6.3. Магистранттар мен докторанттардың жеке жұмыс жоспарларын бекіту
43.Магистратураның/докторантураның білім бағдарламаларына оқитындар оқудың алғашқы 2 айында жеке жұмыс жоспарларын әзірлеп, бекітеді, ол келесі бөлімдерден тұрады:
– жеке жұмыс жоспары;
–ғылыми-зерттеушілік/сынамалық-зерттеушілік жұмыс (тақырыбы, зерттеу бағыты, есептілік мерзімідері мен түрлері);
– практика (бғдарлама, базасы, есептілік мерзімідері мен түрлері);
– диссертация тақырыбы, негіздемесімен және құрылымымен;
– диссертацияны орындау жоспары;
– ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалар жоспары, оның ішінде шетелдік.
44. Білім алушының жеке оқу жоспары (ЖОЖ) білім бағдарламасының оқу компонентін игеруге негіз қызметін атқарады. Жеке оқу жоспарында магистранттың/докторанттың жеке білім траекториясы көрініс табады. Қажет болған жағдайда ЖОЖ жыл сайын нақтыланады.
45. Білім алушының ЖОЖ-на енгізілетін кредиттердің максималды саны сәйкесінше ағымды семестр мен оқу жылына арналған жұмыстық оқу жоспарымен (ЖОЖ) белгіленген кредиттер санына сәйкес болуы тиіс.
46. Жеке оқу жоспарын білім алушы ғылыми жетекшісінің/кеңесшісінің жетекшілігімен жасайды, кафедра меңгерушісімен, факультет деканымен, жоо кейінгі білім басшысымен келісіліп, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректормен бекітіледі. Бекітілгеннен кейін бір данасы білім алушы қалады, екіншісі кафедраға беріледі.
47. Білім алушылар жеке оқу жоспарын жасауға және білім бағдарламасының жұмыстық оқу жоспарының талаптарына сәйкес оқыту курсын толық игеруге жауапкершілік арқалайды.
48. Білім алушылар білім бағдарламасының жұмыстық оқу жоспарының аясында және өзінің ғылыми жетекшісінің/ғылыми кеңесшілерінің келісімі арқылы теориялық оқытудың келесі семестрі басталғанға дейін, элективті пәндерге жазу жүргізу кезеңінде ЖОЖ өзгертуге құқылы.
49. Білім алушылармен қосымша оқуға қажеттілігін қанағаттандыру, академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықтарын жою мақсатында ұзақтығы 6 апта жазғы семестр ішінде оқу пәндерін игеруге, басқа жоо-да оқу пәндерін оқып, кредиттер игеруге, оларды Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-де міндетті түрде қайта есептеу арқылы, үлгерімінің орташа балын жоғарылатуға (GPA) рұқсат етіледі
Достарыңызбен бөлісу: |