6. Магистрлік диссертацияның жіктемелік белгілері
64. Диссертация жеке дара жазылуы, автормен көпшілік алдына қорғауға ұсынылатын жаңа әрі шынайы ғылыми нәтижелер мен ережелері болуы, әзірленген немесе зерттелген теориялық немесе қолданбалы міндеттер аясында жұмыстан алынған нәтижелер арасында байланыс болуымен айқындалатын ішкі бірлігі болуы, автордың ғылымға және/немесе практикаға қосқан жеке үлесі туралы дәлелдеуі тиіс. Автормен ұсынылған жаңа шешімдер қатаң дәлелденуі және бұрыннан белгілі шешімдермен салыстырғанда сыни бағалануы тиіс.
65. Қолданбалы маңызы бар диссертацияда автормен алынған, авторлық куәліктермен, патенттермен және басқа ресми құжаттармен дәлелденген ғылыми нәтижелердің практикалық пайдаланылуы туралы мәліметтер келтірілуі тиіс, ал теориялық мағынасы бар диссертацияда – ғылыми тұжырымдарды пайдалану жөніндегі ұсынымдар келтірілуі тиіс.
66. Магистрлік диссертация/магистрлік жоба Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жоспарлы зерттеулерінің бағдарламасына сәйкес орындалуы, халықаралық, мемлекеттік немесе аймақтық ғылыми, ғылыми-техникалық және салалық бағдарламаларға, іргелі немесе қолданбалы зерттеу бағдарламаларына енуі тиіс.
67. Магистрлік диссертация/магистрлік жобаның нәтижелері келесі деңгейлердің бірінде енгізілуі тиіс (енгізу актілерімен, анықтамалармен дәлелденеді):
халықаралық;
салааралық;
сала ауқымдарында;
- ұйым шеңберінде.
Достарыңызбен бөлісу: |