Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48


Диссертация мәтінін беттің келесі өрістерін сақтай отырып басу керек: оң жағы - 10мм, үстіңгі жағы - 20мм, сол жағы - 30мм, төменгі жағы - 20мм



бет113/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   189
Диссертация мәтінін беттің келесі өрістерін сақтай отырып басу керек: оң жағы - 10мм, үстіңгі жағы - 20мм, сол жағы - 30мм, төменгі жағы - 20мм.
Әртүрлі гарнитура шрифттарын қолдана отырып, нақты терминдерге, формулаларға, теоремаларға назар аударудың компьютерлік мүмкіндіктерін пайдалануға рұқсат етіледі.
28. Диссертация орындау тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің сапасы мен иллюстрацияларды, кестелерді, басып шығаруларды рәсімдеу оларды айқын көрсетіп шығару талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
29. Диссертация орындау кезінде барлық диссертация бойынша біркелкі жиілікті, суреттердің контрастілігі мен айқындығын қадағалау қажет. Диссертацияда бұлдыр емес, айқын сызықтар, әріптер, сандар мен таңбалар болуы тиіс.
30. Диссертация дайындау кезінде байқалған жаңылыс жазулар, қателер мен гарфикалық дәлсіздіктерді тазартып өшірумен немесе ақ бояумен бояп тастаумен және сол жерге түзетілген мәтінді (графиканы) машинакаға теру тәсілімен немесе қара сиямен, пастамен немесе қара тушьпен – қолмен жазу тәсілі арқылы түзетуге рұқсат етіледі.
Мәтін парақтарын бүлдіру, бұрыңғы мәтіннің қолмен түзетілген жерлері мен толық жойылмаған іздері болуына жол берілмейді.
31. Магистранттардың тектері, есімдері, әкелерінің аттары, бұйымның атаулары мен басқа да меншік атаулары диссертацияда түпнұсқа тілінде беріледі.
Меншік атауларды транслитеризациялауға және ұйым атауын диссертация тіліне аударып, түпнұсқалық атауын қосып (бірінші айталған кезінде) келтіруге рұқсат етіледі.
32. Диссертацияның «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілемелер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған көздер тізімі» деген құрылымдық атаулары диссертацияның құрылымдық элементтерінің бас тақырыбы қызметін атқарады.
33. Диссертацияның негізгі бөлімін бөлімдерге, бөлімшелерге және тармақтарға бөлу керек. Тармақтар, қажет болса тармақшаларға бөліне алады. Диссертация мәтінін тармақтар мен тармақшаларға бөлген кезде әрбір тармақ аяқталған ақпаратты қамтуы қажет.
34. Бөлімдер, бөлімшелердің бас тақырыптары болуы тиіс. Тармақтардың, ереже бойынша, бас атаулары болмайды. Бас атаулар бөлімдерді, бөлімшелердің мазмұнын айқын әрі қысқа көрсетуі тиіс.
35. Бөлімдер, бөлімшелер мен тармақтардың бас атауларын жаңа жолдан бос жер қалдырып бас әріптермен соңына нүкте қоймай, астын сызбай жазу керек.
Егер бас атау екі сөйлемнен тұратын болса, оларды нүктемен бөледі.
36. Диссертацияның беттерін араб сандарымен, барлық мәтіннің өн бойына номерлеуді қадағалап номерлеу керек. Беттің номері төменгі жақтың қақ ортасына нүктесіз қойылады.
37. Титуль парақ беттердің жалпы номерленуіне енгізіледі. Титуль парақта беттің номері қойылмайды.
38. Жекелеген беттерде орналасқан иллюстрациялар мен кестелер диссертация беттерінің жалпы номерленуіне енгізіледі.
А3 форматтағы парақтағы иллюстрациялар, кестелерді бір бет деп есептейді.
39. Диссертация бөлімдерінің барлық жұмыс шегінде реттік номерлері болуы тиіс, олар араб сандарымен нүктесіз және жаңа жолдың басынан бос жер қалдырып жазылады. Бөлімшелер номері әр бөлім шегінде номерленуі тиіс. Бөлімшелер номері нүктемен бөлінген бөлім және бөлімше номерлерінен тұрады. Бөлім номерінің соңында нүкте қойылмайды. Бөлімдер бөлімшелер сияқты бір немесе бірнеше тармақтардан тұра алады.
40. Егер диссертацияның бөлімшелері болмаса, онда ондағы тармақтардың номерленуі әр бөлімнің шегінде болуы тиіс те, тармақ номері бөлім мен тармақтың номерлерінен, нүктемен бөлініп тұруы тиіс. Тармақ номерінің соңында нүкте қойылмайды.
Мысалы
1 Типтері мен негізгі көлемдері
1.1
1.2 – Диссертацияның бірінші бөлімі тармағының номерленуі
1.3
2 Техникалық талаптар
2.1
2.2 - Диссертацияның екінші бөлімі тармағының номерленуі
2.3
Егер диссертацияның бөлімшелері болмаса, онда тармақтардың номерленуі бөлімше шегінде болуы тиіс те, тармақ номері бөлімнің, бөлімше мен тармақтың номерлерінен тұрып, нүктелермен бөлінуі тиіс, мысалы:
3 Сынақ әдістері
3.1 Аппараттар, материалдар мен реактивтер
3.1.1
3.1.2 - Диссертацияның үшінші бөлімі бірінші бөлімшесі тармақтарының номерленуі
3.1.3
3.2 Сынаққа дайындау
3.2.1
3.2.2 - Диссертацияның үшінші бөлімі екінші бөлімшесі тармақтарының номерленуі
3.2.3
41. Егер бөлім бір бөлімшеден тұрса, онда бөлімше номерленбейді. Егер бөлімше бір тармақтан тұрса, онда тармақ номерленбейді.
42. Егер мәтін тек тармақтарға ғана бөлінетін болса, онда олар барлық диссертациялық жұмыстың шегінде реттік номерлермен номерленеді.
43. Тармақтар, қажет болған жағдайда, тармақшаларға бөліне алады, олардың әр тармақ шегінде реттік номерленуі болуы тиіс, мысалы: 4.2.1.1, 4.2.1.2 т.с.с..
44. Тармақтар немесе тармақшалар ішінде санамалар келтірілуі мүмкін.
Әрбір санаманың алдында дефис қою немесе, қажет болған кезде құжат мәтінінің ішінде санамалардың біреуіне кіші әріппен (ё, з, й, о, ч, ь, ы, ъ басқа) сілтеме қойылуы керек, әріптен кейін жақша қойылады.
Санамаларды әрі қарай детализациялау үшін араб сандарын пайдалану қажет, олардан кейін жақша қойылады, ал жазбаны жаңа жолдан бос жер қалдырып жазады, ол мына мысалда көрсетілген.
Мысал
а) __________
б) __________
1) _______
2) _______
в) __________
45. Диссертацияның әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан (беттен) бастау керек.
46. Диссертация құрамына енетін диссертации мен қосымшалардың беттерінің номерленуі өн бойына жүруі тиіс.
47. Иллюстрацияларды (сызбалар, графикалар, картталар, схемалар, компьютерлік баспалар, диаграммалар, фотосуреттер) диссертацияда оларды мәтінде бірінші рет еске алынған жерде тікелей мәтін соңында немесе келесі бетте орналастыру керек.
Иллюстрациялар компьютермен орындалуы мүмкін, оның ішінде түрлітүстілері де.
Барлық иллюстрацияға диссертацияда сілтемелер берілуі тиіс.
48. Диссертация ішінде орналастырылған сызбалар, графикалар, диаграммалар, схемалар, иллюстрациялар, Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Сызбалар, графикалар, диаграммалар, схемаларды компьютерлік баспаны пайдалану арқылы орындауға рұқсат етіледі.
49. А 4 форматынан көлемі кіші фотосуреттер ақ қағаздың стандартты парақтарына жапсырылуы тиіс.
50. Қосышалардың иллюстрациясынан бөлек иллюстрацияларды араб сандарымен өн бойына номерлеу керек.
Егер сурет біреу болса, онда ол «1 Сурет» деп белгіленеді, «Сурет» сөзі мен оның атауы жол қатардың ортасына, тире арқылы жазылады.
51. Иллюстрацияларды бөлім шегінде номерлеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда иллюстрация номері бөлім номері мен иллюстрацияның реттік номерінен тұрып, нүктемен бөлінеді. Мысалы: 1.1. Сурет
52. Иллюстрациялардың, қажет болған жағдайда, атауы мен түсіндірме жазбасы бола алады (сурет астындағы мәтін), «Сурет» сөзі мен оның атауы түсіндірме мәліметтерден кейін жазылып, былайша орналастырылады: 1 Сурет - Құрал детальдары.
53. Әр Қосымшаның иллюстрацияларын араб сандарымен бөлек номерлеп, сан алдына қосымшаның белгілерін қосып таңбалайды.
Мысалы: А.З Сурет
Иллюстрацияларды 6 Қосымшаға сәйкес рәсімдейді.
54. Иллюстрацияларға сілтеме жасаған кезде өнбойына номерлегенде «2 суретке сәйкес...» деп және бөлім шегінде номерлегенде «1.2 суретке сәйкес...» деп жазу керек.
55. Кестелерді көрнекілік жақсы болуы үшін және көрсеткіштерді салыстыру ыңғайлы болу үшін қолданады. Кестенің атауы оның мазмұнын көрсетіп, нақты әрі қысқа болуы тиіс және кестенің үстіне сол жағына, жаңа жолдың басынан бос жер қалдырмай, өзінің номерімен тире арқылы орналастырылды. Кестенің бір бөлігі келесі беке көшкен кезде бірінші беттегі төменгі жазық сызықты жаппайды, келесі бөлігінің үстіне сол жағына «Жалғасы» деген сөз жазылып, кесте номері көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы».
56.Кестені диссертацияда ол бірінші рет айтылатын мәтіннен кейін тікелей немесе келесі бетте орналастыру керек. Барлық кестелерге диссертацияда сілтеме болуы тиіс. Сілтеме кезінде «кесте» деп жазып, оның номерн көрсету керек. Кестелерді, қосымшалардың кестелерінен бөлек, араб сандарымен өн бойына номерлеу керек. Кестелерді бөлім шегінде гомерлеуге рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кесте номері бөлім номерінен және кестенің реттік номерінен тұрып, нүктемен бөлінеді. Әр қосымшаның кестесін бөлек араб сандарымен, санның алдына қосымшаның таңбаларын қосып номерлейді.
57. Кестелерді, ереже бойынша, сол жағнан, оң жағынан және төменінен сызықтармен шектейді. Кестедегі шрифттің көлемін мәтіндегіден кіші етуге рұқсат етілді (12). Кестенің жол қатарларын шектеп тұратын горизонтальды және вертикальды сызықтарды, егер олардың жоқтығы кестені пайдалануды қиындатпаса, жүргізбеуге болады.
Кестенің төменгі кесіндісі мен мәтін арасындағы арақашықтық 2 «бос» жол қатары болуы тиіс.
Кестені неғұрлым егжей-тегжейлі рәсімдеу ГОСТ 2.105 суреттелген.
58. Ескертпені бас әріппен жаңа жолдан бастап әріптердің арасын ашып жазып, астын сызбау керек. Ескертпені диссертацияда, егер мәтін мазмұнына түсіндірмелер немесе анықтамалық мәліметтер, кестелер немесе графикалық материал қажет болса келтіреді. Ескертпені мәтіндік, графикалық материалдан кейін тікелей немесе осы ескертпенің қатысты бар кестеде орналастыру керек. Егер ескертпе біреу болса, онда «Ескертпе» сөзінен кейін тире қойылып, ескертпе бас әріппен жазылады. Бір ескертпе номерленбейді. Бірнеше ескертпелер араб сандарымен рет ретімен, нүкте қойылмай номерленеді. Кестеге берілген ескертпені кестенің соңында, кестенің аяқталғанын белгілейтін сызықтың үстіне орналастырады.
59. Формулалар мен теңдеулерді мәтіннен бөлек жолға бөліп алу керек.
Әр формуланың немесе теңдеудің үсті мен астынан кемінде бір бос жол қалдырылуы тиіс. Егер теңдеу бір жолға симаса, онда ол (=) белгісінен кейін немесе плюс (+), минус (-), көбейту (х), бөлу (:) немесе тағы басқа математикалық таңбалардан кейін ауыстырылуы тиіс, және де таңбаны келесі жолдың басында қайталайды. Көбейту операциясын бейнелейтін таңбадағы формуланы ауыстырған кезде «х» таңбасын қолданады.
Символдар мен сандық коэффициенттер мәнін түсіндіруді формула астына тікелей, олардың формулада берілген рет-реттілігімен келтіру керек. Формулаларды барлық диссертацияның өн бойына араб сандарымен дөңгелек жақшаға алып, жол қатардың оң жақ шетіне реттік номермен номерлеу керек. Формулаларды бөлім шегінде номерлеуге рұқсат етіледі, онда формула номері нүктемен бөлінген бөлім нөмері мен формуланың реттік номерінен тұрады.
Қосымшалардың ішінде орналасқан формулалар әр қосымшаның шегінде араб сандарымен, әр санның алдына қосымшаны белгілеу таңбасын қосып бөлек номерлеумен номерленуі тиіс, мысалы (В1) формуласы. Формулалар мен теңдеулерді қолмен қара сиямен жазуға рұқсат етіледі.
60. Пайдаланылған дереккөздерге сілметелерді тік жақшаларға алады. Сілтемені құжатқа тұтастай немесе оның бөлімдері мен қосымшаларына жасайды. Бөлімшелерне, тармақтар, кестелер мен иллюстрацияларға сілтемелерге рұқсат етілмейді. Стандарттар мен техникалық шарттарға сілтеме жасаған кезде тек олардың таңбалануы ғана көрсетіледі, бұл ретте пайдаланылған көздердің тізімінде стандарт толық сипатталған жағдайда бекіту жылын көрсетпеуге рұқсат етіледі.
61. Белгілемелер мен қысқартуларды бағанамен жазып, олардың мәтінде келтірілген ретімен, қажетті мағынасын ашу және түсіндірмесімен келтіреді.
Анықтамаларды, белілемелер мен қысқартуларды «Анықтамалар, белгілемелер мен қысқартулар» бір құрылымдық элементінде келтіруге рұқсат етіледі.
62. Пайдаланылған дереккөздер тізімінде диссертация мәтініндегі дереккөздерге сілтеме пайда болған тәртіппен орналасқан және араб сандарымен нүктесіз номерленген дереккөздер туралы мәліметтер болады. Оларды жаңа жолдың басында бос жер қалдырмай жазу керек.
63. Қосымшаларды диссертацияның жалғасы ретінде және оның келесі парақтарында рәсімдейді немесе жеке құжат түрінде шығарады.
Қосымшаның құжаттың қалған бөлімімен бірге беттердің өн бойына жалпы номерленуі болуы тиіс.
Диссертация мәтінінде барлық қосымшаларға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымшаларды диссертация мәтініндегі оларға берілген сілтеме тәртібімен орналастырады.
Әрбір қосымшаны жаңа беттен, үстіңгі жағына жол қатардың ортасына «ҚОСЫМША» сөзін, оның белгілемесі мен деңгейін көрсетіп бастау керек. Қосымшаның тақырыбы болуы тиіс, ол мәтінге қатысты симметриялы, бөлек жол қатармен бас әріппен жазылады. Қосымшаларды орыс алфавитінің бас әріптерімен, Е, З, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ әріптерінен бөлек, А әрпінен бастап белгілейді. «ҚОСЫМША» сөзінен кейін оның реттілігін көрсететін әріп келеді. Орыс алфавитін толық пайдаланған жағдайда латын алфавитінің I, O әріптерінен басқа әріптерін пайдалануға, ал әрі қарай араб сандарын да пайдалануға рұқсат етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет