8. Магистратура мен докторантураның білім бағдарламаларында оқитындардың құқықтары мен міндеттері
153. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ магистратурасы мен докторантурасында оқитындар Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы» Заңдарымен, ҚР БҒМ нормативтік актілерімен, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Жарғысы және Ішкі тәртіп ережелерімен айқындалған құқықтар мен міндеттерге ие.
154. Магистранттар мен докторанттар жеке жұмыс жоспарында қаралған барлық жұмыс түрлерін дер кезінде сапалы орындауға міндетті.
155. Магистранттар мен докторанттар міндетті:
– жеке жоспарларында қаралған әр жұмыс сатысының соңында барлық қажетті жазбаша материалдарды дер кезінде ұсынып отыруға;
– өзінің ғылыми жетекшілері/кеңесшілерімен алған ескертпелер мен кері байланыстарды жазып алып отыруға;
– есеп берудің бекітілген мерзімдерін қадағалауға (атқарылған ғылыми-зерттеу/сынамалық-зерттеу жұмыстары туралы, көшпелі ғылыми тағылымдамалар туралы және т.с.с.);
– тегі, мекенжайы мен байланыс мәліметтері өзгергені туралы университеттің тиісті әкімшілік бөлімшелеріне дер кезінде хабарлауға;
– туындаған проблемаларды ғылыми жетекшілермен, кеңесшілер және эдвайзерлермен дер кезінде талқылауға, оларды шешуге бастама жасауға;
– магистерлік/докторлықй диссертацияны белгіленген мерзімде аяқтауға.
156. Мамандарды мақсатты даярлау аясында мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға қабылданған магистранттар мен докторанттар мақсатты даярлау туралы үшжақты келісімшартты дер кезінде жасап, оның шарттарын орындауға міндетті.
157. Магистранттар мен докторанттар ғылыми жетекшілер, кеңесшілер іздеуге және басқа ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге ықпал етуді бітіртуші кафедра меңгерушісінен сұрауға құқылы.
158. Магистрантпен/докторантпен және оның ғылыми жетекшісі/кеңес беру комиссиясының мүшелері арасында таласты мәселелер туындаған кезде магистрант/докторант ректордың бұйрығымен құрылған қоғамдық комиссияға жүгінуге құқылы. Қоғамдық комиссияның ұсынысы негізінде университеттің Ғылыми кеңесі тиісті шешім қабылдайды.
159. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ магистранттары мен докторанттарының осы Ережелерде қаралмаған басқа да құқықтары мен міндеттері ҚР нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |