6. Алғыс білдіру немесе ережені бұзғаны үшін шара қолдану
27. Жатақхананың тұрмыс-тіршілігінде белсенділік танытып, әлеуметтік маңызды бастамаларды өткізуге атсалысқан тұрғындарға, студентік кәсіподақ, университет әкімшілігі тарапынан алғыс жарияланады:
мақтау қағазымен, алғыс хатпен марапатталады;
материалдық құнды сыйлықпен марапатталады және т.б.
28. Ержені бұзған жағдайда жатақханада тұрушыларға университет бекіткен тәртіп бойынша әлеуметтік, әкімшілік ықпалдар, ҚР заңнамасына және университеттің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес тәртіптік және басқа да жазалар қолданылуы мүмкін.
29. Ережені бұзғаны үшін жатақханада тұрушыларға келесі тәртіптік жазалар қолданылады:
ескерту;
сөгіс;
жасалған келісімшартты біржақты тоқтату арқылы жатақханадан шығару.
30. Ережені бұзғаны үшін жатақхана тұрғыны жазбаша түсініктеме беруі керек. Одан бас тартқан жағдайда бұл туралы жатақхана кеңесінің үш өкілінің куәлігімен акт жасалады.
31. Тұрғынға тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданатыны туралы жатақхана әкімшілігінің шешімі 3 күн ішінде жүзеге асырылады (білім алушының ауыруы және демалыста болған кезін есептемегенде). Жатақхана тұрғыны шешіммен келіспеген, бас тартқан жағдайда жатақхана кеңесінің үш өкілімен оны растайтын акт жасалады.
32. Жатақхана мүлкіне нұқсан келтірген тұрғындар ҚР заңнамасына сәйкес мүліктік жауапкершілікке тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |