Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48



бет26/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   189
3. Құрылымдық бөлімшелердегі
оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру тәртібі

Оқу-әдістемелік жұмыс университеттің факультеттері мен кафедраларды жүзеге асырылады.


Факультеттер мен кафедралар осы Ереже негізінде оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асырады.
Құрылымдық бөлімшелер мынадай оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асырады:
кафедралардың, факультеттердің оқу-әдістемелік жұмысына басшылық жасау;
-оқу-әдістемелік жұмыс бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды сараптау және оларға ғылыми-әдістемелік кеңестің қарауы үшін ұсынымдар беру;
- оқу-әдістемелік жұмыстың жай-күйін талдау және оларды жетілдіру жөніндегі ұсынымдамаларды пысықтау;
- оқу-әдістемелік өнімдердің жариялануына және таралуына талдау және ұсынымдама жасау.
Университеттің оқу-әдістемелік жұмысына оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректор тікелей басшылық жасайды.
Ұжымдық әдістемелік жұмыстың нысаны тәжірибелі мектептер, нұсқаулық-әдістемелік мәжілістер, семинарлар, дәрістер және конференциялар болып табылады.
Оқу-әдістемелік құжаттама университеттің тиісті құрылымдық бөлімшелерінде әзірленеді, кафедрада, академиялық кеңестерінде талқыланып, оң шешімге ие болған соң, университет ректорымен бекітіледі.
Университет кафедралары үлгілік оқу жоспарлары мен негізгі оқу бағдарламалары.
Университет кафедралары үлгілік оқу жоспарларына және білім беру бағдарламаларының негізгі оқу жоспарына сәйкес жұмыс оқу жоспарларын дайындайды, олар кафедрада, әдістемелік бюро мен факультеттің ғылыми кеңесімен қаралып, оң қорытындыны алғаннан кейін, университет ректорымен бекітіледі.
Пәндердің оқу-әдістемелік кешендері үлгілік және негізгі оқу бағдарламасына, пәндер каталогына сәйкес оқытушылармен әзірленеді және кафедраның әдістемелік кеңесінде, бағыт бойынша академиялық кеңесінде қаралып, факультет деканымен бекітіледі.
Әдістемелік нұсқаулықтар профессор-оқытушыларымен дайындалады. Кафедраның, факультеттің әдістемелік бюроның, университеттің ғылыми-әдістемелік кеңесімен бекітіледі.
Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру іс-шаралар кешенінен және ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысты қамтиды:
- оқу үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету (силлабус, бақылау-өлшемдік материалдар, СӨЖ және т.б.);
- білім алушылардың дәрісханалық және дәрісханадан тыс жұмысын жетілдіру;
- университеттің оқу жұмысының барлық түрлерін, нысандарын, әдістерін жақсарту.
Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы әр оқытушымен жеке жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады, кафедра меңгерушімен факультет деканымен үйлестіріледі және бақылау жүргізіледі.
Факультет деңгейіндегі оқу-әдістемелік жұмыс, оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша нормативті және оны әдістемелік қамтамасыз ететін құжаттарға сүйене отырып, бағыт бойынша академиялық кеңесімен үйлестіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет