2. Оқу-әдістемелік жұмыстың мазмұны
Оқу-әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:
- нормативті-құқықтық актілерін, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру классификаторын және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;
- оқу үдерісіне қазіргі заманғы оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік, дидактикалық материалдарды, және оқытудың автоматтандырылған жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін, ақпараттық кітапханалық жүйелерін енгізу;
- оқу жұмыс бағдарламаларын әзірлеу, типтік оқу бағдарламасының жобаларын дайындауға қатысу;
- оқулықтар, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік кешендер, оқу-әдістемелік, оның ішінде электрондық тасымалдағыш құралдарын әзірлеу;
- білім саласын ақпараттандыру және озық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен тарату іс-шараларын жүргізу;
- дидактикалық-әдістемелік, оқу материалдық оқыту құралдарын әзірлеу және енгізу;
- оқытудың жаңа технологиялары бойынша оқу-әдістемелік құжаттар әзірлеу және енгізу;
- мәндес мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын бірыңғайландыру жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
- оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын сараптау;
- оқу-әдістемелік жұмыстың ұйымдастырылуының білім алушылардың ағымды үлгеріміне ықпалы;
- пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін (ПОӘК) әзірлеу;
- тестілік тапсырмалары мен білім алушылардың білімін бағалау түрлерін дайындау және талдау;
- оқу үдерісін оқу әдебиеті мен әдістемелік нұсқаулықтармен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізу;
- білім алушылардың өзіндік жұмысын әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;
- оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың сапасына талдау жүргізу;
- білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейіне, оқыту сапасына талдау жасау;
- оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша семинарларды, конференцияларды, кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
- білім алушылардың контингентін, олардың бейінін, дайындық деңгейін және мүмкіндіктерін ескере отырып, жыл сайын қалыптастыру жұмысты әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;
- даярлаудың қолда бар және болашағы бар бағыттары бойынша мамандарға қажеттілікті болжау үшін деректер базасын құру мақсатында маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру;
- университет түлектерін жұмыспен қамтамасыз етуді және оқуын жалғастыруды әдістемелік қамтамасыз ету (мамандарға сұранысты зерттеу, түлектерге сауалнама жүргізу, өндіріс пен байланыс жүргізу, түлектердің орналасу қартасын құру, түлектердің ярмаркасын ұйымдастыру);
- оқытудың барлық деңгейлеріне мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін оқыту бойынша нұсқаулар дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |