68. Бекітілген талаптарға сәйкес рәсімделген магистрлік диссертация/магистрлік жоба алдын ала қорғау процедурасынан өтіп, ғылыми жетекшінің пікірін алу үшін болжанған қорғау күніне дейін үш ай бұрын бітіртуші кафедраға ұсынылады. Егер магистрлік диссертация/магистрлік жоба бойынша ректордың бұйрығымен сабақтас ғылым саласынан ғылыми кеңесші қосымша тағайындалса, онда ғылыми жетекші мен ғылыми кеңесшінің пікірлері бір-бірінен тәуелсіз, бөлек дайындалады.
69. Ғылыми жетекші мен ғылыми кеңесшінің пікірлері (бар болса) алдын ала қорғау процедурасынан өткен күннен бастап 10 (он) күн ішінде «қорғауға жіберілді» немесе «қорғауға жіберілмеді» деген дәлелді қорытындысын көрсетіп магистрантқа беріледі.
Университет диссертацияны диссертация орындалған кафеданың (кафедралардың) мәжілісінде кафедра мүшелерінің кемінде 2/3 (үштен екісі), сондай-ақ ғылыми жетекші мен ғылыми кеңесшінің (болған кезде) қатысуымен талқылауды қамтамасыз етеді.
70. Алдын ала қорғау процедурасынан сәтті өткеннен кейін, ғылыми жетекші (3 Қосымша) мен ғылыми кеңесшінің (болған кезде) оң пікірлері мен диссертацияны плагиатқа тексеру туралы қорытынды болған кезде диссертант диссертациясын қорғауға ұсынады.
71. Диссертантты қорғауға жіберу және қажетті құжаттарды дайындау процедурасы кешенді емтихан мен диссертация қорғау арасындағы кезеңде жүргізіліп, бір айдан аспауы тиіс.
72. Қорғауға қабылданған диссертацияның бір данасын магистрант университеттің ғылыми-техникалық кітапханасына қорғауға дейін бір ай бұрын ұсынады және диссертация қорғалғанға дейін сонда қолжазба құқығымен сақталады. Ойдағыдай қорғалғаннан кейін диссертация университет архивіне беріледі.
73. Магистрлік диссертация/магистрлік жоба бойынша ресми оппонент тағайындалады, оның біліктілігі (ғылыми дәрежесі) қорғалатын жұмыстың бейініне сәйкес болады.
Ресми оппонент тиісті:
1) диссертация тақырыбы бойынша жарияланған магистрант жұмыстарының бірлескен авторы болмауы;
2) диссертация орындалған немесе магистрант тапсырыс беруші немесе орындаушы (бірге орындаушы) болып табылатын жұмыстар жүргізіліп жатқан университет бөлімшесі мен ғылыми ұйымның қызметкері болмауы;
3) МАК мүшесі болмауы.
74. Ресми оппоненттердің кандидатуралары қорғауға дейін 1 ай бұрын бітіртуші кафедраның ұсынысы арқылы ректордың бұйрығымен бекітіледі, онда ресми оппонетті тағайындау туралы негіздемелер, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы мен жетекшілік ететін магистрлік диссертацияның саласы бойынша негізгі жарияланымдарының тізімі (соңғы 5 жылда кемінде 3 жұмысы) көрсетілген анкеталық мәліметтері және болжанған оппоненттің жазбаша келісімі бар болады.
75. Ресми оппонент магистрлік диссертацияны/магистрлік жобаны және диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстарды зерттеу негізінде, ресми оппоненттерді тағайындау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап 10 (он) күн ішінде жазбаша рецензия дайындайды (4 Қосымша), онда диссертацияға жан-жақты сипаттама береді, таңдап алынған тақырыптың өзектілігін, диссертацияда түзілген ғылыми ережелер, тұжырымдар мен ұсынымдардың негізделу деңгейін, олардың жаңашылдығын жан-жақты бағалайды. Ресми оппоненттің рецензиясының түйіндемелік бөлімінде бағасы («үздік», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» көрсетілген және магистр немесе тиісті мамандық бойынша ғылым магистрі дәрежесін беру мүмкіндігі дәлелденген қорытындысы берілуі тиіс. Ресми оппоненттің қойған қолы бекітілген тәртіпте куәландырылады.
76. Ресми оппоненттің рецензиясының көшірмесі магистрантқа диссертация қорғағанға дейін 10 күн бұрын беріледі.
77. Факультет деканы мен диссертант МАК-на келесі құжаттарды ұсынады:
1) магистранттың жеке жоспарды орындағаны, барлық пәндер бойынша алынған бағалары, олардың көлемі, тапсырған курстық жұмыстары мен практика түрлері туралы факультет деканының анықтамасы;
2) магистранттың ғылыми жетекшісінің (ғылыми кеңесшісунің) пікірі;
3) магистрлік диссертацияның/магистрлік жобаның ресми оппонентінің рецензиясы;
4) қатты қағазбен түптелген диссертация;
5) кафедраның оң қорытындысы;
6) диссертацияның тақырыбы мен ғылыми жетекшісін және ғылыми кеңесшісін бектіу туралы ректордың бұйрықтарының көшірмелері;
7) магистрант қол қойған және университеттің Ғылыми Кеңесінің хатшысы куәландырған жұмыстар тізімі мен баспа-таңбасы;
8) диссертацияны университет кітапханасына тапсыру туралы анықтама.
МАК-не ұсынылған барлық материалдардың көшірмелерінің бір данасы университеттің жоо кейінгі білім бөліміне өткізіледі.
МАК хатшысы құжаттарды қабылдау жүргізеді.
МАК-не орындалған магистрлік диссертацияның/магистрлік жобаның ғылыми және практикалық құндылығын сипаттайтын басқа да материалдар, бейресми пікірлер, диссертация бейіні бойынша практикалық қызмет жүргізіп отырған ұйымның жазбаша қорытындылары, ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу туралы анықтамалар немесе актілер, материалдар, бұйымдар, ауылшаруашылық өнімдерінің макеттері, минералдар, гербарийлер коллекциялары және осындай тағы басқалар да ұсыныла алады.
78. МАК егер пікір көрсетілген талаптарға сай келмесе оны ресми оппонентке қайтаруға немесе диссертация қорғау күнінен кемінде 10 күн бұрын ресми оппонентті ауыстыруға құқылы.
79. МАК мәжілісі егер оған мүшелердің кемінде 2/3 қатысса, заңды деп саналады.
80. Ресми оппонент пен ғылыми жетекші диссертация қорғауға қатысуға міндетті. Диссертацияға оң баға берген ресми оппонент дәлелді себеппен қатыспаса, айрықша түрде магистрлік диссертацияны қорғау жүргізуге рұқсат етіледі (бұл жағдайда ресми оппонентті кері шақыру МАК мәжілісінде толық жария етіледі). Тағы айрықша жағдайда, оппоненттерге МАК-ң осы мәжілісінде on-line режимінде бейне-конференция түрінде сөйлеуге рұқсат етіледі.
81. Диссертацияны көпшілік алдында қорғау ғылыми пікірталас сипатында болып, жоғары талапшылдық, принципшілдік пен ғылыми әдепті сақтау жағдайында өтуі тиіс, бұл ретте диссертациядағы ғылыми және практикалық сипаттағы нәтижелер, тұжырымдар мен ұсынымдардың негізделуі, жаңашылдығы тыңғылықты талдауға алынуы тиіс.
82. Магистрлік диссертацияны/магистрлік жобаны қорғау нәтижелері туралы шешімді МАК жабық мәжілісте, оған қатысқан МАК мүшелерінің көпшілік жәй ашық дауыс беруімен қабылдайды және бекітілген үлгідегі хаттамамен рәсімделеді.
83. Хаттамаға мәжіліске қатысқан МАК төрағасы мен мүшелері қолдарын қояды.
84. Қорғау нәтижелері бойынша МАК теріс шешім шығарған диссертация, теріс шешім шығарылғаннан кейін кемінде бір жылдан кейін қайта өңделген түрде қайтадан қорғауға ұсыныла алады. Қайтадан қорғау кезінде қорғауға жіберудің барлық процедурасы қайтадан жүргізіледі, ресми оппонент ауыстырылуы тиіс.
85. Диссертациялық жұмысты қорғау нәтижелері оларды жүргізу күні жарияланады.
1 Қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |