6. Практиканы ұйымдастыру және басқару Білім алушыларды кәсіптік практиканың барлық түрлеріне жіберу, өту мерзімдерін, практика базасы мен жетекшісін көрсете отырып, оқу орнынын оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректордың бұйрығымен рәсімделеді.
Бітіруші курстың жекелеген білім алушылары практикадан өту үшін Қызылорда қаласынан тыс кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерге, келешекте жұмыспен қамту жөніндегі немесе студентті практика орнымен қамтамасыз ету туралы сол ұйым немесе мекеме басшысының сұраныс-хатына сәйкес жолдануы мүмкін.
Білім алушылар практика өту барысында базалық кәсіпорында бұйрық арқылы бөлімшелерге бөлінеді.
Базалық кәсіпорын жетекшілері тікелей жұмыс орнында жоғары білікті және іскерлік қасиеті бар қызметкерлер арасынан тағайындалады. Практика нәтижесі бойынша білім алушы есебің дайындап кафедрадағы комиссия мүшелерінің алдында қорғайды.
Сырттай оқу нысандарында оқитын білім алушылар мамандық бойынша жұмыс істесе практикадан босатылады. Бұл жағдайда білім алушылар университетке жұмыс орнынан оның кәсіби қызметі туралы анықтама және мінездеме тапсырады.
Өз мамандығы бойынша жұмыс жасамайтын сырттай оқыту түрінде оқитын студенттер практикалардың барлық түрлеріне тандаған мамандығы бойынша жұмыс жағдайларымен танысуға және дипломдық жұмысқа (жобаға) қажетті материалдар жинауға бекітілген тәртіппен жіберіледі.
Бітіртуші кафедралар студент-практиканттарды және практика өтіліп жатқан кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерді практика бағдарламасымен қамтамасыз етеді. Практика басталғанға дейін бітіртуші кафедра нұсқаулық конференцияның өтілуін қамтамасыз етеді.
Практикаларды өткізу және ұйымдастыру жауапкершілігі бітіртуші кафедралар мен оқу үдерсін ұйымдастыру бөліміне, ал практикалардың өтілуін жалпы үйлестіру Академиялық мәселелер жөніндегі департаментке жүктеледі.