6.5. Магистратура мен докторантурада білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру
60. Магистратура мен докторантурада білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру ғылыми-педагогикалық жоғары білікті кадрлармен, қажетті зертханалық-зерттеушілік және ғылыми-әдістемелік базамен қамтамасыз етілген бітіртуші кафедрада жүргізіледі. Білім алушылардың пәнаралық сипаттағы ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстары екі немесе одан көп факультет немесе кафедралар базасында жүргізіле алады.
61. Магистранттар/докторанттарды даярлау жүргізетін бітіртуші кафедралардың шетелдік жетекші аккредиттелген оқу-ғылыми мекемелермен, ғылыми орталықтармен, халықаралық кәсіби ассоциациялар және қауымдастықтармен ғылыми-білімдік байланыстары болуы тиіс, бұл ғылыми-зерттеу және сынамалық-зерттеу қызметтері үшін біліктілігі жоғары мамандар дярлаудың шетелдік озық тәжірбиесін пайдалану мүмкіндігін және білім алушыға ғылыми жетекшілік етіп, кеңес беруге шетелдік құзыретті мамандар тартуға мүмкіндік береді.
62. Магистратура мен докторантурада білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстары бекітілген жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Бітіртуші кафедралар магистранттар мен докторанттар жүргізетін диссертациялық зерттеулердің тақырыптары кафедра мен факультеттің ғылыми-зерттеу қызметінің бағыттарына сәйкестігін қамтамасыз етуге және жоо кейінгі білім бағдарламаларында оқитындарды университеттің бітіртуші кафедралар мен ҒЗИ орындайтын ғылыми жобаларға қатысуға тартуы тиіс.
63. Магистранттар/докторанттардың ғылыми жетекшілері/кеңесшілері білім алушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасауы тиіс (қажетті көздер мен ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге; диссертациялық зерттеу орындау процесінде кеңестер беріп, ықпал жасауға; білім алушы ұсынған материалдар бойынша кері байланыс беруге; қажет болған жағдайда білім алушының зерттеу жұмыстарын білім мен ғылымның бөгде ұйымдарында, оның ішінде белгілі әлемдік шетелдік орталықтарда жүргізуді қамтамасыз етуге; білім алушы білім бағдарламасын игеру барысында туындайтын басқа да мәселелерді шешуге).
64. Магистранттың ғылыми жетекшісі/докторанттың ғылыми кеңесшісі білім алушының аяқталған диссертациялық зерттеуіне жан-жақты баға беруі және оны көпшілік алдында диссертация қорғауға дайындауы тиіс.
65. Магистранттар/докторанттардың ғылыми жетекшілері/кеңесшілері бағдарламалардың сапасы мен нәтижелілігіне, сондай-ақ білім алушының ғылыми тағылымдамалар, зерттеушілік және кәсіби практикаларының базаларын дұрыс іріктеуге жауапкершілік арқалайды.
66. Магистранттар мен докторанттарды даярлау жүргізетін бітіртуші кафедралар білім алушылардың зерттеушілік жұмыстарын теориялық және қолданбалы зерттеулердің анағұрлым ірі бағдарламалары аясында ұйымдастыруы және алынған нәтижелердің апробациясы үшін мүмкіндіктермен қамтамасыз етуі тиіс.
67. Бітіртуші кафедралар магистратура мен докторантурада оқитындардың жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми қауымдастық пен академиялық емес сектор өкілдеріне таныстыруды көздейтін тұрақты жұмыс істейтін ғылыми-практикалық семинарларды жүзеге асыруы тиіс.
68. Бітіртуші кафедралар магистратура/докторантурада оқитындардың зерттеу жұмыстарын қажетті зертханалық-техникалық және ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етуге және жүргізілетін зерттеу жұмыстарына үздіксіз ағымды бақылау жасауға жауапкершілік арқалайды.
69. Магистратура/докторантурада оқитындардың ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстарын жоспарлау білім бағдарламаларының оқу жұмыстық жоспарларына сәйкес семестр бойынша жүргізіледі. Әр академиялық кезең соңында білім алушылар жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми жетекші/ғылыми кеңесшілерінің қатысуымен бітіртуші кафедраның мәжілісінде таныстырады.
70. Магистратурада оқитындардың ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстары, тәжірибелік-сынамалық жұмыстардан бөлек, өзіне бірінші оқу жылының соңында курстық жұмыс орындап, қорғау мен екінші оқу жылында магистрлік диссертация орындап, қорғауды қамтиды.
71. Докторантурада оқитындардың ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстары өзіне мыналарды қамтиды:
– оқудың 1 семестрі ішінде диссертация тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын орындауды;
– диссертация тақырыбы бойынша ғылыми жарияланым дайындауды;
– ғылыми ұйымдарда және/немесе тиісті саланың ұйымдарында немесе қызмет саласында, оның ішінде шетелдердегі ғылыми тағылымдаманы.
72. Магистратурадағы курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар университеттің тиісті нормативтік құжаттарымен айқындалады.
73. Магистрлік және докторлық диссертациялар қорғауға дейін плагиатқа міндетті түрде тексеруден өтеді.
Магистрлік диссертацияны (магистрлік жобаны) плагиатқа тексеруді «Антиплагиат» әмбебап жүйесі арқылы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жүргізеді.
Докторлық диссертацияның авторға және алу көзіне сілтемесіз біреуден алынғандарына тексеруді Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы жүргізеді.
74. Магистранттар мен докторанттар білім бағдарламаларын игеру уақыты ішінде диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми ұйымдарда және/немесе тиісті саланың ұйымдарында немесе қызмет саласында, оның ішінде шетелдерде ғылыми тағылымдамадан міндетті түрде өтуі тиіс.
Ғылыми тағылымдама бағдарламасы даярлау бағыты мен білім алушының ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстарының жеке жоспарына сәйкес жасалып, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректормен бекітіледі.
75. Білім алушы ғылыми тағылымдама қорытындылары туралы бітіртуші кафедра мәжілісіне есеп ұсынады.
76. Бітіртуші кафедралар әр оқу жылының соңында білім алушының ғылыми тағылымдамасының және шетелдік ғылыми кеңесшілердің жұмыстарының нәтижелілігіне талдау жасап, қажет болған жағдайда қажетті түзету шараларын жүргізеді.
77. Магистранттың зерттеу жұмыстарының нәтижелері мыналармен берілуі тиіс:
- диссертация тақырыбы бойынша ғылыми журналда немесе ғылыми-тәжірибелік (ғылыми-теориялық) және (бейіндік бағыттағы) конференция материалдарында кемінде бір жарияланыммен;
- диссертация тақырыбы бойынша ғылыми журналда немесе ғылыми-тәжірибелік (ғылыми-теориялық) және (ғылыми және практикалық бағыттағы) конференция материалдарында кемінде екі жарияланыммен.
78. Философия докторы (PhD), салалық доктор дәрежесіне ізденуге арналған диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелері диссертация қорғауға дейін диссертация тақырыбы бойынша кемінде 7 (жеті) жарияланыммен, оның ішінде кемінде 3 (үш) мақала – уәкілетті орган ұсынған ғылыми басылымдарда, 1 (бір) мақала – рецензияланатын халықаралық ғылыми журналда, 3 (үшеуі) - халықаралық конференция материалдарында, оның ішінде 1 (біреуі) – шетелдік конференция материалдарында жарияланады.
Рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдардағы мақалалар даярлық бағытына қарай есепке алынады, атап айтқанда:
Жаратылыстық ғылымдар, Техникалық ғылымдар мен технологиялар, Медицина, Ауылшаруашылық ғылымдары мамандықтарының тобы бойынша: Томсон Рейтер(WebofScience,ThomsonReuters) ақпараттық компаниясының нольдік емес импакт-факторы бар немесе Scopus, Pubmed, zbMath, MathScinet, Agris, Georef, Astrophysicaljournal мәліметтер базасына енетін басылымдарда;
Мамандықтардың қалған топтары үшін Томсон Рейтер (WebofScience,ThomsonReuters) ақпараттық компаниясының мәліметтер базасында нольдік емес импакт-факторы бар немесе индекстелетін басылымдарда немесе Scopus, JSTORE мәліметтер базасына енетін басылымдарда.
Осы базаларда индекстелу кезінде журналдардың ағымды номерлерінде жарияланған және көрсетілген базаларда жария етілген журналдың тақырыптық бағыттылығына сәйкес келетін мақалалар ескеріледі. Көрсетілген базаларда индекстелетін конференция материалдарындағы жарияланымдар халықаралық конференциялар материалдары ретінде ескеріледі.
79. Магистранттар мен докторанттардың ғылыми/әдістемелік жарияланымдарында қорғауға шығарылатын диссертациялық жұмыстың негізгі ережелері болуы тиіс.
80. Докторанттардың ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыстарының нәтижелерін аттестаттау PhD докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы бекітілген Ережеге сәйкес жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |