Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48



бет40/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   189
5. Практика бағдарламасы
Кәсіптік практиканың бағдарламасы практика базалары ретінде айқындалған кәсіпорындарымен келісіледі оқу орнының басшысымен бекітіледі.
Кәсіптік практиканың бағдарламасы өз мазмұны бойынша мамандықтың бейінін, практика түрінің ерекшелігін, кәсіби стандарттардың және білім беру бағдарламасының талаптарын,ұйым қызметінің, технологиялық процестің және практика нысанының сипатын көрсетеді.
Кәсіптік практиканың бағдарламасы мерзімді жаңартылады және ғылым мен техниканың замануи жетістіктерін, практика базасында қолданылатын инновациялық технологияларды қамтып көрсетеді.
Кәсіптік практиканың бағдарламасын жаңарту және қайта бекіту тетігін оқу орны айқындайды.
Оқу практикасының бағдарламасы білім беру бағдарламасының талаптарына және мамандықтың бейініне сәйкес әзірленеді.
Тілдік практиканың бағдарламасында білім берудің деңгейлі моделі мен шет тілдерді меңгерудің және көптілді білім беру қағидаларының талаптарын есепке алу керек.
Педагогикалық практиканың бағдарламасы мамандықтың білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес әзірленеді және білім алушыларда кәсіби мағыналы машықтарды жасауға және мұғалім мен педагогтың педагогикалық құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.
Кәсіптік практиканың басқа түрлерінің бағдарламалары аталған мамандық бойынша мамандарды даярлайтын арнайы кафедралары әзірлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет