Сипаттамасы; Иіс сезу мүшелері – адамның және жануарлардың иіс қабылдайтын органы.Иіс сезу мүшелері иіс сезу шұңқыршасын жауып жатқан иіс сезу клеткаларынан тұрады. Омыртқасыз жануарларда иіс сезу мүшелері эктодермадан дамиды және олардың әр жерінде жеке не топтанған клетка түрінде болады.
Сипаттамасы; Жұлынның ортасында өте тар тесігі — болады, ол орталық өзек деп аталады. Жұлынның көлденең кесіндісі сұр және ақ заттан түзілгені анық байқалады. Сұр зат жұлынның орталық бөлігіндегі өзекті қаптайды. Сұр зат қанатын жазған көбелекке ұқсас болады. Сұр дененің алға қарай шығып тұрған бөлігі — алдыңғы аша, ал артқы бөлігі артқы аша деп аталады.