Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48



бет173/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   189
Бағалау критерийлері





Негізге алынатын критерийлер

Бағалау пайызы

Ескертпе, сын-пікір



1

Оқытушының педагогикалық шеберлігі, оқу материалының баяндалуы







2

Сабақ мазмұнының тұтастығы, баяндалған оқу материалының бір-бірімен өзара байланысы







3

Оқытушының тақырыпқа байланысты ғылыми көзқарасы мен ұстанымы







4

Тақырып материалының басқа пәндермен байланысы







5

Тақырыпқа қатысты ғылыми-әдістемелік еңбектердің пайдаланылу деңгейі







6

Оқытушының оқыту технологиялары және оқытудың инновациялық әдістерін қолдануы







7

Оқытушының IT технологиялар мен көрнекі құралдарды пайдалануы







8

Оқытушының дәрісхананы ұйымдастыра алуы (білім алушыларды сабаққа қызықтыруы)







9

Оқытушының уақытты тиімді пайдалануы







10

Сабақ мазмұнына байланысты білім алушылардың білім деңгейін көрсетуі







11

Білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра алуы







12

Оқытушының педагог этикасын ұстануы мен жалпы мәдениеті










Орташа пайыздық көрсеткіш:












Жалпы ұсыныстар мен қорытынды пікірлер






















Ашық сабақтың сапалық деңгейінің бағасы ______________________________
(пайызбен)

____________________________________ _____________


(сабаққа қатысқан оқытушының аты-жөні) (қолы)
____________________________________ _____________
(сабаққа қатысқан оқытушының аты-жөні) (қолы)
____________________________________ _____________
(сабаққа қатысқан оқытушының аты-жөні) (қолы)
____________________________________ _____________
(сабаққа қатысқан оқытушының аты-жөні) (қолы)
____________________________________ _____________
(сабаққа қатысқан оқытушының аты-жөні) (қолы)
Ашық сабақтың сапалық деңгейін бағалау нәтижесімен таныстым.
Ашық сабақты өткізген оқытушының қолы ___________________
4-қосымша


20__ - 20__ оқу жылындағы
ашық сабақтарды өткізу кестесі





Ашық сабақ өткізетін профессор-оқытушының аты-жөні

Дәріс, зертханалық жұмыс, практикалық сабақ тақырыбы

Өткізілетін мерзімі

Оқу тобы

Орындалғандығы туралы белгі



















Кафедра меңгерушісі: ______________________________



«ОҚЫТУШЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАР КӨЗҚАРАСЫМЕН» сауалнамасы 1-қосымша
Құрметті білім алушы! Сауалнаманы мұқият оқып, жауап парағын толтырыңыз.

Сұрақтарды бағалау өлшемі (1-ден 5-ке дейін)

Өте нашар –1; нашар –2; орташа – 3; жақсы – 4; өте жақсы – 5.



Сұрақтар

1-пән бойынша оқытушының
аты-жөні



2-пән бойынша оқытушының
аты-жөні



3-пән бойынша оқытушының
аты-жөні



4-пән бойынша оқытушының
аты-жөні



5-пән бойынша оқытушының
аты-жөні



6-пән бойынша оқытушының
аты-жөні



7-пән бойынша оқытушының
аты-жөні



8-пән бойынша оқытушының
аты-жөні



9-пән бойынша оқытушының
аты-жөні



10-пән бойынша оқытушының
аты-жөні



1

Оқу материалын кәсіби тұрғыдан меңгеруі, білуі































2

Оқу материалын түсіндіруі және оны білім алушыларға жеткізе алуы































3

Оқу материалына қатысты қазіргі заманғы жаңалықтар мен ақпараттарды меңгеруі































4

Оқылатын материалды болашақ кәсіби қызметпен байланыстыра алуы































5

Білім алушыны оқу материалына қызықтыра білуі, педагогикалық шеберлігі































6

Инновациялық технологиялар мен интерактивті құралдарды пайдалана білуі (тренинг, ойындар, жаттығулар және т.б.)































7

Дәрісханамен қарым-қатынас жасауы (сабақ үстінде білім алушылардың реакциясын бақылап отыруы, пән мазмұны бойынша пікір алмасу жасауы, т.б.)































13

Сөйлеу мәдениеті (дәрісхана оқуға дикциясының қалыптасуы, конспект жазуға мүмкіндік беретіндей сөйлеуі)































8

Сабақтың басталу және аяқталу мерзімін сақтауы, уақытты тиімді, дұрыс пайдалануы































9

Оқу материалының қолжетімділігі (силлабустың, пәннің оқу-әдістемелік кешенінің, семинар және зертханалық сабақтардың тапсырмаларының электрондық нұсқасының серверде орналастырылуы)































10

Дәрісханалық сабақтан тыс уақытта білім алушымен байланысы (өзіндік жүмысты орындауға көмектесуі, кеңес беруі)































11

Білімді әділ бағалауы (талапшылдығы, әділеттілігі)































12

Білім алушыға құрметпен, әдептілікпен қарауы, сыйластығы: әріптестікке ұмтылуы































14

Жеке тұлғалық қасиеттері (жүріс-тұрысы, бірсөзділігі, қызметтік міндетіне жауапкершілігі, өзін-өзі ұстауы, т.б.)































15

Оқылған пән бойынша өзіңіздің біліміңізді бағалаңыз































16

Сіздің оқытушыға деген жалпы бағаңыз































Сауалнамаға жауап бергеніңізге алғыс білдіреміз!


Магистратура мен докторантурадағы қорытынды аттестаттау туралы ереже



  1. Қолдану саласы

Осы ереже Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі жоо кейінгі білім бағдарламасы бойынша оқитындарға қорытынды аттестация өткізудің тәртібі мен мәндетті талаптарын белгілейді.


Осы ереже Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің барлық құрылымдық бөлімшелерінде қолдануға міндетті болып табылады.
2.Нормативтік сілтемелер

Осы Ереже мыналарға сәйкес әзірленді:


- ҚР 27.07.2007ж. «Білім туралы»Заңына, 09.04.2016 ж. №501-V өзгертулері және толықтыруларымен;
- ҚР Үкіметінің 23.08.2012 жылғы №1080 қаулысымен бекітілген, 13.05.2016ж. №292 өзгертулері және толықтыруларымен Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына;
- ҚР Білім және ғылым министрінің 18.03.2008 жылғы № 125 бұйрығымен бекітілген, 13.05.2016ж. №318 өзгертулері және толықтыруларымен Жоғары оқу орындарында оқитындардың сабақ үлгеріміне ағымды бақылау, аралық және қорытынды бақылау жүргізудің типтік ережелеріне;
ҚР Білім және ғылым министрінің 31 наурыз 2011 жылғы №126 бұйрығымен бекітілген, 21.01.2016ж. №56 өзгертулері және толықтыруларымен Диссертациялық кеңес туралы ережесіне;
ҚР Білім және ғылым министрінің 31 наурыз 2011 жылғы №127 бұйрығымен бекітілген, 30.05.2013г. №214 өзгертулері және толықтыруларымен Ғылыми дәрежелерді беру ережелеріне.


3.Анықтамалар, терминдер мен қысқартулар

Осы Ережеде келесідей терминдер мен анықтамалар қолданылады:


докторантура – жоо кейінгі білім, оның білім бағдарламасы ғылыми, педагогикалық және (немесе) кәсіби қызмет үшін мамандар даярлап, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін беруге бағытталған;
докторлық диссертация – докторанттың ғылыми жұмысы, өз бетінше зерттеу жүргізуді білдіреді, онда теориялық ережелер әзірленген, олардың жиынтығын жаңа ғылыми жетістік деп, немесе ғылыми проблема шешілді деп, не болмаса ел экономикасын дамытуға елеулі үлес қосатын ғылыми негізделген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер баяндалды деп бағалауға болады;
білім алушыларды қорытынды аттестаттау – олардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында қаралған оқу пәндерін игеру деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін процедура;
кредиттік оқыту технологиясы – білім технологиясы, білім тераекториясын дараландыру, таңдамалық негізінде өзін өзі білімдендіру деңгейін арттыруға және игерілген оқу материалының көлемін кредиттер түрінде есептеуге бағытталған;
магистратура – жоо кейінгі білім, оның білім бағдарламасы тиісті мамандық бойынша «магистр» дәрежесін беру арқылы мамандар даярлауға бағытталған;
магистрлік диссертация – ғылыми-педагогикалық магистратура магистрантының бітіру жұмысы, өз бетінше ғылыми зерттеу жүргізуді білдіреді, таңдап алынған мамандық саласында ғылымның заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделген, өзекті проблемалардың теориялық және/немесе практикалық әзірленімін білдіреді;
магистрлік жоба - бейінді магистратура магистрантының бітіруші біліктілік жұмысы, өз бетінше ғылыми зерттеу жүргізуді білдіреді, таңдап алынған мамандықтың өзекті проблемасының қолданбалы міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін теориялық және/немесе сынамалық нәтижелерді қамтиды;
транскрипт (Transcript) – тиісті оқу кезеңі ішінде өтілген пәндердің бағалары мен кредиттерін білімді баллдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша көрсеткен тізім бар құжат;
пререквизиттер (Prerequisite) – пәндер тізбесі, оқылатын пәнді игеруге қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтиды;
оқу процесін Тіркеуші офис – білім алушының оқудағы барлық жетістіктерінің тарихын тіркеумен айналысатын және білімді бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды және оның академиялық рейтингін есептеуді қамтамасыз ететін бөлімше;
сабақ үлгерімінің орташа баллы (GradePointAverage - GPA) - білім алушының оқудағы жетістіктерінің орташа өлшемді бағасы, таңдап алынған бағдарлама бойынша бір оқу жылына пәндер бойынша аралық аттестаттау бағасы баллдарының аралық аттестаттау пәндері бойынша жалпы кредиттер санына сандық эквиваленті мен кредиттерінің көбейтінділерінің қосындысы ретінде айқындалады;
Осы Ережеде келесі қысқартулар қолданылады:
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті;
МАК – Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы.


4.Общие положения

1. Университетте оқитындардың қорытынды аттестаттауы академиялық күнтізбеде және мамандықтардың жұмыстық оқу жоспарларында көзделген мерзімде кешенді емтихан тапсыру және магистрлік диссертация (магистрлік жоба)/докторлық диссертация қорғау түрінде өткізіледі.


2. Қорытынды аттестаттауға жұмыстық және жеке оқу жоспары мен жұмыстық оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқу процесін толық аяқтаған білім алушылар жіберіледі.
3. Жұмыстық және жеке оқу жоспарының, жұмыстық оқу бағдарламаларының талаптарын орындамаған бітіруші курста оқитындар жазғы семестрден (триместр) өтпей, қайтадан оқу курсына қалдырылады.
4. Университет ректораты ағымды оқу жылының 1 қазанына дейін магистратураның күтілетін шығарылымы бойынша білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатқа (диплом) білім және ғылым саласындағы уәкілетті органға сұранысты ұсынады.


5. Магистратура мен докторантураның Мемлекеттік аттестациялық комиссиясы

5. Білім алушыларғп қорытынды аттестаттау өткізу үшін университет әр мамандық бойынша Мемлекеттік аттестаттау комиссиясын (МАК) құрады.


6. Университет ректораты ағымды жылдың 1 қарашасына дейін жоо кейінгі білім мамандықтары бойынша МАК Төрағасының кандидатурасын (бітіртуші кафедраның бейініне сәйкес ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағымен және осы ұйымда жұмыс істемейтін) білім мен ғылым саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
7. МАК құрамына оның мүшелері құқығымен кіреді:
- магистратура мамандықтары бойынша - бітіртуші кафедраның бейініне сәйкес ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар тұлғалар (бейінді магистратура үшін МАК құрамына шығарылатын мамандардың бейініне сәйкес келетін жоғары білікті мамандар да кіре алады);
- докторантура мамандықтары бойынша – бітіруші мамандардың бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы және PhD дәрежесі бар тұлғалар.
8. МАК-ң сандық құрамын (кемінде 5 адам, оның ішінде МАК төрағасы бар) университет айқындайды, ректордың бұйрығымен 31 желтоқсаннан кешіктірмей бекітіледі және күнтізбелік жыл бойына жұмыс істейді.
9.Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі апта бұрын тізім бойынша ректордың бұйрығымен рәсімделіп, МАК төрағасына ұсынылады.


6. Магистратура мен докторантурада кешенді емтихан қабылдау тәртібі

10. Мамандық бойынша кешенді емтиханға магистратура мен докторантураның білім бағдарламасының базалық және бейіндік пәндер циклының міндетті компонент пәндері кіреді.


11. Кешенді емтихан келесі түрлердің біреуі бойынша өткізіледі: бекітілген бағдарлама көлемінде ауызша, жазбаша, тестілеу.
12. Кешенді емтихан бағдарламасы, оны өткізу түрі мен тапсырмалар мазмұнын осы кешенді емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламалары негізінде университетпен әзірленеді.
13. Университет тест тапсырмаларын, олардың түрлерін (ашық, жабық, құрамаландырылған тесттер) және тестілеу өткізу технологиясын өз бетінше әзірлейді.
14. Кешенді емтихан қабылданады:
магистратура бойынша - магистрлік диссертацияны (магистрлік жоба) қорғауға дейін 1 ай бұрын;
докторантура бойынша – докторлық диссертацияны қорғауға дейін 3 ай бұрын.
15. Кешенді емтихан нәтижелері осы Ереженің 1 Қосымшасына сәйкес үлгі бойынша хаттамамен рәсімделіп, әрбір білім алушыға жеке толтырылады.
МАК мәжілісінің хаттамасын МАК құрамында бекітілген оның хатшысы жүргізеді.
16. Тестілеу түрінде кешенді емтихан жүргізген кезде жеке хаттаманы рәсімдеуге емтихан ведомосі негіз болып табылады.
17. Оң баға алынған кешенді емтиханды неғұрлым жоғарылау бағаға көтеру мақсатында қайта тапсыруға жол берілмейді.
18. Кешенді емтиханның нәтижесімен келіспеген білім алушы оны өткізген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға береді.
19. Апелляция өткізу үшін біліктіліктері мамандық бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылар қатарынан университет ректорының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады.
20. Апелляция қанағаттандырылған жағдайда МАК мәжілісінің хаттамасы қайтадан рәсімделеді. Бұл жағдайда бірінші хаттама нәтижелері «Баға ___________ №_______ хаттамамен қайта қаралды «____» бетте» деген жазбамен жойылады да барлық қатысушы МАК мүшелері қолдарын қояды.
21. Кешенді емтиханнан қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушы ректордың бұйрығымен оқудан шығарылып, оқуын аяқтамаған азаматтарға берілетін Анықтама беріледі.
22. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушыға магистратураның немесе докторантураның осы қорытынды аттестаттау кезеңінде кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
23. Кешенді емтихан тапсырған магистрант немесе докторант диссертациялық жұмысты қорғауға жіберіледі. Диссертацияны қорғауға жіберу МАК Төрағасының ұсынысы арқылы университет ректорының бұйрығымен рәсімделеді.
24. Докторанттардың кешенді емтихан нәтижелері бойынша МАК Төрағасы оның нәтижелері туралы есеп жасап, бір айлық мерзім ішінде оны университет ректорына ұсынады.
25. Докторанттардың кешенді емтихан нәтижелері туралы есеп 2 Қосымшаның 1,3,4 кестелерін және түсіндірме жазбаны қамтиды.
Түсіндірме жазбада көрсетіледі:
1) жоғары оқу орнында аталған мамандық бойынша докторлар даярлау деңгейі;
2) кешенді тестілеуде анықталған білім алушының білім сипаттамасы;
3) осы мамандық бойынша докторлар даярлау сапасына талдау;
4) докторлар даярлаудағы кемшіліктер;
5) докторлар даярлауды одан әрі жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар.
26. Докторанттардың кешенді емтихан нәтижелері туралы есепке МАК Төрағасы қол қояды, университеттің Ғылыми Кеңесінің мәжілісінде талқыланып, бекітіледі.


7. Магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) ұйымдастыру

27.Магистрлік диссертация (магистрлік жоба) плагиатқа міндетті түрде тексеруден өтуі тиіс, оны өткізу ережесі мен тәртібін университет өз бетінше айқындайды.


28. Магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) қорғау кестесі академиялық күнтізбеге сәйкес бекітіледі. Бұл ретте күніне 6-8 магистранттан аспай қорғауға жіберіледі.
Магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) қорғау МАК ашық мәжілісінде оның кемінде 2/3 мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.
Бір магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) қорғау ұзақтығы кемінде 50 минут болуы тиіс. Магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) қорғау үшін магистрант МАК алдында кемінде 15 минут баяндама жасайды.
29. Магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) қорғау мыналар болған кезде жүргізіледі:
- ғылыми жетекші мен ғылыми кеңесшінің оң пікірі (болған кезде);
- диссертация тақырыбы бойынша ғылыми журналда немесе ғылыми-тәжірибелік (ғылыми-теориялық) конференциялар (бейінді бағыт) материалдарында кемінде бір жарияланым және диссертация тақырыбы бойынша ғылыми журналда немесе ғылыми-тәжірибелік (ғылыми-теориялық) конференциялар (ғылыми және педагогикалық бағыт) материалдарында кемінде екі жарияланым;
- бітіртіуші кафедраның қорғауға ұсынуы туралы шешімі (кафедра мәжілісінің хаттамасынан үзінді көшірме);
- біліктілігі (дәрежесі) қорғалатын жұмыстың бейініне сәйкес келетін оппоненттің рецензиясы.
Егер ғылыми жетекші және/немесе бітіртуші кафедра «қорғауға жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсыныс берілмейді» деген тұжырым берсе магистрант магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) қорғамайды.
30. Магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) қорғау нәтижелері осы Ереженің 3 Қосымшасына сәйкес үлгіде әр магистрантқа жеке хаттамамен рәсімделеді.
31.Қорытынды аттестаттаудан өтіп, магистратураның тиісті кәсіби оқу бағдарламасын игергенін дәлелдеген және магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) көпшілік алдында қорғаған білім алушыға МАК шешімімен тиісті мамандық бойынша «магистр» дәрежесі беріліп, мемлекеттік үлгідегі дипломы қосымшасымен бірге магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) қорғаған күннен кейін отыз күн ішінде беріледі.
МАК шешімі осы Ереженің 4 Қосымшасына сәйкес үлгіде хаттамамен рәсімделеді.
32. Магистранттардың қорытынды аттестаттауы аяқталғаннан кейін магистранттардың қорытынды аттестаттауының нәтижелері туралы есеп жасалып, екі апталық мерзімде университет ректорына ұсынылады.
33. Магистранттардың қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы есеп кестелер мен түсіндірме жазбаларды қамтиды.
Кестеде осы Ереженің 2 Қосымшасында келтірілген көрсеткіштер көрсетіледі.
Түсіндірме жазбада көрсетіледі:
1) университетте аталған мамандық бойынша магистр даярлау деңгейі;
2) кешенді емтиханда анықталған білім алушының біліміне сипаттама;
3) аталған мамандық бойынша магистр даярлау сапасына талдау;
4) магистрлер даярлаудағы кемшіліктер;
5) магистрлік диссертацияның (магистрлік жобаның) тақырыптары ғылым, техника, мәдениеттің қазіргі жағдайына және өндіріс сұраныстарына сәйкес келуі;
6) магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) орындау сапасы;
7) ғылыми жетекшінің пікірі, ресми оппоненттің рецензиялары магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) орындау деңгейіне сәйкестігі;
8) магистрлерді даярлауды одан әрі жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар.
34. Магистранттарды қорытынды аттестаттау нәтижелері туралы есепке МАК Төрағасы қол қояды, университеттің Ғылыми Кеңесінің мәжілісінде талқыланып, бекітіледі.
35. Университет магистратурада оқитындардың қорытынды аттестатауы аяқталғаннан кейін бір ай мерзімде оның нәтижелері туралы білім және ғылым саласындағы уәкілетті органға есеп ұсынады.
36. МАК Төрағасының есебіне магистратура бағдарламасын аяқтаған бітірушілердің тізімі тегі, есімі, әкесінің аты, мамандығы мен университет реткорының қолы қойылып берілген диплом номері көрсетіліп қоса беріледі.
4. Докторлық диссертация қорғауды ұйымдастыру және жүргізу

37. Докторлық диссертация – нақты мамандықтың философия докторы (PhD) немесе бағыт бойынша доктор дайындау білім беру бағдарламасы бойынша жазылған білікті ғылыми жұмысы. Докторлық диссертацияны орындау докторанттың ғылыми-зерттеу жұмыстары (ДҒЗЖ) кезеңінде жүргізіледі.


38. Бітіртуші кафедра диссертациялық зерттеулердің жалпы тізбесін айқындап, жылда оны жаңартып отырады.
39. Диссертация тақырыбы ғылым дамуының басым бағыттарына және/немесе Қазақстан республикасында іске асырылатын мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес болуы тиіс.
Диссертация келесі талаптардың біріне сай болуы керек:
1) маңызды ғылыми сұрақтарды шешетін жаңа ғылыми дәлелденген нәтижесі болуы;
2) қолданылуы маңызды қолданбалы есептерді шешетін, жаңа ғылыми дәлелденген нәтижесі болуы;
3) жиынтығы нақты ғылыми бағыттардың дамуы үшін маңызды мазмұнды жаңа ғылыми дәлелденген теориялық және(немесе) эксперименталдық нәтижесі болуы.
40. Докторлық диссертацияның тақырыбы негіздемесімен және құрылымымен, докторлық диссертацияны орындау жоспары диссертациямен жұмыс істеуді аяқтау мерзімі көрсетіліп, ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалар жоспары докторанттың жеке жұмыс жоспарында көрсетіледі.
41.Докторантқа докторлық диссертациясына жетекшілік ету үшін қабылдағаннан кейін екі ай ішінде ғылыми жетекші тағайындалады. Докторантқа ғылыми жетекшілік ету және зерттеу тақырыбы Ғылыми Кеңестің шешімі арқылы университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.
42. Докторанттарға ғылым докторлары мен кандидаттары, философия докторы (PhD), қатарынан тағайындалатын, кемінде 2 адамнан тұратын кеңес беру комиссиясы ғылыми жетекшілік жасайды, оның бірі – шетелдік жоо ғалымы болады.
Ғылымның аталған саласында (мамандық бейіні бойынша) ғылыми зерттеулермен белсенді шұғылданатын және ғылыми жетекшілік ету тәжірибесі бар тұлғалар ғылыми кеңесшілер бола алады.
43. Докторанттың шетелдік кеңесшісі міндетті:
- тиісті мамандықтар бойынша философия докторы (PhD) немесе нақты ғылым саласында салалық доктор дәрежесі болуы;
- білімнің осы саласында белсенді жұмыс істеуі және PhD докторанттарға ғылыми жетекшілік ету тәжірибесі болуы;
- Қорық Ата атындағы ҚМУ әріптесі болып табылатын және докторантураның аккредиттелген білім бағдарламасын іске асырушы шетелдік жоо немесе ғылыми орталықтың атынан болуы.
44.Ғылыми жетекшілікті іске асырған кезде шетелдік кеңесші ЖОО кейінгі білім бөліміне өзі туралы толық ақпаратты келесі құжаттарымен береді: келісімі туралы мәлімдемесі (5 Қосымша), білімі, ғылыми қызметі туралы ақпараты бар, бекітілген үлгідегі түйіндемесі (6 Қосымша), жарияланымдар тізімі (7 Қосымша).
45. Отандық ғылыми кеңесші міндетті:
- ғылыми бағыттың белді ғалымдарының бірі және университеттің штаттық қызметкері болуға;
- ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, PhD дәрежесі болуы. Отандық ғылыми кеңесші үш докторантқа дейін ғылыми жетекшілік жасауға құқылы.
46. Докторанттың отандық ғылыми кеңесшісі докторанттың ғылыми-зерттеушілік қызметін бағыттап отырады, шетелдік кеңесшілермен тұрақты байланыс жасайды және білім алушының жеке оқу жоспары мен ғылыми-зерттеу жұмысының бағдарламасында көзделген барлық жұмыс түрін оның уақтылы сапалы орындауына жауапкершілік арқалайды.
47. Ғылыми кеңесшілердің докторанттың ғылыми зерттеу нысаны мен объектісі саласындағы кәсіби құзырттері соңғы 5 жылда жоғары импакт факторы бар шетелдік және отандық ғылыми басылымдарда екі және одан көп жарияланымдарымен және беделді ғылыми форумдарда сөйлеген сөздерімен дәлелденуі тиіс.
Егер отандық кеңесшінің белгіленген мерзімде қорғалмаған PhD докторанттары болса, онда оған жаңа жиынтықтағы докторанттарға жетекшілік етуге Ғылыми Кеңестің шешімі негізінде рұқсат етілмейді.
48. Докторлық диссертациялар бойынша ғылыми кеңесшілер:
- докторлық диссертациялар орындау үшін тапсырмалар береді;
- докторлық диссертацияны барлық орындау кезеңіне жұмыстың күнтізбелік кестесін жасауға көмек береді;
- докторанттың ғылыми зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстарының бағдарламасын қалыптастырады;
- докторантқа тақырып бойынша негізі әдебиеттерді, анықтамалық және архивтік материалдарды, типтік жобалар мен басқа да дереккөздерді ұсынады;
- кеңес беру кестесін белгілейді, оларды жүргізген кезде докторанттың докторлық диссертация орындауда күнтізбелік кестені қадағалауына ағымды бақылау жүргізеді;
- докторлық диссертацияның барлық бөлімдерінің көлемін белгілейді және докторанттың жұмысын үйлестіріп отырады;
- докторанттың ғылыми тағылымдамасын жоспарлайды (оның ішінде шетелдегі).
49.Диссертация өз бетінше жазылады, автордың көпшілік алдында қорғауға шығаратын жаңа ғылыми нәтижелері мен ережелердің жиынтығын қамтиды және автордың ғылымға қосқан жеке үлесі туралы дәлелдейді. Автормен ұсынылған жаңа шешімдер дәлелденуі және бұрыннан белгілі шешімдермен салыстырылып бағалануы тиіс.
Қолданбалы маңызы бар диссертацияда авторлық куәліктер, патенттер және басқа ресми құжаттармен дәлелденген, автормен алынған ғылыми нәтижелерді практикалық пайдалану туралы мәліметтер келтіріледі, ал теориялық маңызы бар диссертацияда – ғылыми тұжырымдарды пайдалану жөнінде ұсынымдар келтіріледі.
Диссертация пмемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерінің бірінде ұсынылады.
50.Диссертацияда сілмелермен белгіленеді:
1) цитат келтірілген материалдардың немесе жекелеген нәтижелердің шығу мәліметтері толық көрсетілген дереккөздер;
2) бірлескен авторларға тиесілі идеялар немесе әзірленімдер;
3) авторлармен бірігіп те, өз бетінше де орындалған ғылыми жұмыстар.
Докторант біреудің материалын авторға сілтемесіз пайдаланған жағдайда және біреуден алынған дереккөз диссертациялық кеңеспен немесе ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен (әрі қарай - Комитет) теріс шешім қабылдайды.
51. Бекітілген талаптарға сәйкес рәсімделген докторлық диссертация бітіртуші кафедраға (қорғау болжанған күнге дейін кемінде үш ай бұрын) алдын ала қорғаудан өтіп, кеңес беру комиссиясының мүшелерінен (яғни, ғылыми кеңесшілерден) пікір алу үшін ұсынылады.
52. Докторанттың диссертациясын талқылауға арналған кафедра мәжілісінде кафедра мүшелерінің кемінде 2/3 (үштен екісі), ғылыми кеңесшілер және докторанттың ғылыми зертеулері саласында ғылыми дәрежесі бар кемінде 2 (екі) маман қатысады. Шетелдік кеңесші болмаған кезде оның пікірін мәжілісте кафедра меңгерушісі оқып береді.
53.Ғылыми кеңесшілер докторлық диссертацияға бөлек пікір жазады. Пікірлер докторантқа 10 (он) күн ішінде беріледі (8 Қосымша).
54. Егер ғылыми кеңесшілермен және/немесе диссертация орындалған кафедрамен «қорғауға жібірелімейді» немесе «қорғауға ұсынылмайды» деген теріс қорытынды берілсе, докторант докторлық диссертациясын қорғамайды.
55. Алдын ала қорғау процедурасынан сәтті өткен жағдайда докторант диссертациясын сараптамаға ұсынады;
56. Диссертацияға сараптама жүргізу үшін университет ректоры Сараптамалық кеңес құра алады. бұл жағдайда сараптамалық кеңес құрамы диссертация қорғаудан екіай бұрын бекітіледі.
Сараптамалық кеңес құрамына ұсынылып отырған зерттеу нысаны мен объектісі саласындағы білімдерді меңгерген, қорғалатын диссертация саласы бойынша соңғы 5 жылда отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда, оның ішінде жоғарғы импакт-факторы барларда екі немесе одан көп басылымдарымен дәлелденген кемінде үш маман кіреді.
Сараптамалық кеңес құрамына докторанттың ғылыми кеңесшілері кіре алмайды.
Сараптамалық кеңеске ұсынылады:
1) аяқталған диссертациялық жұмыс брошюраланған түрде – 3 дана;
2) диссертация тақырыбын бекіту туралы құжат көшірмесі;
3) транскрипт;
4) реферат;
5) диссертациялық жұмыстың аннотациясы;
6) ғылыми жарияланымдардың куәландырылған тізімі және олардың көшірмелері.
57. Докторлық диссертацияның мазмұны бойынша 2 (екі) бет аннотация жазылады. Аннотация қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде рәсімделеді (қажет болған жағдайда аннотацияны өзге тілде жазуға рұқсат етіледі), докторант қол қояды.
58. Аннотация кеңінен талқылау үшін Қорқыт Ата атындағы ҚМУ және/немесе диссертациялық кеңес орналасқан жердегі жоо сайтында орналастырылады.
59. Аннотацияда келесі мәліметтер болуы тиіс:
- зерттеудің өзектілігі;
- зерттеу мақсаты;
- зерттеу объектісі мен әдістері;
- алынған нәтижелер, олардың жаңашылдығы, ғылыми және практикалық маңыздылығы.
Сараптамалық комиссия 10 күн ішінде диссертацияны сараптамадан өткізіп, жоо-да бекітілген үлгіде (9 Қосымша) негізделген жазбаша қорытындыны береді, онда көрсетілуі тиіс:
- диссертацияда баяндалған нәтижелерді алуда докторанттың нақты жеке өзі қатысуы;
- жүргізілген зерттеулердің нәтижелерінің негізделу деңгейі, олардың жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы;
- диссертация мазмұны Жоғары және жоо кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне сәйкестігі;
- диссертация материалдарының докторантпен жарияланған жұмыстарда толық баяндалуы.
60. Жеке оқу жоспарында көрсетілген мерзімге сәйке (болжанған қорғау күніне дейін 2 ай бұрын) сараптық комиссия келесі шешімдердің бірімен қорытынды береді:
1) диссертация көпшілік алдында қорғауға ұсынылсын;
2) ескертулерді белгіленген мерзімде жойған жағдайда диссертация көпшілік алдында қорғауға ұсынылсын;
3) диссертация қорғауға ұсынылмасын.
61. Қорытындыға сараптық комиссия төрағасы мен сараптық комиссия мүшелері қолдарын қояды..
62. PhD докторлық диссертациясын қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңестер докторантураның мамандықтары немесе мамандықтар тобы бойынша қалыптастырылады.
63.Диссертациялық кеңестер докторантуа мамандықтары бойынша мемлекеттік білім тапсырысы орналастырылған жоғары оқу орындарында үш күнтізбелік жылға Комитетпен құрылады. ЖОО Диссертациялық кеңес туралы ережені өздері әзірлеп, бекітеді.
64. ЖОО Комитетке докторлық диссертация қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңестің құрамын, оның Төрағасын, төрағаның орынбасарын, ғылыми хатшы мен мүшелерін көрсетіп ұсынады. Диссертациялық кеңес құрмына кемінде 5 (бес) адам енеді.
65. Әр мамандық бойынша Диссертациялық кеңес құрамына зерттеу саласына сәйкес ғылыми дәрежесі және кемінде 5 ғылыми мақаласы бар кемінде 3 (үш) маман енеді. Бұл ретте Диссертациялық кеңестің кемінде 1/3(үштен бірі) мүшелері штаттық қызметкерлер, кемінде 1/3(үштен бірі) – басқа жоо өкілдері, кемінде 1/3(үштен бірі) – ғылыми немесе басқа ұйымның өкілдері болуы тиіс.
66. Диссертациялық кеңес құрамы жоо Ғылыми кеңесінің хаттамалық шешімімен бекітіледі. Диссертациялық кеңес өз қызметі туралы ақпаратты жоо-ң интернет-ресурстарында орналастырады.
67. Диссертациялық кеңес құрылған жоо басшысы, Комитеттің сараптық кеңестерінің мүшелері мен қызметкерлері Диссертациялық кеңес құрамына енгізілмейді.
68. Докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғау Диссертациялық кеңес мәжілісінде жүргізіледі, ол соңынан философия докторы, салалық доктор (PhD) ғылыми дәрежесін беру туралы Комитетке өтініш жасайды.
69. Егер Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-де тиісті мамандық бойынша Диссертациялық кеңес жұмыс істемеген жағдайда, докторанттардың құжаттары осы мамандық бойынша басқа жоо-да құрылған Диссертациялық кеңеске ұсынылады. Университет жоо бланкісінде ілеспе хатпен келесі құжаттарды ұсынады:
1) отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілердің пікірлері (мемлекеттік құпиялары бар диссертациялар үшін, отандық кеңесшінің пікірі);
2) диссертация орындалған кафедраның оң қорытындысы;
3) қатты түптелген диссертация және электронды тасымалдағышта (CD-диск);
4) ғылыми еңбектер тізімі және олардың көшірмелері;
5) жеке іс-парағы, университеттің кадрлар бөлімі куәландырған;
6) докторантураның оқу бағдарламасын игергені туралы транскрипт көшірмесі.
Құжаттарды Диссертациялық кеңестің хатшысы қабылдау жүргізіп, оларды тіркеуге алады және Диссертациялық кеңеске ұсынады.
70. Құжаттарды қабылдағаннан кейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Диссертациялық кеңес диссертацияны қорғау күнін айқындайды және докторанттың зерттеу саласында ғылыми дәрежесі мен кемінде 5 ғылыми мақаласы бар екі рецензентті тағайындайды, олардың біреуі осы жоо-ң немесе Қорқыт Ата тындағы ҚМУ-ң қызметкері болмайды. Бұл ретте докторанттың құжаттарының келіп түсу кезектілігі қадағаланады.
Диссертациялық кеңес мүшелеріне (1/3 аспайтын) диссертацияны бейне-конференция түрінде қорғауға қабылдау жөніндегі мәжіліске қатысуға рұқсат етіледі.
71. Диссертациялық кеңес рецензенттердің, ғылыми кеңесшілердің бір-біріне тәуелсіздігі қағидасын басшылыққа алады. Рецензенттер бола алатындар:
1) Комитет қызметкерлері;
2) диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстар бойынша докторанттың бірлескен авторлары; 
3) диссертация орындалған және/немесе докторант тапсырыс беруші немесе орындаушы (бірге орындаушы) болып табылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жердегі жоо бөлімшелерінің және ғылыми ұйымның (кафедралар, зертханалар, бөлімдер) басшыларымен қызметкерлері;
4) диссертациялық кеңес мүшелері.
72. Алдағы болатын қорғау туралы хабарлама адресі, күні мен уақыты көрсетіліп, белгіленген қорғау күнінен бір ай бұрын диссертацияны, мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдеріндегі қысқаша аннотациясын және хабарландыру мәтінін Комитет пен диссертациялық кеңес жұмыс істейтін жоо-ң интернет – ресурстарында орналастыру арқылы жасалады. Бірмезгілде диссертациялық кеңес диссертацины докторанттың авторға және алған көзіне сілтеме жасамай алған материалды пайдаланғанын тексеру үшін «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-на жібереді.
Диссертацияның қағаз және электронды тасымалдағыштағы данасы жоо кітапханасына беріледі. Диссертацияның электронды тасымалдағыштағы данасын диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысын Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасына береді.
73. Диссертацияны жоо-ң интернет-ресурстарында орналастырған кезде авторлық құқықты қорғау қамтамасыз етіледі, диссертация материалдарын көшірмелеу және әрі қарай пайдаланудан қорғау технологиялары қолданылады.
74. Рецензенттер диссертацияны және жарияланған жұмыстарды зерттеу негізінде диссертациялық кеңеске жазбаша пікірлер ұсынады, онда таңдап алынған тақырыптың өзектілігі, диссертацияда түзілген ғылыми ережелердің, тұжырымдардың негізделу деңгейі мен оның практикалық маңыздылығы, оның жаңашылдығы бағаланады, сондай-ақ тиісті мамандық бойынша философия докторы, салалық доктор (PhD) дәрежесін беру туралы қорытынды беріледі (10 Қосымша).
Пікір осы тармақтың талаптарына сәйкес болмаған кезде диссертациялық кеңес қосымша қарау үшін пікірді рецензентке қайтарады немесе рецензентті ауыстырады.
Рецензенттердің пікірлерінің көшірмелері докторантқа диссертацияны қорғауға дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.
75. Докторлық диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес мәжілісінің кестесі күнтізбелік жылға жасалып, жоо ректорының бұйрығымен бекітіледі. Бұл ретте күніне үш-төрт докторлық диссертация қорғауға қойылады.
76. Диссертациялық кеңестің төрағасы, төрағаның орынбасары мен ғылыми хатшысы Диссертациялық кеңестің мәжілісінде өздері ғылыми кеңесші болып табылатын докторанттың диссертациясы қаралған кезде өз міндеттерін атқара алмайды. Диссертациялық кеңес төрағасының міндеттерін атқару төрағаның орынбасарына, төрағаның орынбасары мен ғылыми кеңесшінің міндеттерін атқару Диссертациялық кеңестің шешімімен мүшелеріне жүктеледі.
Төрағаның, төрағаның орынбасары мен ғылыми хатшының бір мезгілде болмауы жағдайында Диссертациялық кеңестің мәжілісі өткізілмейді.
Диссертациялық кеңес диссертацияны қорғаудың бейне жазбасын және стенограмманың рәсімделуін қамтамасыз етеді (11 Қосымша).
77. Диссертациялық кеңестің мәжілісі, егер оның жұмысына мүшелерінің кемінде 2/3 (үштен екісі) міндетті түрде қатысса, мәжіліске әр мамандық бойынша Диссертациялық кеңес мүшелерінің қатарынан кемінде 3 (үш) маман міндетті түрде қатысса заңды болып саналады.
Мәжілісте рецензенттердің 1 (біреуі) қатыспаса диссертацияны қорғау өткізілмейді. Рецензенттерге Диссертациялық кеңестің қорғау жөніндегі осы мәжілісіне on-line режимінде бейне-конференция түрінде сөйлеуге рұқсат етіледі.
78. Диссертациялық кеңес докторанқа тиісті мамандық бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру немесе осы дәрежені беруден бас тарту үшін Комитет алдына өтініш жасауға шешім қабылдау үшін жасырын дауыс беру жүргізеді.
Диссертациялық кеңестің шешімі, егер оған мәжіліске қатысқан Диссертациялық кеңес мүшелерінің 2/3 (үштен екісі) және одан көп мүшелері жақтап дауыс берсе дұрыс қабылданды деп есептеледі. Егер оң шешімге мәжіліске қатысқан Диссертациялық кеңес мүшелерінің 2/3 (үштен екісінен) азы жақтап дауыс берсе теріс шешім қабылданады.
79. Оң шешім қабылдаған кезде ғылыми хатшы докторанттың аттестациялық ісін қалыптастырып, оны Диссертациялық кеңесте докторлық диссертация қорғалып болғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Комитетке жібереді. Аталған мерзім аяқталғаннан кейін аттестациялық іс қарауға қабылданбайды. Докторанттың аттестациялық ісінде келесі құжаттар қоса беріледі:
1) Диссертациялық кеңес құрылған жоо бланкісінде ілеспе өтініш-хат, диссертациялық кеңестің төрағасы қол қойып, диссертацияны «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-на жөнелту күні көрсетіледі;
2) қатты қағазбен түптелген және электронды тасымалдағыштағы (CD-диск) диссертация;
3) диссертация тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдардың тізімі және көшірмесі;
4) диссертацияның 12 Қосымшаға сәйкес үлгідегі қазақ және орыс тілдеріндегі тіркеу-есепке алу карточкасы;
5) «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-н диссертацияда докторанттың біреуден алған материалды авторына және алынған дереккөздеріне сілтемесіз пайдаланғанын тексеру жөніндегі анықтамасы;
6) ғылыми кеңесшілердің пікірлері;
7) 2 (екі) рецензенттің пікірлері;
8) диссертациялық кеңең мүшелерінің келу парағы (13 Қосымша);
9) диссертацияны қорғау бойынша диссертациялық кеңес мәжілісінің бейнежазбасы және төраға мен ғылыми хатшы қолдарын қойған стенограммасы;
10) жоғары және жоо кейінгі білім туралы дипломдардың көшірмелері, олардың қосымшалары (транскрипт көшірмелері);
11) докторантураның кәсіби оқу бағдарламасын игергені туралы транскрипт көшірмесі;
12) докторант туралы мәліметтер;
13) университеттің кадрлар бөілім куәландырған жеке іс парағы.
80. Теріс шешім қабылданған кезде диссертациялық кеңес қорытынды беріп, онда диссертация қолданыстағы қандай нормативтік талаптарға сай еместігі көрсетіледі. Рецензенттердің, ғылыми кеңесшілердің пікірлерінің көшірмелері, бейнежазба, мәжілістің стенограммасы мен диссертациялық кеңестің төраға мен ғылыми хатшы қол қойған қорытындысы шешім қабылданғаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Комитетке жіберіледі. 
81. Диссертациялық кеңестің теріс шешіміне апелляцияны докторант диссертация қорғау жүргізілген жоо-ң шешімінен кейін 2 (екі) ай ішінде еркін түрде береді.
Апелляция берілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жоо ректорының бұйрығымен апелляциялық комиссия (әрі қарай - комиссия) құрылады. Комиссия құрамына тиісті мамандық бойынша ғылыми дәрежесі бар 3 (үш) маман енгізіледі. Ғылыми кеңесшілер, рецензенттер, Диссертациялық кеңес мүшелері немесе Комитеттің Сараптық кеңесінің мүшелері комиссия мүшелері бола алмайды.
82. Комиссия құрылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде апелляциялық өтінішті, диссертацияны, диссертация қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңес материалдарын қарап, апелляция нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды.
Апелляциялық комиссияның қорытындысы комиссия мүшелерінің көпшілік ашық дауыс беруімен қабылданып, барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылады. Комиссияның шешімі оң болған кезде комиссия хаттамасының көшірмелері, қорытынды мен диссертация түпкілікті шешім қабылдау үшін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Комитетке жіберіледі.
Апелляциялық комиссияның қорытындысы өтініш берушіге қорытынды қабылданған күннен кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде хабарланады.
83. Докторанттың аттестациялық ісін қарау мерзімі оны Комитетте тіркеуге алған күннен бастап 4 (төрт) ай құрайды. Қарау мерзімі ұзартылғаны туралы Комитет докторантқа немесе өтініш берушіге оны ұзартқан күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде хабарлайды.
84. Комитет Сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде докторантқа ғылыми дәреже беру/бас тарту туралы шешім қабылдап, тиісті бұйрық шығарады.
85. Философия докторы, салалық доктор (PhD) ғылыми дәрежесін беруден бас тартылған немесе аттестациялық іс қайтарылған жағдайда Комитетпен диссертация докторанқа қайтадан қорғауға, бірақ бір жылдан кейін қорғауға ұсынылады.
86.Университет докторантурада оқитындардың қорытынды аттестациясы аяқталғаннан кейін екі айлық мерзім ішінде білім және ғылым саласындағы уәкілеті органға докторанттың қорытынды аттестациясының нәтижелері туралы бекітілген есепті ұсынады.
87. Жыл сайын диссертациялық кеңес ағымды жылдың қаңтар айында білім және ғылым саласындағы уәкілеті органға докторлық диссертация қорғау нәтижелері туралы есепті ұсынады, онда кестелер мен түсіндірме жазбасы болады. 2,3,4 кестелерде осы Ереженің 2 Қосымшасында келтірілген көрсеткіштер көрсетіледі.
Түсіндірме жазбада көрсетіледі:
1) докторлық диссертация тақырыбының ғылым, мәдениеттің қазіргі жағдайына және өндіріс сұраныстарына сәйкестігі;
2) докторлық диссертацияның орындалу сапасы.
88. Күнтізбелік күн аяқталғаннан кейін диссертациялық кеңес атқарылған жұмыс туралы 14 Қосымшаға сәйкес үлгіде Комитетке статистикалық есеп ұсынады. 
89. Докторанттардың докторлық диссертация қорғау нәтижелеріне докторлық диссертация қорғаған докторанттардың тізімі Т.Е.Ә., мамандығы мен берілген дипломның номері көрсетіліп қоса беріледі. Тізімге жоо ректоры қол қояды.

1Қосымша
Мемлекеттік аттестациялық комиссия мәжілісінің


(заполняется на каждого обучающегося)

____ХАТТАМАСЫ


«___»________20 __ж. сағ____ ____ мин. бастап сағ. ____ _____ мин дейін

Қатысқандар:


Мемлекеттік аттестациялық комиссияның Төрағасы
__________________________________________________________________
(тегі, есімі, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
Комиссия мүшелері
(тегі, есімі, әкесінің аты)

(тегі, есімі, әкесінің аты)


__________________________________________________________________
(тегі, есімі, әкесінің аты) __________________________________________________________________ (тегі, есімі, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
магистратураның/докторантураның мамандығы бойынша кешенді емтихан тапсыру туралы
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Білім алушыдын емтихан алынады
__________________________________________
_________________________________________________________________
(тегі, есімі, әкесінің аты, мамандығы)
_____________________________________________________________________________

Сұрақтар: (пән блоктары бойынша тестілеу нәтижелері)


1._____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________
________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________

1. Білім алушы _______________________________________


(тегі, инициалдары)
)
_______________________________________________________ бағасымен
(баллдық-рейтингтік әріптік жүйк бойынша баға)
кешенді емтихан тапсырды ___________________________________________ деп есептелсін.
(мамандық атауы)

2. Білім алушы белгіленсін _______________________________________


(тегі, инициалдары)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

3. Мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелерінің айрықша пікірлері


__________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Төраға _________________________(қолы)


Комиссия мүшелері _________________________ (қолы)


_________________________ (қолы)


Хатшы ___________________________ (қолы)


2 Қосымша


Кесте 1

____________________жылға кешенді емтихан тапсыру нәтижелері


Жоо атауы __________________________________________
мамандық _____________________________________________



Қорытынды аттестаттау түрі

Қорытынды аттестаттауға жіберілгенд ер саныер саны

Тапсырғандар саны

Олардың ішінде қалай тапрысды
қалайсырдыИз них сдали на:




Үздік

Жақсы

қанағаттанарлық

қанағаттанарлықсыз

Орташа балл

Келмеген

Сапа %

Тапсырғандардан үлгерімділік %

Кешенді емтихан































Кесте 2
________________________ диссертациясын қорғау нәтижелері


(докторлық)
____________________жылға
Жоо атауы __________________________________________
мамандық _____________________________________________



Қорытынды аттестаттау түрі



Қорытынды аттестаттауға жіберілгенд Количество допущенных к итоговой аттестации



Тапсырғандар саны

Олардың ішінде қалай тапсырды




Үздік

Жақсы

қанағаттанарлық

қанағаттанарлықсыз

Орташа балл

Келмеген

Сапа %

Тапсырғандардан үлгерімділік %

Диссертация қорғау






























Кесте 3
Бітірушінің қорытынды аттестаттауының жалпы нәтижелері


_______ жылға
Жоо атауы ___________________________________________
мамандығы _______________________________________________



ҚА жіберілгендер саны

ҚА келмегендер саны

ҚА тапсырғандар саны

Олардың ішінде қалай тапсырды

Қанағаттанарлықсыз баға алды

Орташа балл

Тек үздік

Тек үздік және жақсы

Аралас бағалар

Тек қанағаттанарлық







































Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет