Пәндердің негізгі оқу бағдарламаларын әзірлеудің және рәсімдеудің ЕРЕЖЕЛЕРІ
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары бойынша пәндердің негізгі оқу бағдарламаларын әзірлеудің және рәсімдеудің Осы Ережесі университет профессор-оқытушыларына негізгі оқу бағдарламаларын дайындау барысында пайдалануға және мамандықтың бағыты бойынша Академиялық кеңестерге талдау жүргізу үшін әзірленген.
Негізгі оқу бағдарлама – мамандықтың кәсіби-білім бағдарламасының мамандануы негізінде дайындалатын, негізгі оқу жоспарының таңдау компоненттері бойынша пәндердің оқытылу көлемі мен реттілігін анықтайтын, игеруге қажетті негізгі білім, дағды, құзыреттіліктері аймағын және ұсынылатын әдебиеттерді белгілейтін құжат.
Пәндердің негізгі оқу бағдарламалары жұмыс берушінің сұраныстарына сай мәліметтер ағынын талдау негізінде, іс-тәжірибе негізінде өндіріске енген, ғылыми жаңалығы бар ғылыми зерттеулер, оқулықтар мен оқу құралдары негізінде әзірленеді және сараптаудан өтеді.
Пәндердің негізгі оқу бағдарламалары қазақ, орыс және ағылшын тілінде жасалады.
Пәндердің негізгі оқу бағдарламалары кафедраның ғылыми-әдістемелік семинарында талқыланып, сараптаудан өтеді және бағыт бойынша Академиялық кеңесінде қаралып, университеттің Ғылыми-әдістемелік кеңесінде бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |