4. Жатақхананы басқаратын қоғамдық ұйымдар
19. Жаңа оқу жылының басында жатақхана тұрғындарының жалпы жиналысында жатақханадағы тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету, қоғамдық-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында жатақхана кеңесі сайланады. Кеңес құрамына жатақхананың студенттік кеңес төрағасы, әрбір подьезд, қабат бойынша жауапты жетекші (староста), тазалық, мәдени-спорт секторларының жетекшілері кіреді.
20. Жатақхана кеңесінің өкілдері университеттің Жастар комитетінің құрамына кіреді.
21. Жатақхана кеңесі:
қабаттар мен подьездер бойынша сайланған жетекшілердің қызметтерін реттейді;
жатақханадағы өзін-өзі басқару жұмыстарын ұйымдастырады;
тұрғындарды жатақхана мен оның төңірегінде қоғамдық пайдалы жұмыстарды (бөлмелерде тазалау мен жөндеу жұмыстарын жүргізу, жиһаздарды жөндеу) атқаруға өз еріктерімен қатысуға жұмылдырады;
жатақхана әкімшілігіне тұрғындарға берілген материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауға көмектеседі.
тұрғындардың мүддесін қорғайды;
мәдени іс-шараларды ұйымдастырады;
жатақхана әкімшілігімен бірлесіп тұрғындардың бөлмелерді, ондағы жиһаздарды қабылдап алу шараларын өз құзыреті аясында ұйымдастырады.
22. Жатақхана кеңесімен төмендегідей мәселелер міндетті түрде келісілуі керек:
тұрғындарды әкімшілік бастамасымен бір бөлмеден екінші бөлмеге ауыстырғанда;
тұрғындарға қолданатын алғыс білдіру және жауапқа тарту шараларын жүзеге асырғанда;
жатақханада сабақтан тыс іс-шаралар өткізгенде.
23. Университет әкімшілігі жатақхана кеңесінің мүшелерін жемісті еңбегі үшін материалдық және моралдық жағынан қолдауды жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |