Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48


Магистратура мен докторантурада оқитындардың қорытынды аттестаттауы



бет22/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   189
7.2. Магистратура мен докторантурада оқитындардың қорытынды аттестаттауы

116. Білім алушылардың қорытынды аттестаттауы – магистранттың/докторанттың алған білімдері, икемділіктері, дағдылары мен құзыреттері мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған, олардың оқудағы жетістіктерін мемлекеттік бақылау түрі.


117. Білім алушылардың қорытынды аттестаттауы білім бағдарламаларының жұмыстық оқу жоспарлары мен академиялық күнтізбесінде көзделген мерзімде өткізіледі және мамандық бойынша кешенді емтихан тапсыру мен диссертация қорғауды қамтиды.
118. Магистратура/докторантурада кешенді емтихан қабылдау және магистрлік диссертация қорғау Мемлекеттік аттестаттау комиссиясымен (МАК) жүргізіледі. МАК Төрағасын белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекітеді.
119. Магистратура/докторантура білім бағдарламалары бойынша МАК төрағалары мен мүшелерінің кандидатураларын кафедралар университеттің жоо кейінгі білім бөліміне ағымды жылдың 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады. МАК мүшелерінің бітіруші мамандардың бейініне сәйкес ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы болуы тиіс.
120. МАК құрамы университет ректорының бұйрығымен 31 желтоқсаннан кешіктірмей бекітіледі және күнтізбелік жыл бойына жұмыс жасайды.
121. Магистранттар мен докторанттарды қорытынды аттестаттауға жіберу факультет деканының ұсыныс арқылы университет ректорының бұйрығымен, қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі апта бұрын рәсімделіп, Мемлекеттік аттестациялық комиссияға беріледі.
122. Кешенді емтихан бағдарламасын, оны өткізу түрі мен тапсырмалар мазмұнын осы кешенді емтиханға енгізілген оқу пәндерінің негізінде университет әзірлейді.
123. Магистратурада оқитындардың мамандықтары бойынша кешенді емтихан магистрлік диссертация(магистрлік жоба) қорғауға дейін 1 ай бұрын өткізіледі, докторантурада оқитындар үшін – докторлық диссертация қорғауға дейін 3 ай бұрын өткізіледі.
124. Кешенді емтиханды құрамында магистратура/докторантура мамандықтарының бейіні бойынша ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы бар 5 адамнан тұратын МАК қабылдайды.
125. Кешенді емтихан нәтижелері белгіленген үлгідегі хаттамамен рәсімделеді, ол әрбір білім алушыға жеке толтырылады.
126. Кешенді емтиханды оң бағаны неғұрлым жоғарылау бағаға көтеру үшін қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
127. Кешенді емтиханның нәтижелеріне келіспеген білім алушы оны өткізгеннен кейін келесі күннен кешіктірмей апелляцияға беруге құқылы. Апелляцияны қарау үшін университет ректорының бұйрығымен біліктіліктері мамандық бейініне сай келетін тәжірибелі оқытушылар қатарынан апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссияның жұмыс нәтижелері хаттамамен рәсімделеді.
128. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушы тұлғаға осы қорытынды аттестаттау кезеңінде кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
129. Кешенді емтиханнан қанағаттанарлықсыз баға алған магистрант/докторант ректордың бұйрығымен оқудан шығарылып, оқуын аяқтамаған азаматтарға берілетін Анықтама беріледі.
130. Бекітілген кестеге сәйкес өтетін кешенді емтиханға дәлелді себеппен келмеген магистрант/докторант МАК төрағасының атына өтініш жазып, емтиханға келмеу себебі туралы құжатты береді және оның рұқсатымен емтиханды осы комиссияның басқа күнгі мәжілісінде тапсыра алады.
132. Кешенді емтиханды оң бағаға тапсырған магистрант/докторант диссертациялық жұмысты қорғауға жіберіледі. Магистрлік және докторлық диссертацияны қорғауға жіберу МАК Төрағасының ұсынысы арқылы университет ректорының бұйрығымен диссертация қорғалғанға дейін екі апта бұрын рәсімделеді.
133. Магистрлік диссертациялар/жобалар МАК-на ұсынылғанға дейін алдын ала қорғаудан өтіп, бітіртуші кафедрамен плагиатқа тексерілуі тиіс.
134. Магистрлік диссертацияны/жобаны қорғау МАК-ң ашық мәжілісінде оның кемінде 2/3 мүшелерінің қатысуымен өткізіледі. Күніне қорғауға 8 диссертациялық жұмыстан артық жіберілмейді.
135. Магистрлік диссертацияны/жобаны қорғау мыналар болғанда жүргізіледі:
- ғылыми жетекшінің оң пікірі;
- диссертация тақырыбы бойынша ғылыми журналда немесе ғылыми-тәжірибелік (ғылыми-теориялық) конференциялар (бейінді бағыт) материалдарында кемінде бір жарияланым және диссертация тақырыбы бойынша ғылыми журналда немесе ғылыми-тәжірибелік (ғылыми-теориялық) конференциялар (ғылыми және педагогикалық бағыт) материалдарында кемінде екі жарияланым;
- бітіртіуші кафедраның қорғауға ұсынуы туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
- диссертациялық жұмыстың/жобасының жан-жақты сипаттамасы бар рецензиялар және магистр дәрежесін беру мүмкіндігі туралы дәлелді қорытынды.
136. Аяқталған диссертациялық жұмысқа/жобаға Ғылыми жетекшісінің және/немесе бітіруші кафедраның жағымсыз пікірін алған магистранттар, қорғауға жіберілмейді.
137. Магистрлік диссертациялық жұмысты/жобаны көпшілік алдында қорғау ғылыми пікірталастық сипатта болып, жоғары талапшылдық, принциптілік пен ғылыми әдепті сақтау ахуалында өтуі тиіс, бұл ретте диссертациядағы жаңашылдық, ғылыми және практикалық сипаттағы нәтижелер, тұжырымдар мен ұсынымдардың негізділігі тыңғылықты талдауға алынуы тиіс. Мемлекеттік аттестациялық комиссия диссертацияның сапасы мен сараптамасының жан-жақтылығына, қабылданатын шешімдердің негізділігіне жауапкершілік арқалайды және диссертацияның магистр дәрежесін ізденуге арналған біліктілік жұмыстары үшін белгіленген критерийлерге сәйкестігін айқындауда талапшылыдықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге жұмылады.
138. Магистрлік диссертацияны/жобаны қорғау нәтижелері белгіленген үлгідегі хаттамамен рәсімделеді. МАК мәжілістері хаттамаларының барлық бланкілері номерленуі, бау өткізіліп байлануы және МАК жұмысы басталғанға дейін білім алушыны қорытынды аттестаттаудың әр түрі бойынша бөлек-бөлек кітаптарға бекітілуі тиіс. Хаттаманы МАК хатшысы толтырып, Төраға мен мәжіліске қатысқан Мемлекеттік аттестациялық комиссияның мүшелері қолдарын қояды. МАК жұмысы аяқталғаннан кейін барлық хаттамалар белгіленген тәртіпте сақтау үшін жоо архивіне беріледі.
139. Магистранттардың қорытынды мемлекеттік аттестаттауы аяқталғаннан кейін МАК Төрағасы МАҚ нәтижелері туралы есеп жасап, екі апталық мерзімде оны университет ректорына ұсынады. МАҚ нәтижелері туралы есептің дер кезінде ұсынылуына бітіртуші кафедра жауапкершілік арқалайды. МАК Төрағасының есебі бітіртуші кафедра, факультет кеңесі және университеттің Ғылыми Кеңесін мәжілісінде талқыланады.
140. Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткен, магистратураның білім бағдарламасын игергенін дәлелдеген және магистрлік диссертациясын/жобасын көпшілік алдында қорғаған магистрантқа МАК шешімімен тиісті мамандық бойынша магистр дәрежесі мен мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен беріледі.
141. Магистранттардың дипломдарының, олардың қосымшаларының дұрыс толтырылуына факультет деканаты, университеттің Тіркеуші офисі мен студенттік бөлім жауапкершілік арқалайды.
142. Докторанттардың диссертациялық жұмысын қорғауды жалпы ұйымдастырып, бақылау жасауды жоо кейінгі білім бөлімі жүргізеді, диссертациялық кеңес жұмысына мониторингті ғылым және жоо кейінгі білім департаменті жүргізеді.
143. Докторлық диссертациялық жұмысты қорғау диссертациялық кеңестердің мәжілісінде жүргізіледі, оның құрамы білім саласындағы уәкілетті органмен бекітіледі.
144. Философия доктора (PhD), салалық доктор дәрежесін ізденуге арналған диссертациялық жұмыстар бітіртуші кафедрада алдын ала қорғаудан өтуі және плагиатқа тексерілуі тиіс.
145. Докторлық диссертацияны қорғау мыналар болғанда жүргізіледі:
– ғылыми кеңесшілердің оң пікірлері;
– кемінде 7- ғылыми жарияланымдар;
– қорғауға ұсыну туралы бітіртуші кафедра мәжілісінің хаттамасынан үзінді көшірме;
– диссертациялық жұмыстың жан-жақты сипаттамасы мен 2 ресми рецензенттердің философия докторы (PhD), салалық доктор дәрежесін беру мүмкіндігі туралы дәлелді қорытындысы бар рецензиялары.
146. Ғылыми кеңесшінің жағымсыз пікірін алған докторанттар диссертация қорғауға жіберілмейді..
147. Докторлық диссертация қорғау нәтижелері стенограммамен рәсімделеді. Докторлық диссертация қорғау нәтижелері бойынша диссертациялық кеңес екі шешімнің біреуін қабылдайды:
– докторантқа философия докторы (PhD), тиісті мамандық бойынша салалық доктор дәрежесін беріп, қорытынды сараптама жүргізу туралы ҚР БҒМ БҒСБК алдына өтініш жасау;
– докторантқа философия докторы (PhD), тиісті мамандық бойынша салалық доктор дәрежесін беруден бас тарту.
148. Философия докторы ғылыми дәрежесін беру туралы оң шешім қабылданған кезде диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы белгіленген түрде докторлық диссертация қорғау туралы докторанттың жеке іс қағазын қалыпстырады, ол 30 күн ішінде ҚР БҒМ БҒСБК-не ұсынылуы тиіс.
149. Докторанттар диссертацияларын ойдағыдай қорғағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпараттар орталығы» (ҰҒТАО) АҚ-на диссертацияның 1 данасын брошюраланбаған түрде және микрофильмдендіру мен мемлекеттік тіркеуге алу үшін диссертацияның есептік карточкасының 2 данасын ұсынуы тиіс.
150. Докторанттардың аттестациялық істерін қарау мерзімі оларды ҚР БҒМ БҒСБК-де тіркеген күннен бастап 4 (төрт) ай құрайды. Докторанттардың аттестациялық құжаттары болмаған жағдайда немесе олар белгілгіленген талаптарға сәйкес болмаса, тиісті құжаттарды ұсынғанға дейін қарау тоқтатыла тұрады.
151. Диссертацияның Дәрежелерді беру Ережелерінің талаптарына Сәйкестігі тиісті мамандық топтары бойынша Сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде БҒМ БҒСБК-де анықталады, Сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде БҒМ БҒСБК докторантқа дәреже беру/бас тарту туралы шешім қабылдап, тиісті бұйрық шығарады.
152. Философия докторы, салалық доктор дәрежесі берілген тұлғаларға мемлекеттік үлгідегі дипломдар беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет