Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48



бет7/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   189
Бакалавриаттың білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп, оған қойылатын талаптарды орындаған жағдайда, студентке оқу мерзіміне қарамастан «бакалавр» дәрежесі беріледі.
80. Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім негізінде жеделдетілген оқу мерзіміндегі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен білім алушылар үшін кредиттер саны мен білім беру бағдарламасының қажетті көлемі білім туралы құжат иегерінің алдыңғы білім деңгейінің бейініне, негізгі және кәсіби құзыреттері ескеріле отырып дербес анықталады.
81. Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім негізінде жеделдетілген оқу мерзіміндегі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы:
1) транскриптіне міндетті түрде енгізетін алдыңғы білімде меңгерген пререквизиттеріне қарай өзінің жеке оқу жоспарын құрастырады;
2) тиісті мамандық бойынша, бірақ алдыңғы білім деңгейін ескере отырып, қолданыстағы білім беру бағдарламасы негізінде университет дербес анықтайтын жеке оқу мерзіміне және білім беру бағдарламасының көлеміне ие болады.
82. Университетте семестр түрінде ұйымдастырылған бір академиялық кезең ішінде күндізгі оқыту нысанында білім алушы 18-21 кредитті меңгереді. Сырттай оқыту нысанының білім алушысына ең аз кредит көлемін белгіленеді (9-12 кредит), алайда тиісінше оның оқу мерзімі көбейеді. Сырттай оқу нысаны техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру негізінде ғана жүзеге асырылады.
83. Университет білім беру қызметін тиісті материалдық-техникалық базамен, білікті профессорлық-оқытушылық құраммен, кітапхана қорымен, Интернетке және басқа да ақпараттық ресурстарға қол жеткізумен, қаладан тыс жерлерден келген студенттерді жатақханамен және студенттерді қолдаудың басқа да қызметтерімен қамтамасыз етеді.
84. Университеттің материалдық-техникалық базасы қолданыстағы санитариялық қағидаларға сәйкес болуы тиіс.
85. Мамандар шығарушы кафедралар әрбір студентті мамандығының бейініне сәйкес кәсіптік практикалар базасымен қамтамасыз етеді.

86. Ақпараттық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Мамандар шығарушы кафедралар жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде әрбір студенттің ақпараттық ресурстар мен кітапхана қорына еркін қол жеткізуіне, барлық модульдер, пәндер, оқу жұмысының барлық түрлері – практикумдар, курстық және дипломдық жобалау, кәсіптік практика, студенттің өзіндік жұмысы бойынша әдістемелік құралдар мен ұсынымдардың, сондай-ақ көрнекі құралдар мен аудио және бейнематериалдардың болуына жауапты.
Университет студенттердің электронды кітапханаларда орналастырылған халықаралық дереккөздерін қоса алғанда оқу, ғылыми, ақпараттық базаларға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
87. Білім алушылардың зерттеу қызметіне қойылатын талаптар.
Студенттердің зерттеу жұмыстары оқу процесінің жалғасы және тереңдетілуі болып табылады және тікелей кафедраларда, зертханаларда, ғылыми, конструкторлық және студенттердің ғылыми-техникалық бірлестіктерінде (конструкторлық және өзге де бюролар, орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары және т.б.) ұйымдастырылады.

1-қосымша


Жоғары білімнің білім беру бағдарламасының құрылымы

Р/с №

Пәндер мен циклдердің аталуы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

академиялық сағат бойынша

кредит саны бойынша

1

2

3

4

1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет