Предмет: Лидерство к/о


Қазіргі кезде саяси жетекшілерді жіктеудің кең тараған түрін кім ұсынды?



бет4/33
Дата18.05.2020
өлшемі54,63 Kb.
#69519
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Лидерство вопросы

Қазіргі кезде саяси жетекшілерді жіктеудің кең тараған түрін кім ұсынды?

Дж. Херманн

Ол саяси топ бастаушыларды бейнесі (имиджі) бойынша былай жіктейді:

1) ту көтерер саяси жетекші. Оның өмірге өз көзқарасы, болашаққа болжамы бар және оған жету жолдарын да біледі. Ол өмірде болып жатқан окиғалардың сипатын жақсы түсінеді, оны өзгертудің жолын, қарқынын айқындайды. Мысалы, Үндістанда ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы болған Махатма Ганди, негрлердің азаматтық құкығы үшін күрескен Мартин Лютер Кинг, Иран халқының көсемі Аятолла Хомейни;

2) қызмет етуші топ бастар. Ол өзінің жолын қуушылардын мүддесін дәлме-дәл білдіре білудің арқасында құрметке бөленеді. Мысалы, Л. И. Брежнев, К. У. Черненко, Д. А. Конаевтар коммунистік партияның сондай өкілдері болатын;

3) саудагер топ бастар. Онын ерекшелігі — алдына қойған жоспарды іске асыруға соңына ергендердің бәрін жұмылдырып, сендіре білу қабілетінде. Мысалы, Американың 40-президенті Р. Рейган, Б. Н. Ельцин.

4) өрт сөндіруші топ бастар. Ол уакыттың талабына сай өз жақтастарының жинақтап қойған сауалына, қысылтаян жағдайларда шапшаң шешім тауып, жол көрсете алады. Мысалы, Д. Буш, Б. Клинтон, Я. Арафат.

Әрине, өмірде бұл көрсетілген төрт түрі теориядағыдай таза қалпында емес, көбіне аралас күйде кездеседі. Қызметті атқару тәсіліне қарай авторитарлық, және демократиялық жетекші деп бөлінеді. Авторитарлық жетекші өз жұмысында күш қолдануға сұйеніп, жалғыз өзі басқарғысы келеді. Демократиялық жетекші болса, алдағы мақсатты белгілегенде және оны іске асырғанда қасындағы адамдарды қатынастырып, олармен ақылдаса отырып шешеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет