Азамат(-ша)_______________________________________________________


                (тегі, аты, әкесінің аты)

__________________________________________________________________


 (факультеті, оқу тобы)

№ ____ жатақханаға орналасуға жолдама берілді.

Жатақхананың мекен-айы____________________________________________

Оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор ______________

(қолы)

Факультет деканы ________________


                 (қолы)
     

«___» _________ 20___ ж.


М.О.


3-қосымша           


Білім алушыларға жатақхана
берілгендігі туралы мәліметті тіркеу кітабының нысаны

___________________________________________________


(Жоғары оқу орнының атауы)
      Басталды _____________ жылы
     Аяқталды _____________ жылы


Реттік нөмір

(жолдама нөмірі)



Берілген күні

Білім алушының

аты-жөні, оқу тобы



Жолдаманы тіркеген қызметкердің аты-жөні

Білім алушының қолы

1

2

3

4

5











Ескерту: Тіркеу кітабы тігіліп, нөмірленуі және мөр таңбамен бекітілуі тиіс.



Қорқыт Ата атындағы

Қызылорда мемлекеттік университетінің

білім беру қызметін жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлық

және өзге де құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі

қоғамдық комиссия
ЕРЕЖЕСІ



  1. Жалпы ереже

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің білім беру қызметін жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі қоғамдық комиссияның (бұдан әрі қоғамдық комиссия ) ережесі

-Қазақстан Республикасының Конституциясына;

-ҚР «Білім туралы» Заңына;

-ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына;

-ҚР Еңбек Кодексіне;

-ҚР Білім және ғылым министірлігінің «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдересін ұйымдастырудың ережесіне»;

-ҚР Білім және ғылым министірлігінің «Жоғарғы оқу орнында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, арқылы және қорытынды аттестаттау өткізудің типтік ережесіне»;

-Университеттің Жарғысына;

-«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің типтік ережесіне» сәйкес әзірленді.

Ереже Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі білім беру ісінің сапалы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер және білім алушылар арасындағы моральдық-психологиялық ахуалды қалыпты ұстауға көмектесу, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы мүмкіндігінше жақсарту, университеттің ішкі тәртіп ережесі мен еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуге ықпал жасауға, сонымен қатар, университетте сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттердің алдын алу және жою мақсатында жасалынды.


ІІ. Қоғамдық комиссияның жасақталуы

Қоғамдық комиссияның құрамы жаңа оқу жылының басында, профессор-оқытушы мен қызметкерлердің, білім алушылар контингентінің белсенді және ынталы мүшелерінен ерікті түрде бір жылға жасақталады.

Комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және мүшелері ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Комиссия құрамына университет ректорының өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар.

Комиссия мүшелерінің өз қызметтерін орындауы қоғамдық негізде жүзеге асырылады.
ІІІ. Қоғамдық комиссияның міндеттері мен құқықтары
Міндеттері:

-университеттегі білім беру қызметінің Қазақстан Республикасындағыжоғарғы оқу орындарының қызметін ұйымдастыру туралы заңнамаларына сәйкес жүргізілуне бақылау жасау;

- оқу үдерісін ұйымдастырудағы белгіленген тәртіп ережелерінің сақталуын қадағалау және оның бекітілген кестеге сай жүргізілуін бақылау жасау;

- сыбайлас жемқорлық сипатындағы және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру;

- білім алушылардың үлгерімін аралық және ағымдық бақылаудың, күндізгі, сырттай оқыту түрлері бойынша емтихан сессиясының ережеге сай ұйымдастырылуын қадағалау;

- қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісінің жүргізілуін, белгіленген тәртіп ережелеріне сәйкес жүргізілуін жыл бойы қадағалау;

- оқу үдерісін жүргізуде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда құрылатын сұрақтардың (тест, ауызша, жазбаша) мазмұнына қажет болған жағдайда тәуелсіз жұмыс тобын құрып, талдау жасау;

- оқу, кәсіптік, технологиялық, диплом алды іс-тәжірибелердің өтуі және оны ұйымдастыру жұмыстарына талдау жасау;

- емтихан ведомостары мен сынақ кітапшаларының дұрыс және сауатты, уақытында толтыруын тексеру;

- қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың ережеге сай ұйымдастырылуына бақылау жасау;

- жатаханаларда әлеуметтік-тұрмыстық, санитарлық-гигиеналық талаптардың бұзылмауына, ішкі тәртіп ережелерінің, оқытушылардың кезекшілік кестесінің орындалуына бақылау жасау;

- анықталған әрбір құқық және тәртіп бұзушылық оқиғалары жөнінде университет басшылығына жазбаша мәлімдеу және оларды жою жолдары туралы ұсыныс енгізу;

- педагогикалық әдептіліктің, студенттер мен оқытушылардың арасындағы қарым-қатынас нормаларының сақталуын бақылау;

- оқытушы-профессорлардың кәсіби біліктілік деңгейі рейтингінің нақты анықталуына бақылау жасау;

- автоматтандырылған жұмыс орындары туралы, Платонус бағдарламасының дұрыс жүргізілуіне талдау жасап отыру;

- сенім телефондары, оқу ғимаратындағы ұсыныс-пікір жәшіктеріне, университет веб-сайтындағы қоғамдық комиссия парақшасына, әлеуметтік желілерден түскен ақпараттарға талдау жүргізіп, қажет болса басшылыққа ұсыныс жасау;

- сынақ-емтихан сессиялары кезінде университет ректорына күнделікті ақпарат беріп отыру және аптасына бір рет сессия барысы туралы жиналыс жасау.
Құқықтары:

-білім алушылардың үлгерімін бақылау түрлері (тест, ауызша, жазбаша) бойынша бағалаудың шынайылығын қамтамасыз ету, келеңсіз құбылыстарға (бағаны білімге сай емес жоғары кою немесе әділетсіз төмендету, т.б.) жол бермеу, қажет болған жағдайда тәуелсіз аппелляциялық комиссия құру;

- аралық бақылау тапсыру, емтихан сессиялары кезінде білім алушылардың қосымша көмек құралдарын пайдалану (шпоргалка) фактісі анықталған жағдайда сол мезетте акт жасау, аралық бақылау, емтиханнан шығару;

- университеттегі еңбек тәртібі мен ішкі тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, білім алушылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мен жағымды моральдық–психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында ұсыныстар жасау;

- университетке қарасты барлық материалдық – техникалық құндылықтардың (оқу жиһаздары, компьютерлік парк, оқу зертханалары, шеберханалар мен цехтар, т.б. нысандарда) еңбек, техникалық және өрт қауіпсіздігі ережелері талаптарының сақталуына байланысты семинарлар ұйымдастыру;

- университет асханалары мен қоғамдық тамақтану орындарындағы тағамдардың сапасы мен санитарлық талаптардың сақталуына бақылау жүргізіп, ұсыныстар жасау;

- университеттегі мәдени-көпшілік, спорттық-сауықтыру және тәрбие жұмыстарының жоспарға сай және сапалы және сапалы жүргізілуне ықпал жасау;
IV. Комиссия төрағасының міндеттері мен құқықтары
Міндеттері:


  • комиссияның жоспарланған іс-шараларының толық және сапалы орындалуын қадағалау;

  • сыбайлас жемқорлық сипатындағы және басқа да құқық бұзушылықтар анықталған жағдайларда шұғыл түрде ректорға жазбаша мәлімдеу;

  • комиссияның әрбір мүшесінің атқаратын міндеттерін нақты айқындап беруге, оларды өзге жұмыстарға тартпау;

  • комиссия жұмысы жөнінде Ғылыми кеңес алдында тиісті мерзімде есеп беруді ұйымдастыру.


Құқықтары:

-қажетті жағдайларды университеттің ақпараттық талдау орталығы және басқа мүдделі құрылымдармен бірлесіп, профессор – оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен білім алушылар арасында қоғамдық-әлеуметтік маңызды немесе тақырыптық зерттеулер жүргізу туралы ректоратқа ұсыныс беру;

- зерттеулердің нәтижесімен Ғылыми кеңестің алдында тиісті ұсыныстар енгізу.
V.Қорытынды

Комиссия өз қызметін жыл бойы жүргізеді, ай сайын мәжіліс өткізіп, жылына екі рет, қысқы және жазғы сынақ – емтихан сессиясынан кейін Ғылыми кеңес алдында есеп береді.



Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік

университетінің білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдауды ұйымдастыру қағидалары


  1. Пайдалану аймағы

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдауды ұйымдастыру ережесі» (бұдан әрі - Ереже) университеттегі білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдауды ұйымдастыру тәртібіне қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.

Осы Ереженің талаптары міндетті болып табылады.




  1. Жалпы ережелер

2.1 «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдауды ұйымдастыру ережесі» (бұдан әрі - Ереже) университеттегі білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдауды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

2.2 Білім алушыларды курстан курсқа, басқа оқу орнынан/орнына, бір оқу нысанынан екінші нысанға (жеделдетілген оқу бағдарламасы), бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа, ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыру жүзеге асырылады. Білім алушыны ақылы негізден мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесіне сәйкес білім алу процесінде босаған білім беру гранттарын беру арқылы жүзеге асырылады.

2.3 Күндізгі оқу нысанында білім алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштері жазғы және қысқы демалыс кезеңінде, бірақ кезекті академиялық кезең басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей қарастырылады.  

Сырттай оқу нысанындағы білім алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштері бір ай ішінде, бірақ кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бес күннен кешіктірілмей қарастырылады.

2.4 Білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау олардың өткен академиялық кезеңдерде оқыған жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердің академиялық айырмашылығы арқылы айқындалады.

2.5 Жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердің академиялық айырмашылығы - білім алушының транскриптісі немесе білім алуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін академиялық анықтамада (бұдан әрі - анықтама) көрсетілген оқыған пәндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары мен академиялық сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемі негізінде айқындалады. Ауыстыру кезінде пән айырмашылығы мамандықтың міндетті компоненттері бойынша 15 кредиттен аспауы керек. Басқа жоғары оқу орнынан немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысу кезінде студенттің ҰБТ немесе КТ нәтижесінде жинақтаған балы ескеріледі.

Білім алушыны ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде пәндер бойынша пререквизиттері есепке алына отырып, олардың әрі қарай оқу курсы айқындалады.

Меңгерілген кредиттерді қайта есептеу білім беру бағдарламаларын, меңгерілген пәндер тізбесінің мазмұнын, олардың көлемін, алынған білімді, білікті, дағдылар мен құзыреттерді, сондай-ақ оқыту нәтижелерін салыстыру негізінде жүргізіледі.     

2.6 Шетелдік білім беру ұйымынан ауыстыру немесе қайта қабылдану кезінде білім алушы өзінің меңгерген оқу бағдарламалары туралы құжатты (академиялық анықтама немесе транскрипт), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы
№8 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс, яғни білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжатын ұсынуы қажет.     

Шетелдік жоғары оқу орындарынан ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде Қазақстан Республикасында жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік білім алған тұлғалар да балы белгіленген өту балынан төмен емес Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің (бұдан әрі - КТ) сертификатын ұсынады.

2.7 Жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін білім алушы осы пәндерге ағымдағы академиялық кезеңде немесе жазғы семестрге жазылады.

2.8 Егер жоғары оқу орындарының білім алушылары жеке оқу жоспарына сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаса, олар оқудан шығарылғаннан кейін ауыса алады немесе қайта қабылдана алады.

Оқу ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушы қарызын өтеген жағдайда, оқудан шығарылған күннен бастап төрт аптаның ішінде оқуға қайта қабылдана алады.

2.9 Білім алушыны бір мамандықтан екіншісіне, бір оқыту нысанынан екіншісіне ауыстыру тек ақылы негізде оқу үшін ғана жүзеге асырылады.

Білім алу кезеңінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында әскери міндетін өтеуге, денсаулығына байланысты академиялық демалыс алған білім алушы демалысы аяқталғаннан кейін (әскери билеті, денсаулығы оқуға жарамды деген анықтамасы негізінде) тиісті оқу курсына қайта қабылданады.  Бұл ретте ағымдағы оқу жылы ішінде тапсыруға қажетті пререквизиттер тізбесі анықталады.

2.10 Шетелдік оқу орындарынан ауысып келетін білім алушының оқу пәндері бойынша меңгерілген кредиттерді қайта тапсыру кезінде қорытынды бақылау нысанындағы айырмашылық ескеріледі.

Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларына сәйкес сынақ ең төменгі D (1,0; 50-54%) және ең жоғарғы A (4,0; 95-100%) аралығындағы диапазонда төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес білім алушының оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесіне теңестіріледі.

2.11 GPA балы жетіп, келесі курсқа ауыстырылған білім грантымен оқитын білім алушы академиялық қарызы бар болған жағдайда білім грантын сақтай отырып, оны ақылы негізде жояды.

Білім гранты бойынша білім алушы бір жоғары оқу орнынан екіншісіне бір курсқа төмен ақылы негізде ғана ауысуы мүмкін.

2.12 Білім грантымен оқитын студент білім грантын сақтай отырып басқа ЖОО-ға ауыса алады.

2.13 Магистранттар басқа ЖОО-ға тек ақылы негізде ауыса алады.

2.14 Білім беру гранты бойынша және ақылы негізде оқитын білім алушыны бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) басқа ЖОО-ға ауысуға ниет білдірген білім алушы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректорына ауысу туралы еркін нысанда өтініш береді және ауысуға университет мөрімен бекітілген жазбаша келісім алып (түпнұсқа), қызығушылық танытқан ЖОО басшысына өтініш білдіреді;

2) қабылдаушы ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке оқу ісі жөніндегі проректор мен офис-тіркеуші қол қойған, мөрмен бекітілген транскрипттің (түпнұсқа) , білім беру гранты иегері куәлігінің (егер грант иегері болса), оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініштің (басшының қолы қойылып, мөр басылған) көшірмелері қоса берілуге тиіс;

3) ұсынылған құжаттардың негізінде пәндер айырмашылықтарын айқындайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсы белгіленеді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептеліп, оқу процесін тіркеуші офисімен келісе отырып, эдвайзер көмегімен білім алушының жеке оқу жоспары жасалып, факультет деканы бекітеді;  

Оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жоюдың мерзімі факультет деканының өкімімен ағымдағы оқу жылы кезеңінде немесе жазғы семестрге ресімделеді және білім алушының жеке оқу жоспарына енгізіледі.

2.15 Білім алушылар қатарына қайта қабылдау ақылы негізде ғана жүзеге асырылады.   Білім алушы өзінің оқуын жалғастырғысы келген университет ректорының атына қайта қабылдау туралы өтініш береді. Қайта қабылдану туралы өтінішке академиялық анықтама (түпнұсқа) қоса беріледі.

2.16 Бұрын оқудан шығарылған білім алушыларды қабылдау барлық оқу түріне оқудан шығару мерзіміне байланыссыз демалыс кезінде ректордың бұйрығымен рәсімделеді.

Қайта қабылдаудың міндетті шарты білім алушының меңгеретін бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін жеке оқу жоспары бойынша толық аяқтауы болып табылады.

2.17 Басқа жоғары оқу орнынан университетке ауысқан білім алушының жеке іс-қағаздарын жіберу туралы оның бұрын оқыған ЖОО-ға үш жұмыс күні ішінде жазбаша сұраныс жолдайды. Сұранысқа білім алушыны ауысу тәртібімен қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

Басқа жоғары оқу орнына ауысқан білім алушының транскрипт көшірмесі, сынақ кітапшасы, студенттік билеті университет мұрағатында қалады.

2.18 Университетке білім беру гранты негізінде ауысқан білім алушыны қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі, оның атына жазылған білім беру гранты куәлігінің көшірмесімен бірге білім беру саласындағы уәкілетті органға және тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне қаржыландыру көлемін түзету үшін мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне сәйкес ұсынылады.



ОҚЫТУ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ
1. Оқыту сапасы – педагогикалық қызметтің бағалануы, оқытушының білім алушыларға берген білім деңгейінің көрсеткіші. Білім алушылардың нақты бір пән бойынша көрсеткен білім нәтижесі сол пәнді жүргізген оқытушының білімділігі мен біліктілігіне, тәжірибелілігіне, кәсіби шеберлігіне байланысты.
2. Оқыту сапасын бағалау – университеттің миссиясы мен академиялық саясатына сәйкес оқытушының білім беру қызметін бағалау үдерісі.
3. Оқыту сапасын бағалау келесі бағыттарда жүргізіледі:


  • оқытушының кәсіби қызметіне үнемі мониторинг жасау және оның сапасын арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру;




  • оқытушы қызметін бағалауға білім алушыларды қатыстыру;




  • оқыту сапасын қосымша бағалауға жұмыс берушілерді, кәсіпорындар мен ғылыми қауымдастықтардың өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды тарту;




  • оқытушы қызметін бағалауды ашық және объективті негізде жүзеге асыру, т.б.;

4. Оқыту сапасын бағалаудың негізгі нысаны оқытушының біліктілігі (білімі, сабақты ұйымдастыруы, сабақты өткізудегі педагогикалық шеберлігі, ғылыми-әдістемелік ізденісте болуы, т.б.) болып табылады.

5. Оқыту сапасын бағалауда келесі қосымша нысандар да қарастырылады:




  • оқыту ресурстары (оқу жоспарындағы пәннің мазмұны, пәннің оқу-әдістемелік кешені, бақылау материалдарымен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтылуы);




  • оқытушының оқу жұмысын ұйымдастыруы (оқу-әдістемелік материалдардың пән бағдарламасына, қазіргі заманғы ғылыми жаңалықтарға, білім беру бағдарламасының мақсаттарына сәйкестігі, сабақты жүргізу формалары мен технологиялары, білім алушылардың өзіндік жұмысының әдістемелік қамтылуы, оқытушының еңбек тәртібі, білім алушылардың оқу тәртібі, білім алушылардың ағымдық үлгерімі);




  • ресурстардың тиімді пайдаланылуы (сабақта инновациялық әдістер мен технологияларды, техникалық құралдарды, кітапханалық ресурстарды, оқу-зертханалық жабдықтарды қолдануы);




  • пән бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (пән бойынша оқу жетістіктері, оқу нәтижелеріне білім алушылардың қанағаттануы).

6. Оқыту сапасы тек бір критерийге ғана бағынбайтын ұғым болғандықтан, оқыту сапасын бағалау жүйесі көп критерийлі болуы керек. Әр критерий оқыту сапасын тек белгілі бір жағынан ғана көрсете алады, сондықтан оқыту сапасы туралы қорытынды оқытудың негізгі элементтерін жүйе ретінде сипаттайтын көрсеткіштер негізінде жасалады.

7. Оқыту сапасына қызығушылық танытатын тараптар бағалау субъектілері болып табылады. Олардың қатарына білім алушылар, әріптес оқытушылар, жұмыс берушілер, кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлері, тәуелсіз сарапшылар жатады.
8. Оқыту сапасын бағалау әлеуметтік және педагогикалық әдістер арқылы жүргізіледі:


  • әлеуметтік (білім алушылар, жұмыс берушілер, әріптес қызметкерлер арасында сауалнама жүргізу, оқыту сапасы бағаланып отырған оқытушы жөнінде басқа оқытушылармен сұхбаттасу және т.б.);

  • педагогикалық (оқытушының сабағына қатысу, педагогикалық құжаттарды, білім алушылардың жазбаша және шығармашылық жұмыстарын тексеру және т.б.).

9. Университетте оқыту сапасын бағалаудың әлеуметтік әдісі 1-қосымшаға сәйкес «Оқытушы білім алушылар көзқарасымен» сауалнамасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл сауалнаманы университеттің сапа менеджменті және ақпараттық талдау бөлімінің қызметкерлері жүргізеді және оның нәтижесі арнаулы бағдарламалық жабдық көмегімен өңделеді.

10. Педагогикалық бағалау әдісі ретінде ашық сабақтың нәтижесі талданады. Ашық сабақ тиісті хаттамамен рәсімделеді (2-қосымша) және ашық сабақтың сапалық деңгейі бағаланады (3-қосымша). Ашық сабақтың сапалық деңгейін бағалау пайыздық жүйеде жүзеге асырылады.

11. Ашық сабақты өткізу уақыты алдын ала кафедраның оқу жылына арналған жоспарында көрсетіледі (4-қосымша). Әр оқытушы академиялық кезеңде 1 ашық сабақ өткізуі және 2 ашық сабаққа қатысуы тиіс. 2 ашыққа сабаққа қатысу 2 өзара сабаққа қатысу болып есептеледі.

2-қосымша


АШЫҚ САБАҚТЫҢ ХАТТАМАСЫ

(Ашық сабақты өткізген оқытушының аты-жөні)


Пәннің аты _________________________________________________________
Сабақтың тақырыбы _________________________________________________

___________________________________________________________________


Кафедра____________________________________________________________________________________

Оқу тобы _____________________________________, Дәрісхана_______________________

Уақыты «_______» _________20__жыл, сағат ________

Білім алушы саны______, қатысқаны______, қатыспағаны__________________

Сабақтың түрі_______________________________________________________

(лекция, практикалық, семинар, зертханалық)


1. Оқытушының сабақты өткізу кезіндегі педагогикалық іс-әрекеті:

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(Оқытушының сабақты ұйымдастыруы, білім алушыларға сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіруі және пән мазмұнына байланысты қандай мәселелер айтылғаны, сабақтың жүргізілу бағыты жөнінде қысқаша жазылады)
2. Оқытушыға қойылған сұрақтар: ____________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Сабаққа қатысқан оқытушылардың пікірі: __________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (сабақтың жетістіктері, әдістемелік және теориялық деңгейі, IT технологияның және оқытудың инновациялық әдістерінің қолданылуы, педагогикалық шеберлігі, материалды жеткізе алуы, дәрісханамен байланысы, білім алушылардың оқу материалын игеруі)
4. Қорытындылар мен ұсыныстар ______________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Кафедра меңгерушісі:

_____________________________

Сабаққа қатысқан оқытушылар:

_____________________________




_______________________________




_____________________________




_____________________________




_____________________________

Сабақты жүргізген оқытушы:

_____________________________

3-қосымша


Ашық сабақтың сапалық деңгейін бағалау

Кафедра ____________________________________________________________

Оқу тобы ________________________________

Ашық сабақтың өткізілген уақыты «____» __________20___ж., сағаты _______

Оқытушының аты-жөні _______________________________________________

Пәннің аты _________________________________________________________

Сабақтың тақырыбы _________________________________________________

___________________________________________________________________

Сабақтың түрі_______________________________________________________

(лекция, практикалық, семинар, зертханалық)



Бағалау критерийлері




Негізге алынатын критерийлер

Бағалау пайызы

Ескертпе, сын-пікір


1

Оқытушының педагогикалық шеберлігі, оқу материалының баяндалуы







2

Сабақ мазмұнының тұтастығы, баяндалған оқу материалының бір-бірімен өзара байланысы







3

Оқытушының тақырыпқа байланысты ғылыми көзқарасы мен ұстанымы







4

Тақырып материалының басқа пәндермен байланысы







5

Тақырыпқа қатысты ғылыми-әдістемелік еңбектердің пайдаланылу деңгейі







6

Оқытушының оқыту технологиялары және оқытудың инновациялық әдістерін қолдануы







7

Оқытушының IT технологиялар мен көрнекі құралдарды пайдалануы







8

Оқытушының дәрісхананы ұйымдастыра алуы (білім алушыларды сабаққа қызықтыруы)







9

Оқытушының уақытты тиімді пайдалануы







10

Сабақ мазмұнына байланысты білім алушылардың білім деңгейін көрсетуі







11

Білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра алуы







12

Оқытушының педагог этикасын ұстануы мен жалпы мәдениеті










Орташа пайыздық көрсеткіш:











Жалпы ұсыныстар мен қорытынды пікірлер
























Ашық сабақтың сапалық деңгейінің бағасы ______________________________

(пайызбен)

____________________________________ _____________

(сабаққа қатысқан оқытушының аты-жөні) (қолы)

____________________________________ _____________

(сабаққа қатысқан оқытушының аты-жөні) (қолы)

____________________________________ _____________

(сабаққа қатысқан оқытушының аты-жөні) (қолы)

____________________________________ _____________

(сабаққа қатысқан оқытушының аты-жөні) (қолы)

____________________________________ _____________

(сабаққа қатысқан оқытушының аты-жөні) (қолы)

Ашық сабақтың сапалық деңгейін бағалау нәтижесімен таныстым.

Ашық сабақты өткізген оқытушының қолы ___________________


4-қосымша


20__ - 20__ оқу жылындағы

ашық сабақтарды өткізу кестесі




Ашық сабақ өткізетін профессор-оқытушының аты-жөні

Дәріс, зертханалық жұмыс, практикалық сабақ тақырыбы

Өткізілетін мерзімі

Оқу тобы

Орындалғандығы туралы белгі


















Кафедра меңгерушісі: ______________________________



«ОҚЫТУШЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАР КӨЗҚАРАСЫМЕН» сауалнамасы 1-қосымша

Құрметті білім алушы! Сауалнаманы мұқият оқып, жауап парағын толтырыңыз.





Сұрақтарды бағалау өлшемі (1-ден 5-ке дейін)

Өте нашар –1; нашар –2; орташа – 3; жақсы – 4; өте жақсы 5.



Сұрақтар

1-пән бойынша оқытушының

аты-жөні


2-пән бойынша оқытушының

аты-жөні


3-пән бойынша оқытушының

аты-жөні


4-пән бойынша оқытушының

аты-жөні


5-пән бойынша оқытушының

аты-жөні


6-пән бойынша оқытушының

аты-жөні


7-пән бойынша оқытушының

аты-жөні


8-пән бойынша оқытушының

аты-жөні


9-пән бойынша оқытушының

аты-жөні


10-пән бойынша оқытушының

аты-жөні


1

Оқу материалын кәсіби тұрғыдан меңгеруі, білуі































2

Оқу материалын түсіндіруі және оны білім алушыларға жеткізе алуы































3

Оқу материалына қатысты қазіргі заманғы жаңалықтар мен ақпараттарды меңгеруі































4

Оқылатын материалды болашақ кәсіби қызметпен байланыстыра алуы































5

Білім алушыны оқу материалына қызықтыра білуі, педагогикалық шеберлігі































6

Инновациялық технологиялар мен интерактивті құралдарды пайдалана білуі (тренинг, ойындар, жаттығулар және т.б.)































7

Дәрісханамен қарым-қатынас жасауы (сабақ үстінде білім алушылардың реакциясын бақылап отыруы, пән мазмұны бойынша пікір алмасу жасауы, т.б.)































13

Сөйлеу мәдениеті (дәрісхана оқуға дикциясының қалыптасуы, конспект жазуға мүмкіндік беретіндей сөйлеуі)































8

Сабақтың басталу және аяқталу мерзімін сақтауы, уақытты тиімді, дұрыс пайдалануы































9

Оқу материалының қолжетімділігі (силлабустың, пәннің оқу-әдістемелік кешенінің, семинар және зертханалық сабақтардың тапсырмаларының электрондық нұсқасының серверде орналастырылуы)































10

Дәрісханалық сабақтан тыс уақытта білім алушымен байланысы (өзіндік жүмысты орындауға көмектесуі, кеңес беруі)































11

Білімді әділ бағалауы (талапшылдығы, әділеттілігі)































12

Білім алушыға құрметпен, әдептілікпен қарауы, сыйластығы: әріптестікке ұмтылуы































14

Жеке тұлғалық қасиеттері (жүріс-тұрысы, бірсөзділігі, қызметтік міндетіне жауапкершілігі, өзін-өзі ұстауы, т.б.)































15

Оқылған пән бойынша өзіңіздің біліміңізді бағалаңыз































16

Сіздің оқытушыға деген жалпы бағаңыз






























Сауалнамаға жауап бергеніңізге алғыс білдіреміз!



Магистратура мен докторантурадағы қорытынды аттестаттау туралы ереже


  1. Қолдану саласы

Осы ереже Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі жоо кейінгі білім бағдарламасы бойынша оқитындарға қорытынды аттестация өткізудің тәртібі мен мәндетті талаптарын белгілейді.

Осы ереже Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің барлық құрылымдық бөлімшелерінде қолдануға міндетті болып табылады.

2.Нормативтік сілтемелер
Осы Ереже мыналарға сәйкес әзірленді:

- ҚР 27.07.2007ж. «Білім туралы»Заңына, 09.04.2016 ж. №501-V өзгертулері және толықтыруларымен;

- ҚР Үкіметінің 23.08.2012 жылғы №1080 қаулысымен бекітілген, 13.05.2016ж. №292 өзгертулері және толықтыруларымен Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына;

- ҚР Білім және ғылым министрінің 18.03.2008 жылғы № 125 бұйрығымен бекітілген, 13.05.2016ж. №318 өзгертулері және толықтыруларымен Жоғары оқу орындарында оқитындардың сабақ үлгеріміне ағымды бақылау, аралық және қорытынды бақылау жүргізудің типтік ережелеріне;

ҚР Білім және ғылым министрінің 31 наурыз 2011 жылғы №126 бұйрығымен бекітілген, 21.01.2016ж. №56 өзгертулері және толықтыруларымен Диссертациялық кеңес туралы ережесіне;

ҚР Білім және ғылым министрінің 31 наурыз 2011 жылғы №127 бұйрығымен бекітілген, 30.05.2013г. №214 өзгертулері және толықтыруларымен Ғылыми дәрежелерді беру ережелеріне.


3.Анықтамалар, терминдер мен қысқартулар
Осы Ережеде келесідей терминдер мен анықтамалар қолданылады:

докторантура – жоо кейінгі білім, оның білім бағдарламасы ғылыми, педагогикалық және (немесе) кәсіби қызмет үшін мамандар даярлап, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін беруге бағытталған;

докторлық диссертация – докторанттың ғылыми жұмысы, өз бетінше зерттеу жүргізуді білдіреді, онда теориялық ережелер әзірленген, олардың жиынтығын жаңа ғылыми жетістік деп, немесе ғылыми проблема шешілді деп, не болмаса ел экономикасын дамытуға елеулі үлес қосатын ғылыми негізделген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер баяндалды деп бағалауға болады;

білім алушыларды қорытынды аттестаттау – олардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында қаралған оқу пәндерін игеру деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін процедура;

кредиттік оқыту технологиясы – білім технологиясы, білім тераекториясын дараландыру, таңдамалық негізінде өзін өзі білімдендіру деңгейін арттыруға және игерілген оқу материалының көлемін кредиттер түрінде есептеуге бағытталған;

магистратура – жоо кейінгі білім, оның білім бағдарламасы тиісті мамандық бойынша «магистр» дәрежесін беру арқылы мамандар даярлауға бағытталған;

магистрлік диссертация – ғылыми-педагогикалық магистратура магистрантының бітіру жұмысы, өз бетінше ғылыми зерттеу жүргізуді білдіреді, таңдап алынған мамандық саласында ғылымның заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген, өзекті проблемалардың теориялық және/немесе практикалық әзірленімін білдіреді;

магистрлік жоба - бейінді магистратура магистрантының бітіруші біліктілік жұмысы, өз бетінше ғылыми зерттеу жүргізуді білдіреді, таңдап алынған мамандықтың өзекті проблемасының қолданбалы міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін теориялық және/немесе сынамалық нәтижелерді қамтиды;

транскрипт (Transcript) – тиісті оқу кезеңі ішінде өтілген пәндердің бағалары мен кредиттерін білімді баллдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша көрсеткен тізім бар құжат;

пререквизиттер (Prerequisite) – пәндер тізбесі, оқылатын пәнді игеруге қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтиды;

оқу процесін Тіркеуші офис – білім алушының оқудағы барлық жетістіктерінің тарихын тіркеумен айналысатын және білімді бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды және оның академиялық рейтингін есептеуді қамтамасыз ететін бөлімше;

сабақ үлгерімінің орташа баллы (GradePointAverage - GPA) - білім алушының оқудағы жетістіктерінің орташа өлшемді бағасы, таңдап алынған бағдарлама бойынша бір оқу жылына пәндер бойынша аралық аттестаттау бағасы баллдарының аралық аттестаттау пәндері бойынша жалпы кредиттер санына сандық эквиваленті мен кредиттерінің көбейтінділерінің қосындысы ретінде айқындалады;

Осы Ережеде келесі қысқартулар қолданылады:



Қорқыт Ата атындағы ҚМУ – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті;

МАК – Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы.
4.Общие положения
1. Университетте оқитындардың қорытынды аттестаттауы академиялық күнтізбеде және мамандықтардың жұмыстық оқу жоспарларында көзделген мерзімде кешенді емтихан тапсыру және магистрлік диссертация (магистрлік жоба)/докторлық диссертация қорғау түрінде өткізіледі.

2. Қорытынды аттестаттауға жұмыстық және жеке оқу жоспары мен жұмыстық оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқу процесін толық аяқтаған білім алушылар жіберіледі.

3. Жұмыстық және жеке оқу жоспарының, жұмыстық оқу бағдарламаларының талаптарын орындамаған бітіруші курста оқитындар жазғы семестрден (триместр) өтпей, қайтадан оқу курсына қалдырылады.

4. Университет ректораты ағымды оқу жылының 1 қазанына дейін магистратураның күтілетін шығарылымы бойынша білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатқа (диплом) білім және ғылым саласындағы уәкілетті органға сұранысты ұсынады.


5. Магистратура мен докторантураның Мемлекеттік аттестациялық комиссиясы
5. Білім алушыларғп қорытынды аттестаттау өткізу үшін университет әр мамандық бойынша Мемлекеттік аттестаттау комиссиясын (МАК) құрады.

6. Университет ректораты ағымды жылдың 1 қарашасына дейін жоо кейінгі білім мамандықтары бойынша МАК Төрағасының кандидатурасын (бітіртуші кафедраның бейініне сәйкес ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағымен және осы ұйымда жұмыс істемейтін) білім мен ғылым саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

7. МАК құрамына оның мүшелері құқығымен кіреді:

- магистратура мамандықтары бойынша - бітіртуші кафедраның бейініне сәйкес ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар тұлғалар (бейінді магистратура үшін МАК құрамына шығарылатын мамандардың бейініне сәйкес келетін жоғары білікті мамандар да кіре алады);

- докторантура мамандықтары бойынша – бітіруші мамандардың бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы және PhD дәрежесі бар тұлғалар.

8. МАК-ң сандық құрамын (кемінде 5 адам, оның ішінде МАК төрағасы бар) университет айқындайды, ректордың бұйрығымен 31 желтоқсаннан кешіктірмей бекітіледі және күнтізбелік жыл бойына жұмыс істейді.

9.Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі апта бұрын тізім бойынша ректордың бұйрығымен рәсімделіп, МАК төрағасына ұсынылады.
6. Магистратура мен докторантурада кешенді емтихан қабылдау тәртібі
10. Мамандық бойынша кешенді емтиханға магистратура мен докторантураның білім бағдарламасының базалық және бейіндік пәндер циклының міндетті компонент пәндері кіреді.

11. Кешенді емтихан келесі түрлердің біреуі бойынша өткізіледі: бекітілген бағдарлама көлемінде ауызша, жазбаша, тестілеу.

12. Кешенді емтихан бағдарламасы, оны өткізу түрі мен тапсырмалар мазмұнын осы кешенді емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламалары негізінде университетпен әзірленеді.

13. Университет тест тапсырмаларын, олардың түрлерін (ашық, жабық, құрамаландырылған тесттер) және тестілеу өткізу технологиясын өз бетінше әзірлейді.

14. Кешенді емтихан қабылданады:

магистратура бойынша - магистрлік диссертацияны (магистрлік жоба) қорғауға дейін 1 ай бұрын;

докторантура бойынша – докторлық диссертацияны қорғауға дейін 3 ай бұрын.

15. Кешенді емтихан нәтижелері осы Ереженің 1 Қосымшасына сәйкес үлгі бойынша хаттамамен рәсімделіп, әрбір білім алушыға жеке толтырылады.

МАК мәжілісінің хаттамасын МАК құрамында бекітілген оның хатшысы жүргізеді.

16. Тестілеу түрінде кешенді емтихан жүргізген кезде жеке хаттаманы рәсімдеуге емтихан ведомосі негіз болып табылады.

17. Оң баға алынған кешенді емтиханды неғұрлым жоғарылау бағаға көтеру мақсатында қайта тапсыруға жол берілмейді.

18. Кешенді емтиханның нәтижесімен келіспеген білім алушы оны өткізген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға береді.

19. Апелляция өткізу үшін біліктіліктері мамандық бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылар қатарынан университет ректорының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады.

20. Апелляция қанағаттандырылған жағдайда МАК мәжілісінің хаттамасы қайтадан рәсімделеді. Бұл жағдайда бірінші хаттама нәтижелері «Баға ___________ №_______ хаттамамен қайта қаралды «____» бетте» деген жазбамен жойылады да барлық қатысушы МАК мүшелері қолдарын қояды.

21. Кешенді емтиханнан қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушы ректордың бұйрығымен оқудан шығарылып, оқуын аяқтамаған азаматтарға берілетін Анықтама беріледі.

22. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушыға магистратураның немесе докторантураның осы қорытынды аттестаттау кезеңінде кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

23. Кешенді емтихан тапсырған магистрант немесе докторант диссертациялық жұмысты қорғауға жіберіледі. Диссертацияны қорғауға жіберу МАК Төрағасының ұсынысы арқылы университет ректорының бұйрығымен рәсімделеді.

24. Докторанттардың кешенді емтихан нәтижелері бойынша МАК Төрағасы оның нәтижелері туралы есеп жасап, бір айлық мерзім ішінде оны университет ректорына ұсынады.

25. Докторанттардың кешенді емтихан нәтижелері туралы есеп 2 Қосымшаның 1,3,4 кестелерін және түсіндірме жазбаны қамтиды.

Түсіндірме жазбада көрсетіледі:

1) жоғары оқу орнында аталған мамандық бойынша докторлар даярлау деңгейі;

2) кешенді тестілеуде анықталған білім алушының білім сипаттамасы;

3) осы мамандық бойынша докторлар даярлау сапасына талдау;

4) докторлар даярлаудағы кемшіліктер;

5) докторлар даярлауды одан әрі жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар.

26. Докторанттардың кешенді емтихан нәтижелері туралы есепке МАК Төрағасы қол қояды, университеттің Ғылыми Кеңесінің мәжілісінде талқыланып, бекітіледі.


7. Магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) ұйымдастыру
27.Магистрлік диссертация (магистрлік жоба) плагиатқа міндетті түрде тексеруден өтуі тиіс, оны өткізу ережесі мен тәртібін университет өз бетінше айқындайды.

28. Магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) қорғау кестесі академиялық күнтізбеге сәйкес бекітіледі. Бұл ретте күніне 6-8 магистранттан аспай қорғауға жіберіледі.

Магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) қорғау МАК ашық мәжілісінде оның кемінде 2/3 мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.

Бір магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) қорғау ұзақтығы кемінде 50 минут болуы тиіс. Магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) қорғау үшін магистрант МАК алдында кемінде 15 минут баяндама жасайды.

29. Магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) қорғау мыналар болған кезде жүргізіледі:

- ғылыми жетекші мен ғылыми кеңесшінің оң пікірі (болған кезде);

- диссертация тақырыбы бойынша ғылыми журналда немесе ғылыми-тәжірибелік (ғылыми-теориялық) конференциялар (бейінді бағыт) материалдарында кемінде бір жарияланым және диссертация тақырыбы бойынша ғылыми журналда немесе ғылыми-тәжірибелік (ғылыми-теориялық) конференциялар (ғылыми және педагогикалық бағыт) материалдарында кемінде екі жарияланым;

- бітіртіуші кафедраның қорғауға ұсынуы туралы шешімі (кафедра мәжілісінің хаттамасынан үзінді көшірме);

- біліктілігі (дәрежесі) қорғалатын жұмыстың бейініне сәйкес келетін оппоненттің рецензиясы.

Егер ғылыми жетекші және/немесе бітіртуші кафедра «қорғауға жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсыныс берілмейді» деген тұжырым берсе магистрант магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) қорғамайды.

30. Магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) қорғау нәтижелері осы Ереженің 3 Қосымшасына сәйкес үлгіде әр магистрантқа жеке хаттамамен рәсімделеді.

31.Қорытынды аттестаттаудан өтіп, магистратураның тиісті кәсіби оқу бағдарламасын игергенін дәлелдеген және магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) көпшілік алдында қорғаған білім алушыға МАК шешімімен тиісті мамандық бойынша «магистр» дәрежесі беріліп, мемлекеттік үлгідегі дипломы қосымшасымен бірге магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) қорғаған күннен кейін отыз күн ішінде беріледі.

МАК шешімі осы Ереженің 4 Қосымшасына сәйкес үлгіде хаттамамен рәсімделеді.

32. Магистранттардың қорытынды аттестаттауы аяқталғаннан кейін магистранттардың қорытынды аттестаттауының нәтижелері туралы есеп жасалып, екі апталық мерзімде университет ректорына ұсынылады.

33. Магистранттардың қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы есеп кестелер мен түсіндірме жазбаларды қамтиды.

Кестеде осы Ереженің 2 Қосымшасында келтірілген көрсеткіштер көрсетіледі.

Түсіндірме жазбада көрсетіледі:

1) университетте аталған мамандық бойынша магистр даярлау деңгейі;

2) кешенді емтиханда анықталған білім алушының біліміне сипаттама;

3) аталған мамандық бойынша магистр даярлау сапасына талдау;

4) магистрлер даярлаудағы кемшіліктер;

5) магистрлік диссертацияның (магистрлік жобаның) тақырыптары ғылым, техника, мәдениеттің қазіргі жағдайына және өндіріс сұраныстарына сәйкес келуі;

6) магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) орындау сапасы;

7) ғылыми жетекшінің пікірі, ресми оппоненттің рецензиялары магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) орындау деңгейіне сәйкестігі;

8) магистрлерді даярлауды одан әрі жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар.

34. Магистранттарды қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы есепке МАК Төрағасы қол қояды, университеттің Ғылыми Кеңесінің мәжілісінде талқыланып, бекітіледі.

35. Университет магистратурада оқитындардың қорытынды аттестатауы аяқталғаннан кейін бір ай мерзімде оның нәтижелері туралы білім және ғылым саласындағы уәкілетті органға есеп ұсынады.

36. МАК Төрағасының есебіне магистратура бағдарламасын аяқтаған бітірушілердің тізімі тегі, есімі, әкесінің аты, мамандығы мен университет реткорының қолы қойылып берілген диплом номері көрсетіліп қоса беріледі.



4. Докторлық диссертация қорғауды ұйымдастыру және жүргізу
37. Докторлық диссертация – нақты мамандықтың философия докторы (PhD) немесе бағыт бойынша доктор дайындау білім беру бағдарламасы бойынша жазылған білікті ғылыми жұмысы. Докторлық диссертацияны орындау докторанттың ғылыми-зерттеу жұмыстары (ДҒЗЖ) кезеңінде жүргізіледі.

38. Бітіртуші кафедра диссертациялық зерттеулердің жалпы тізбесін айқындап, жылда оны жаңартып отырады.

39. Диссертация тақырыбы ғылым дамуының басым бағыттарына және/немесе Қазақстан республикасында іске асырылатын мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес болуы тиіс.

Диссертация келесі талаптардың біріне сай болуы керек:

1) маңызды ғылыми сұрақтарды шешетін жаңа ғылыми дәлелденген нәтижесі болуы;

2) қолданылуы маңызды қолданбалы есептерді шешетін, жаңа ғылыми дәлелденген нәтижесі болуы;

3) жиынтығы нақты ғылыми бағыттардың дамуы үшін маңызды мазмұнды жаңа ғылыми дәлелденген теориялық және(немесе) эксперименталдық нәтижесі болуы.

40. Докторлық диссертацияның тақырыбы негіздемесімен және құрылымымен, докторлық диссертацияны орындау жоспары диссертациямен жұмыс істеуді аяқтау мерзімі көрсетіліп, ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалар жоспары докторанттың жеке жұмыс жоспарында көрсетіледі.

41.Докторантқа докторлық диссертациясына жетекшілік ету үшін қабылдағаннан кейін екі ай ішінде ғылыми жетекші тағайындалады. Докторантқа ғылыми жетекшілік ету және зерттеу тақырыбы Ғылыми Кеңестің шешімі арқылы университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.

42. Докторанттарға ғылым докторлары мен кандидаттары, философия докторы (PhD), қатарынан тағайындалатын, кемінде 2 адамнан тұратын кеңес беру комиссиясы ғылыми жетекшілік жасайды, оның бірі – шетелдік жоо ғалымы болады.

Ғылымның аталған саласында (мамандық бейіні бойынша) ғылыми зерттеулермен белсенді шұғылданатын және ғылыми жетекшілік ету тәжірибесі бар тұлғалар ғылыми кеңесшілер бола алады.

43. Докторанттың шетелдік кеңесшісі міндетті:

- тиісті мамандықтар бойынша философия докторы (PhD) немесе нақты ғылым саласында салалық доктор дәрежесі болуы;

- білімнің осы саласында белсенді жұмыс істеуі және PhD докторанттарға ғылыми жетекшілік ету тәжірибесі болуы;

- Қорық Ата атындағы ҚМУ әріптесі болып табылатын және докторантураның аккредиттелген білім бағдарламасын іске асырушы шетелдік жоо немесе ғылыми орталықтың атынан болуы.

44.Ғылыми жетекшілікті іске асырған кезде шетелдік кеңесші ЖОО кейінгі білім бөліміне өзі туралы толық ақпаратты келесі құжаттарымен береді: келісімі туралы мәлімдемесі (5 Қосымша), білімі, ғылыми қызметі туралы ақпараты бар, бекітілген үлгідегі түйіндемесі (6 Қосымша), жарияланымдар тізімі (7 Қосымша).

45. Отандық ғылыми кеңесші міндетті:

- ғылыми бағыттың белді ғалымдарының бірі және университеттің штаттық қызметкері болуға;

- ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, PhD дәрежесі болуы. Отандық ғылыми кеңесші үш докторантқа дейін ғылыми жетекшілік жасауға құқылы.

46. Докторанттың отандық ғылыми кеңесшісі докторанттың ғылыми-зерттеушілік қызметін бағыттап отырады, шетелдік кеңесшілермен тұрақты байланыс жасайды және білім алушының жеке оқу жоспары мен ғылыми-зерттеу жұмысының бағдарламасында көзделген барлық жұмыс түрін оның уақтылы сапалы орындауына жауапкершілік арқалайды.

47. Ғылыми кеңесшілердің докторанттың ғылыми зерттеу нысаны мен объектісі саласындағы кәсіби құзырттері соңғы 5 жылда жоғары импакт факторы бар шетелдік және отандық ғылыми басылымдарда екі және одан көп жарияланымдарымен және беделді ғылыми форумдарда сөйлеген сөздерімен дәлелденуі тиіс.

Егер отандық кеңесшінің белгіленген мерзімде қорғалмаған PhD докторанттары болса, онда оған жаңа жиынтықтағы докторанттарға жетекшілік етуге Ғылыми Кеңестің шешімі негізінде рұқсат етілмейді.

48. Докторлық диссертациялар бойынша ғылыми кеңесшілер:

- докторлық диссертациялар орындау үшін тапсырмалар береді;

- докторлық диссертацияны барлық орындау кезеңіне жұмыстың күнтізбелік кестесін жасауға көмек береді;

- докторанттың ғылыми зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстарының бағдарламасын қалыптастырады;

- докторантқа тақырып бойынша негізі әдебиеттерді, анықтамалық және архивтік материалдарды, типтік жобалар мен басқа да дереккөздерді ұсынады;

- кеңес беру кестесін белгілейді, оларды жүргізген кезде докторанттың докторлық диссертация орындауда күнтізбелік кестені қадағалауына ағымды бақылау жүргізеді;

- докторлық диссертацияның барлық бөлімдерінің көлемін белгілейді және докторанттың жұмысын үйлестіріп отырады;

- докторанттың ғылыми тағылымдамасын жоспарлайды (оның ішінде шетелдегі).

49.Диссертация өз бетінше жазылады, автордың көпшілік алдында қорғауға шығаратын жаңа ғылыми нәтижелері мен ережелердің жиынтығын қамтиды және автордың ғылымға қосқан жеке үлесі туралы дәлелдейді. Автормен ұсынылған жаңа шешімдер дәлелденуі және бұрыннан белгілі шешімдермен салыстырылып бағалануы тиіс.

Қолданбалы маңызы бар диссертацияда авторлық куәліктер, патенттер және басқа ресми құжаттармен дәлелденген, автормен алынған ғылыми нәтижелерді практикалық пайдалану туралы мәліметтер келтіріледі, ал теориялық маңызы бар диссертацияда – ғылыми тұжырымдарды пайдалану жөнінде ұсынымдар келтіріледі.

Диссертация пмемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерінің бірінде ұсынылады.

50.Диссертацияда сілмелермен белгіленеді:

1) цитат келтірілген материалдардың немесе жекелеген нәтижелердің шығу мәліметтері толық көрсетілген дереккөздер;

2) бірлескен авторларға тиесілі идеялар немесе әзірленімдер;

3) авторлармен бірігіп те, өз бетінше де орындалған ғылыми жұмыстар.

Докторант біреудің материалын авторға сілтемесіз пайдаланған жағдайда және біреуден алынған дереккөз диссертациялық кеңеспен немесе ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен (әрі қарай - Комитет) теріс шешім қабылдайды.

51. Бекітілген талаптарға сәйкес рәсімделген докторлық диссертация бітіртуші кафедраға (қорғау болжанған күнге дейін кемінде үш ай бұрын) алдын ала қорғаудан өтіп, кеңес беру комиссиясының мүшелерінен (яғни, ғылыми кеңесшілерден) пікір алу үшін ұсынылады.

52. Докторанттың диссертациясын талқылауға арналған кафедра мәжілісінде кафедра мүшелерінің кемінде 2/3 (үштен екісі), ғылыми кеңесшілер және докторанттың ғылыми зертеулері саласында ғылыми дәрежесі бар кемінде 2 (екі) маман қатысады. Шетелдік кеңесші болмаған кезде оның пікірін мәжілісте кафедра меңгерушісі оқып береді.

53.Ғылыми кеңесшілер докторлық диссертацияға бөлек пікір жазады. Пікірлер докторантқа 10 (он) күн ішінде беріледі (8 Қосымша).

54. Егер ғылыми кеңесшілермен және/немесе диссертация орындалған кафедрамен «қорғауға жібірелімейді» немесе «қорғауға ұсынылмайды» деген теріс қорытынды берілсе, докторант докторлық диссертациясын қорғамайды.

55. Алдын ала қорғау процедурасынан сәтті өткен жағдайда докторант диссертациясын сараптамаға ұсынады;

56. Диссертацияға сараптама жүргізу үшін университет ректоры Сараптамалық кеңес құра алады. бұл жағдайда сараптамалық кеңес құрамы диссертация қорғаудан екіай бұрын бекітіледі.

Сараптамалық кеңес құрамына ұсынылып отырған зерттеу нысаны мен объектісі саласындағы білімдерді меңгерген, қорғалатын диссертация саласы бойынша соңғы 5 жылда отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда, оның ішінде жоғарғы импакт-факторы барларда екі немесе одан көп басылымдарымен дәлелденген кемінде үш маман кіреді.

Сараптамалық кеңес құрамына докторанттың ғылыми кеңесшілері кіре алмайды.

Сараптамалық кеңеске ұсынылады:

1) аяқталған диссертациялық жұмыс брошюраланған түрде – 3 дана;

2) диссертация тақырыбын бекіту туралы құжат көшірмесі;

3) транскрипт;

4) реферат;

5) диссертациялық жұмыстың аннотациясы;

6) ғылыми жарияланымдардың куәландырылған тізімі және олардың көшірмелері.

57. Докторлық диссертацияның мазмұны бойынша 2 (екі) бет аннотация жазылады. Аннотация қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде рәсімделеді (қажет болған жағдайда аннотацияны өзге тілде жазуға рұқсат етіледі), докторант қол қояды.

58. Аннотация кеңінен талқылау үшін Қорқыт Ата атындағы ҚМУ және/немесе диссертациялық кеңес орналасқан жердегі жоо сайтында орналастырылады.

59. Аннотацияда келесі мәліметтер болуы тиіс:

- зерттеудің өзектілігі;

- зерттеу мақсаты;

- зерттеу объектісі мен әдістері;

- алынған нәтижелер, олардың жаңашылдығы, ғылыми және практикалық маңыздылығы.

Сараптамалық комиссия 10 күн ішінде диссертацияны сараптамадан өткізіп, жоо-да бекітілген үлгіде (9 Қосымша) негізделген жазбаша қорытындыны береді, онда көрсетілуі тиіс:

- диссертацияда баяндалған нәтижелерді алуда докторанттың нақты жеке өзі қатысуы;

- жүргізілген зерттеулердің нәтижелерінің негізделу деңгейі, олардың жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы;

- диссертация мазмұны Жоғары және жоо кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне сәйкестігі;

- диссертация материалдарының докторантпен жарияланған жұмыстарда толық баяндалуы.

60. Жеке оқу жоспарында көрсетілген мерзімге сәйке (болжанған қорғау күніне дейін 2 ай бұрын) сараптық комиссия келесі шешімдердің бірімен қорытынды береді:

1) диссертация көпшілік алдында қорғауға ұсынылсын;

2) ескертулерді белгіленген мерзімде жойған жағдайда диссертация көпшілік алдында қорғауға ұсынылсын;

3) диссертация қорғауға ұсынылмасын.

61. Қорытындыға сараптық комиссия төрағасы мен сараптық комиссия мүшелері қолдарын қояды..

62. PhD докторлық диссертациясын қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңестер докторантураның мамандықтары немесе мамандықтар тобы бойынша қалыптастырылады.

63.Диссертациялық кеңестер докторантуа мамандықтары бойынша мемлекеттік білім тапсырысы орналастырылған жоғары оқу орындарында үш күнтізбелік жылға Комитетпен құрылады. ЖОО Диссертациялық кеңес туралы ережені өздері әзірлеп, бекітеді.  

64. ЖОО Комитетке докторлық диссертация қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңестің құрамын, оның Төрағасын, төрағаның орынбасарын, ғылыми хатшы мен мүшелерін көрсетіп ұсынады. Диссертациялық кеңес құрмына кемінде 5 (бес) адам енеді.

65. Әр мамандық бойынша Диссертациялық кеңес құрамына зерттеу саласына сәйкес ғылыми дәрежесі және кемінде 5 ғылыми мақаласы бар кемінде 3 (үш) маман енеді. Бұл ретте Диссертациялық кеңестің кемінде 1/3(үштен бірі) мүшелері штаттық қызметкерлер, кемінде 1/3(үштен бірі) – басқа жоо өкілдері, кемінде 1/3(үштен бірі) – ғылыми немесе басқа ұйымның өкілдері болуы тиіс.

66. Диссертациялық кеңес құрамы жоо Ғылыми кеңесінің хаттамалық шешімімен бекітіледі. Диссертациялық кеңес өз қызметі туралы ақпаратты жоо-ң интернет-ресурстарында орналастырады.

67. Диссертациялық кеңес құрылған жоо басшысы, Комитеттің сараптық кеңестерінің мүшелері мен қызметкерлері Диссертациялық кеңес құрамына енгізілмейді.

68. Докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғау Диссертациялық кеңес мәжілісінде жүргізіледі, ол соңынан философия докторы, салалық доктор (PhD) ғылыми дәрежесін беру туралы Комитетке өтініш жасайды.

69. Егер Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-де тиісті мамандық бойынша Диссертациялық кеңес жұмыс істемеген жағдайда, докторанттардың құжаттары осы мамандық бойынша басқа жоо-да құрылған Диссертациялық кеңеске ұсынылады. Университет жоо бланкісінде ілеспе хатпен келесі құжаттарды ұсынады:

1) отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілердің пікірлері (мемлекеттік құпиялары бар диссертациялар үшін, отандық кеңесшінің пікірі);

2) диссертация орындалған кафедраның оң қорытындысы;

3) қатты түптелген диссертация және электронды тасымалдағышта (CD-диск);

4) ғылыми еңбектер тізімі және олардың көшірмелері;

5) жеке іс-парағы, университеттің кадрлар бөлімі куәландырған;

6) докторантураның оқу бағдарламасын игергені туралы транскрипт көшірмесі.

Құжаттарды Диссертациялық кеңестің хатшысы қабылдау жүргізіп, оларды тіркеуге алады және Диссертациялық кеңеске ұсынады.

70.  Құжаттарды қабылдағаннан кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Диссертациялық кеңес диссертацияны қорғау күнін айқындайды және докторанттың зерттеу саласында ғылыми дәрежесі мен кемінде 5 ғылыми мақаласы бар екі рецензентті тағайындайды, олардың біреуі осы жоо-ң немесе Қорқыт Ата тындағы ҚМУ-ң қызметкері болмайды. Бұл ретте докторанттың құжаттарының келіп түсу кезектілігі қадағаланады.

Диссертациялық кеңес мүшелеріне (1/3 аспайтын) диссертацияны бейне-конференция түрінде қорғауға қабылдау жөніндегі мәжіліске қатысуға рұқсат етіледі.

71.  Диссертациялық кеңес рецензенттердің, ғылыми кеңесшілердің бір-біріне тәуелсіздігі қағидасын басшылыққа алады. Рецензенттер бола алатындар:

1) Комитет қызметкерлері;

2) диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстар бойынша докторанттың бірлескен авторлары; 



3) диссертация орындалған және/немесе докторант тапсырыс беруші немесе орындаушы (бірге орындаушы) болып табылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жердегі жоо бөлімшелерінің және ғылыми ұйымның (кафедралар, зертханалар, бөлімдер) басшыларымен қызметкерлері;

4) диссертациялық кеңес мүшелері.

72.  Алдағы болатын қорғау туралы хабарлама адресі, күні мен уақыты көрсетіліп, белгіленген қорғау күнінен бір ай бұрын диссертацияны, мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдеріндегі қысқаша аннотациясын және хабарландыру мәтінін Комитет пен диссертациялық кеңес жұмыс істейтін жоо-ң интернет – ресурстарында орналастыру арқылы жасалады. Бірмезгілде диссертациялық кеңес диссертацины докторанттың авторға және алған көзіне сілтеме жасамай алған материалды пайдаланғанын тексеру үшін «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-на жібереді.

Диссертацияның қағаз және электронды тасымалдағыштағы данасы жоо кітапханасына беріледі. Диссертацияның электронды тасымалдағыштағы данасын диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысын Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасына береді.



73. Диссертацияны жоо-ң интернет-ресурстарында орналастырған кезде авторлық құқықты қорғау қамтамасыз етіледі, диссертация материалдарын көшірмелеу және әрі қарай пайдаланудан қорғау технологиялары қолданылады.

74.  Рецензенттер диссертацияны және жарияланған жұмыстарды зерттеу негізінде диссертациялық кеңеске жазбаша пікірлер ұсынады, онда таңдап алынған тақырыптың өзектілігі, диссертацияда түзілген ғылыми ережелердің, тұжырымдардың негізделу деңгейі мен оның практикалық маңыздылығы, оның жаңашылдығы бағаланады, сондай-ақ тиісті мамандық бойынша философия докторы, салалық доктор (PhD) дәрежесін беру туралы қорытынды беріледі (10 Қосымша).

Пікір осы тармақтың талаптарына сәйкес болмаған кезде диссертациялық кеңес қосымша қарау үшін пікірді рецензентке қайтарады немесе рецензентті ауыстырады.

Рецензенттердің пікірлерінің көшірмелері докторантқа диссертацияны қорғауға дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.

75. Докторлық диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес мәжілісінің кестесі күнтізбелік жылға жасалып, жоо ректорының бұйрығымен бекітіледі. Бұл ретте күніне үш-төрт докторлық диссертация қорғауға қойылады.

76.  Диссертациялық кеңестің төрағасы, төрағаның орынбасары мен ғылыми хатшысы Диссертациялық кеңестің мәжілісінде өздері ғылыми кеңесші болып табылатын докторанттың диссертациясы қаралған кезде өз міндеттерін атқара алмайды. Диссертациялық кеңес төрағасының міндеттерін атқару төрағаның орынбасарына, төрағаның орынбасары мен ғылыми кеңесшінің міндеттерін атқару Диссертациялық кеңестің шешімімен мүшелеріне жүктеледі.

Төрағаның, төрағаның орынбасары мен ғылыми хатшының бір мезгілде болмауы жағдайында Диссертациялық кеңестің мәжілісі өткізілмейді.

Диссертациялық кеңес диссертацияны қорғаудың бейне жазбасын және стенограмманың рәсімделуін қамтамасыз етеді (11 Қосымша).

77. Диссертациялық кеңестің мәжілісі, егер оның жұмысына мүшелерінің кемінде 2/3 (үштен екісі) міндетті түрде қатысса, мәжіліске әр мамандық бойынша Диссертациялық кеңес мүшелерінің қатарынан кемінде 3 (үш) маман міндетті түрде қатысса заңды болып саналады.

Мәжілісте рецензенттердің 1 (біреуі) қатыспаса диссертацияны қорғау өткізілмейді. Рецензенттерге Диссертациялық кеңестің қорғау жөніндегі осы мәжілісіне on-line режимінде бейне-конференция түрінде сөйлеуге рұқсат етіледі.

78. Диссертациялық кеңес докторанқа тиісті мамандық бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру немесе осы дәрежені беруден бас тарту үшін Комитет алдына өтініш жасауға шешім қабылдау үшін жасырын дауыс беру жүргізеді.

Диссертациялық кеңестің шешімі, егер оған мәжіліске қатысқан Диссертациялық кеңес мүшелерінің 2/3 (үштен екісі) және одан көп мүшелері жақтап дауыс берсе дұрыс қабылданды деп есептеледі. Егер оң шешімге мәжіліске қатысқан Диссертациялық кеңес мүшелерінің 2/3 (үштен екісінен) азы жақтап дауыс берсе теріс шешім қабылданады.

79. Оң шешім қабылдаған кезде ғылыми хатшы докторанттың аттестациялық ісін қалыптастырып, оны Диссертациялық кеңесте докторлық диссертация қорғалып болғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Комитетке жібереді. Аталған мерзім аяқталғаннан кейін аттестациялық іс қарауға қабылданбайды. Докторанттың аттестациялық ісінде келесі құжаттар қоса беріледі:

1) Диссертациялық кеңес құрылған жоо бланкісінде ілеспе өтініш-хат, диссертациялық кеңестің төрағасы қол қойып, диссертацияны «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-на жөнелту күні көрсетіледі;

2) қатты қағазбен түптелген және электронды тасымалдағыштағы (CD-диск) диссертация;

3) диссертация тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдардың тізімі және көшірмесі;

4) диссертацияның 12 Қосымшаға сәйкес үлгідегі қазақ және орыс тілдеріндегі тіркеу-есепке алу карточкасы;

5) «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-н диссертацияда докторанттың біреуден алған материалды авторына және алынған дереккөздеріне сілтемесіз пайдаланғанын тексеру жөніндегі анықтамасы;

6) ғылыми кеңесшілердің пікірлері;

7) 2 (екі) рецензенттің пікірлері;

8) диссертациялық кеңең мүшелерінің келу парағы (13 Қосымша);

9) диссертацияны қорғау бойынша диссертациялық кеңес мәжілісінің бейнежазбасы және төраға мен ғылыми хатшы қолдарын қойған стенограммасы;

10) жоғары және жоо кейінгі білім туралы дипломдардың көшірмелері, олардың қосымшалары (транскрипт көшірмелері);

11) докторантураның кәсіби оқу бағдарламасын игергені туралы транскрипт көшірмесі;

12) докторант туралы мәліметтер;

13) университеттің кадрлар бөілім куәландырған жеке іс парағы.

80. Теріс шешім қабылданған кезде диссертациялық кеңес қорытынды беріп, онда диссертация қолданыстағы қандай нормативтік талаптарға сай еместігі көрсетіледі. Рецензенттердің, ғылыми кеңесшілердің пікірлерінің көшірмелері, бейнежазба, мәжілістің стенограммасы мен диссертациялық кеңестің төраға мен ғылыми хатшы қол қойған қорытындысы шешім қабылданғаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Комитетке жіберіледі. 

81. Диссертациялық кеңестің теріс шешіміне апелляцияны докторант диссертация қорғау жүргізілген жоо-ң шешімінен кейін 2 (екі) ай ішінде еркін түрде береді.

Апелляция берілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жоо ректорының бұйрығымен апелляциялық комиссия (әрі қарай - комиссия) құрылады. Комиссия құрамына тиісті мамандық бойынша ғылыми дәрежесі бар 3 (үш) маман енгізіледі. Ғылыми кеңесшілер, рецензенттер, Диссертациялық кеңес мүшелері немесе Комитеттің Сараптық кеңесінің мүшелері комиссия мүшелері бола алмайды.

 82. Комиссия құрылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде апелляциялық өтінішті, диссертацияны, диссертация қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңес материалдарын қарап, апелляция нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды.

  Апелляциялық комиссияның қорытындысы комиссия мүшелерінің көпшілік ашық дауыс беруімен қабылданып, барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылады. Комиссияның шешімі оң болған кезде комиссия хаттамасының көшірмелері, қорытынды мен диссертация түпкілікті шешім қабылдау үшін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Комитетке жіберіледі.

Апелляциялық комиссияның қорытындысы өтініш берушіге қорытынды қабылданған күннен кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде хабарланады.

83. Докторанттың аттестациялық ісін қарау мерзімі оны Комитетте тіркеуге алған күннен бастап 4 (төрт) ай құрайды. Қарау мерзімі ұзартылғаны туралы Комитет докторантқа немесе өтініш берушіге оны ұзартқан күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде хабарлайды.

84. Комитет Сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде докторантқа ғылыми дәреже беру/бас тарту туралы шешім қабылдап, тиісті бұйрық шығарады.

85. Философия докторы, салалық доктор (PhD) ғылыми дәрежесін беруден бас тартылған немесе аттестациялық іс қайтарылған жағдайда Комитетпен диссертация докторанқа қайтадан қорғауға, бірақ бір жылдан кейін қорғауға ұсынылады.

86.Университет докторантурада оқитындардың қорытынды аттестациясы аяқталғаннан кейін екі айлық мерзім ішінде білім және ғылым саласындағы уәкілеті органға докторанттың қорытынды аттестациясының нәтижелері туралы бекітілген есепті ұсынады.

87. Жыл сайын диссертациялық кеңес ағымды жылдың қаңтар айында білім және ғылым саласындағы уәкілеті органға докторлық диссертация қорғау нәтижелері туралы есепті ұсынады, онда кестелер мен түсіндірме жазбасы болады. 2,3,4 кестелерде осы Ереженің 2 Қосымшасында келтірілген көрсеткіштер көрсетіледі.

Түсіндірме жазбада көрсетіледі:

1) докторлық диссертация тақырыбының ғылым, мәдениеттің қазіргі жағдайына және өндіріс сұраныстарына сәйкестігі;

2) докторлық диссертацияның орындалу сапасы.

88.  Күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін диссертациялық кеңес атқарылған жұмыс туралы 14 Қосымшаға сәйкес үлгіде Комитетке статистикалық есеп ұсынады. 

89. Докторанттардың докторлық диссертация қорғау нәтижелеріне докторлық диссертация қорғаған докторанттардың тізімі Т.Е.Ә., мамандығы мен берілген дипломның номері көрсетіліп қоса беріледі. Тізімге жоо ректоры қол қояды.


1Қосымша

Мемлекеттік аттестациялық комиссия мәжілісінің

(заполняется на каждого обучающегося)
____ХАТТАМАСЫ

«___»________20 __ж. сағ____ ____ мин. бастап сағ. ____ _____ мин дейін


Қатысқандар:

Мемлекеттік аттестациялық комиссияның Төрағасы

__________________________________________________________________
(тегі, есімі, әкесінің аты)

__________________________________________________________________

Комиссия мүшелері

(тегі, есімі, әкесінің аты)


(тегі, есімі, әкесінің аты)

__________________________________________________________________

(тегі, есімі, әкесінің аты) __________________________________________________________________ (тегі, есімі, әкесінің аты)

__________________________________________________________________

магистратураның/докторантураның мамандығы бойынша кешенді емтихан тапсыру туралы

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Білім алушыдын емтихан алынады

__________________________________________

_________________________________________________________________

(тегі, есімі, әкесінің аты, мамандығы)



_____________________________________________________________________________
Сұрақтар: (пән блоктары бойынша тестілеу нәтижелері)

1._____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. ________________________________________________________________

________________________________________________________________

3. ________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________
1. Білім алушы _______________________________________

(тегі, инициалдары)

)

_______________________________________________________ бағасымен



(баллдық-рейтингтік әріптік жүйк бойынша баға)

кешенді емтихан тапсырды ___________________________________________ деп есептелсін.

(мамандық атауы)
2. Білім алушы белгіленсін _______________________________________

(тегі, инициалдары)

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________


3. Мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелерінің айрықша пікірлері

__________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Төраға _________________________(қолы)


Комиссия мүшелері _________________________ (қолы)
_________________________ (қолы)
Хатшы ___________________________ (қолы)

2 Қосымша

Кесте 1
____________________жылға кешенді емтихан тапсыру нәтижелері

Жоо атауы __________________________________________

мамандық _____________________________________________


Қорытынды аттестаттау түрі

Қорытынды аттестаттауға жіберілгенд ер саныер саны

Тапсырғандар саны

Олардың ішінде қалай тапрысды

қалайсырдыИз них сдали на:






Үздік

Жақсы

қанағаттанарлық

қанағаттанарлықсыз

Орташа балл

Келмеген

Сапа %

Тапсырғандардан үлгерімділік %

Кешенді емтихан






























Кесте 2


________________________ диссертациясын қорғау нәтижелері

(докторлық)

____________________жылға

Жоо атауы __________________________________________

мамандық _____________________________________________


Қорытынды аттестаттау түрі


Қорытынды аттестаттауға жіберілгенд Количество допущенных к итоговой аттестации


Тапсырғандар саны

Олардың ішінде қалай тапсырды




Үздік

Жақсы

қанағаттанарлық

қанағаттанарлықсыз

Орташа балл

Келмеген

Сапа %

Тапсырғандардан үлгерімділік %

Диссертация қорғау































Кесте 3


Бітірушінің қорытынды аттестаттауының жалпы нәтижелері

_______ жылға

Жоо атауы ___________________________________________

мамандығы _______________________________________________




ҚА жіберілгендер саны

ҚА келмегендер саны

ҚА тапсырғандар саны

Олардың ішінде қалай тапсырды

Қанағаттанарлықсыз баға алды

Орташа балл

Тек үздік

Тек үздік және жақсы

Аралас бағалар

Тек қанағаттанарлық






































Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет