6.6. ЖОО кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларында оқитындардың практикаларын ұйымдастыру және өтуі
81. Магистратура/докторантурада оқитындардың практикасы жоғары білікті мамандарды кәсіби даярлаудың маңызды компонентін құрайды. Практика практика базалары болып табылатын ұйымдарда – кәсіпорындарда, жоо-да, ғылыми-зерттеу институттарында, мекемелер, ұйымдарда және т.б. өткізіледі.
82. Ғылыми-педагогикалық магистратура/ PhD докторантураның білім бағдарламасы зерттеушілік және педагогикалық практика түрлерін, салалық магистратура/докторантура – өндірістік практиканы қамтиды.
83. Зерттеушілік практиканың мақсаты отандық және шетелдік ғылымдардың жаңа теориялық, методологиялық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерімен, сынамалық мәліметтерді өңдеу және интерпретациямен таныстыру болып табылады.
84. ЖОО кейінгі білімнің педагогикалық практикасының мақсаты оқыту әдістері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Педагогикалық практика оқу процесінен қол үзбей теориялық оқыту кезеңінде жүргізіле алады.
85. Жоо кейінгі білімнің өндірістік практикасының мақсаты оқу процесінде алынған теориялық білімдерді бекіту, оқып жүрген мамандығы бойынша практикалық дағдылар, құзыреттіліктер мен тәжірибе алу, сондай-ақ озық тәжірибелерді игеру болып табылады.
86. Зерттеушілік және өндірістік практикалардың мазмұны білім алушының диссертациялық зерттеу тақырыбымен айқындалады.
87. Магистратура/докторантураның білім бағдарламаларында оқитындардың практикасы тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарында белгіленген көлемде бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес өткізіледі.
88. Білім алушылардың зерттеушілік және өндірістік практикаларын өткізу келісімшарттық негізде ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының базасында жүргізіледі.
89. Педагогикалық практикаларды өткізу білім ұйымдарының базасында жүргізіледі (мектептер, колледждер, жоо).
90. Практикаларға оқу-әдістемелік басшылықты және оның орындалу сапасына бақылауды магистрант/докторант даярлықтан өтіп жатқан бітіртуші кафедра жүргізеді.
91. Бітіртуші кафедра практиканттарға дайындық оқуын өткізеді, ол білім алушының жеке жұмыс жоспарын жасау кезеңінде практикалардың әр түрлерінің мақсаттары және міндеттерімен, практикаға берілетін тапсырма түрлерімен, практика бағдарламасын жасауға қойылатын талаптармен, практика нәтижелерін өңдеу және рәсімдеу ережелерімен, практика бойынша есепті қорғау процедурасымен және басқалармен таныстыруды қамтиды.
92. Бітіртуші кафедралар магистратура мен докторантураның практикалар бағдарламасын жасап, практиканттарды қажетті оқу-әдістемелік құжаттамалармен қамтамасыз етеді.
93. Білім алушыларға университет ректорының бұйрығымен практика жетекшілері тағайындалады. Практика жетекшісі практика басталғанға дейін практиканттарға қажетті дайындықты ұйымдасырады, практиканттарға кеңес беру жүргізеді, практиканттардың есептерін қарап шығады, олардың жұмыстары туралы пікірлерін береді және білім алушылардың практикалық дайындығын жетілдіру туралы ескертпелері мен ұсынымдары бар жазбаша есепті бітіртуші кафедраның меңгерушісіне ұсынады.
94. Зерттеушілік және өндірісітік практика туралы білім алушылардың есептері практика өту барысында жиналған, талданған және жүйеленген материалды қамтуы тиіс. Білім алушылардың есептері бітіртуші кафедраның мәжілісінде тыңдалып, бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |